В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет51/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65

118 
нәтижелерді  өндіріске  енгізу,  жаңа  технологиялар  жасау  жағына  келгенде 
тәжірибе  аз.  Осы  жағынан  тәжірибемен  Қазақстанда  инновациялық білім  беру 
және  инновациялық  инфрақұрылым  сәтті  дамуда,  жоғары  оқу  орындарында 
корпоративті  мәдениет  және  бәсекелестік  орта  қалыптасуда,  бизнес 
инкубаторлар мен студенттік-инженерлік зертханалар құрылып жұмыс жасауда 
деп  толық  сеніммен  айтуға  болмайды.  Бір  жағынан,  үлкен  үмітпен  бұл 
үдерістің қалыптасуына алғышарттар бар екендігін айтуға болады. 
Ұлттық  зертеу  университеті  статусын  иемдену  үшін  студент  жастардың 
зерттеу  әрекетін  дамыту  қажет,  өз  ғылыми  ойларын  қаржыландыруға  дейін 
жеткізгісі  келетін  шығармашыл  білім  алушылардан  құралған  бизнес-
инкубатордың  жұмысын  белсендіру  керек.  СҒЗЖ  және  МҒЗЖ  аясында 
жасалған  кез-келген  зерттеу  мен  гранттарды  ғылыми  ұжым  қаржылық  өнімді 
құру  мүмкіндігі  ретінде  қарастыру  қажет  және  өз  интеллектуалды  әлеуетін 
қолдана отырып нарықта кіріс таба бастау керек
.  
 
3.3 
Аграрлық саладағы  зерттеу  университеті студенттерін кәсіптік 
даярлаудың 
ғылыми-әдіснамалық 
негіздерін 
қалыптастыруға 
бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  студенттерін  ғылыми-
әдіснамалық  қамтамасыз  етудің  тиімділігін  анықтау  және  бағалау 
мақсатындағы  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс  бағдарламасы  негізгі  үш 
кезеңді 
қамтыды: 
анықтаушы, 
қалыптастырушы 
және 
бақылаушы. 
Эксперименттің негізгі мазмұны 10-кестеде қарастырылады.  
 
Кесте 10 – Тәжірибелік эксперименттік жұмыс құрылымы 
 
Анықтаушы эксперимент 
Зерттеу пәнінің бастапқы деңгейін анықтау; алынған нәтижелерді модельмен салыстыру 
Қалыптастырушы эксперимент 
Аграрлық саладағы зерттеу университеті студенттерін озық даярлау бағдарламасы 
№ 
Атауы 
Жүзеге асыру формасы 
Мазмұны 
1-кезең 
Бейімдеу  Аграрлық саладағы зерттеу 
университетінде мамандарды 
кәсіптік даярлауда 
педагогикалық зерттеулердің 
әдіснамасы және әдістері 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  уни 
верситетіндегі 
педагогикалық 
зерттеулер  және  зерттеулердегі 
әдістер  мен  әдіснамалар  туралы 
біліммен таныстыра отырып, бола 
шақ  маман  бойында  зерттеушілік 
құзыреттілікті 
қалыптастыруға 
бейімдеу 
2-кезең 
Қабылдау  «Зерттеу  университетінде маман 
дарды  озық  даярлаудың  теория 
сы  және  тәжірибесі»  элективті 
курсын апробациядан өткізу 
Зерттеушілік  дағдылармен  және 
әдіснамалық 
білімдермен 
қаруландыру 
3-кезең 
Қолдану 
«Зерттеу  университетінде  маман 
дарды  озық  даярлаудың  теория 
сы  және  тәжірибесі»  элективті 
курсының негізінде қалыптасқан 
Зерттеушілік  дағдыларды  шы 
найы  практикада  қолдану  (эссе 
жазу,  ғылыми  мақалажазу,  дип 
ломды жұмыс жазуға дайындалу) 


119 
дағдыларды практикада қолдану 
Бақылаушы эксперимент 
Зерттеу болжамын және ұсынылған әдістің қолайлылығын анықтау мақсатында 
қайта диагностикалау 
Ұсыныстар 
 
Қалыптастырушы эксперимент  зерттеу  университеті студенттерін кәсіптік 
даярлаудың  ғылыми-әдіснамалық  негіздерін  қалыптастыру  бағдарламасының 
кезеңдерін  және  мазмұнын  сипаттайды.  Қалыптастыру  кезеңі  үш  кезеңде 
жүзеге асады: бейімдеу, қабылдау және қолдану. 
Зерттеу  пәнінің бастапқы  деңгейін  анықтау  төменгі  кестеге  сәйкес  жүзеге 
асырылды (кесте 11). 
 


120 
 
 
Кесте 11 - Зерттеу пәнінің бастапқы деңгейін анықтау сызбасы
 
Бағдарлама  
бөлімдері 
Мазмұны 


Эксперимент 
орындаушысы 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 
кәсіптік білім беру кафедрасының докторанты Ташкенбаева Ж.М. 
Эксперименттің 
ғылыми кеңесшісі 
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіров А.М. 
Эксперименттің 
өзектілігі 
Агротехникалық 
университеттен 
аграрлық 
саладағы 
зерттеу 
университетіне  трансформациялану  қарсаңында  бәсекеге  қабілетті, 
өзгермелі  жағдайларға  тез  бейімделе  алатын  мамандарды  кәсіптік 
даярлаудың  ғылыми-әдіснамалық  негіздерін  қалыптастыру  мазмұны 
мен әдістерін анықтаудың маңыздылығы өте үлкен. 
Эксперименттің 
идеясы 
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды озық 
даярлау технологиясы зерттеушілік іс-әрекетке (қызметке) 
дайындығын сәтті қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Эксперименттің мәні  Аграрлық саладағы зерттеу университеті жұмыс жасау үдерісіне әсер 
етуші  ішкі  факторларды  анықтау  мақсатында  зерттеу  жұмыстары 
жүргізілді. Зерттеу университетінде тұлғаны қалыптастыру және кәсіп 
тік  даярлау  үдерісінде  маңызды  нәтижелерді  анықтауға  байланысты 
зерттеулер жүргізу. Зерттеу университетінде студенттерге тиімді білім 
алуға  әсер  ететін  негізгі  факторларды  анықтауға  талпыныстар 
жасалынды. 
Эксперименттің 
нысаны 
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде студенттерді кәсіптік 
даярлау. 
Эксперименттің пәні  Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды озық 
даярлау технологиясы. 
Эксперименттің 
мақсаты 
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік 
даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерінің теориялық моделі мен 
технологиясын тәжірибеден өткізу. 
Міндеттері 
1. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  студенттеріне  тиімді 
білім алуға әсер ететін негізгі факторларды анықтау. 
2. 
Аграрлық саладағы зерттеу университетіне трансфармациялану 
қарсаңында студенттердің мотивациясын анықтау. 
3. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  озық  білім  беру 
технологиясы  негізінде  зерттеушілік  құзыреттілікті  дамытудың  ең 
нәтижелі шарттары мен технология әлеуетін нақтылау. 
4. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  студенттерінің 
зерттеушілік  құзыреттілігін  дамыту  бойынша  ғылыми-тәжірибелік 
нұсқаулар жасау. 
Болжамы 
Егер аграрлық саладағы зерттеу университеті студенттерінің Кәсіптік 
даярлығын  олардың  озық  білім  беру  технологиялары  арқылы 
зерттеушілік  құзыреттілігін  дамытуға  бағыттаса,  онда  олардың  іс-
әрекеті қарқындалады, өйткені оларда Кәсіптік-зерттеушілік  


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау