121
11- кесте жалғасы
1
2
міндеттерді шешудегі субъектілік пен өзінің кәсіптік-зерттеушілік іс-
әрекетін тұжырымдай алу білігі қалыптасады.
Диагностикалық
құралдар
Мотивациялық-дербестік өлшемдері:
- А. Пакулина мен С.М. Кетьконың сауалнамасының өңделген
нұсқасы
«Аграрлық
саладағы
зерттеу
университетіне
трансформациялану қарсаңында студенттерінің оқуға мотивтерін
анықтау» (Қосымша Ә);
- «Аграрлық
саладағы зерттеу
университеті студенттерінің
зерттеушілік іс-әрекетке қатынасы» сауалнамасы (Авторлық)
(Қосымша Б);
Когнитивті-интеллектуалдық өлшемдері:
-
Кәсіптік
іс-әрекетке
студенттердің
теориялық-әдіснамалық
даярлығын өзіндік бағалау әдістемесі қолданылды (Ю.В. Рындина
әдістемесінің өңделген нұсқасы) (Қосымша В);
-
«Студенттердің зерттеушілік біліктер мен дағдыларын игеру
деңгейін бағалау» сауалнамасы (Авторлық) (Қосымша Г);
Креативті-рефлексиялық өлшемдері:
-
А.В.
Карповтың
«Рефлексивтіліктің
даму
деңгейін
диагностикалау» тесті (Қосымша Д).
Күтілетін
нәтижелерді бағалау
көрсеткіштері
-
Зерттеушілік әрекетке оң қатынасындағы ішкі мотивтердің
айқындығы;
-
зерттеушілік әрекет туралы білім жүйесінің болуы;
-
ҒЗЖ жүзеге асыруғаикемделу;
-
өз шешімін қазақ және ағылшын тілдерінде негіздеу, дәлелдеу,
талқылай алу, ойын жазу арқылы жеткізу қабілеттерінің болуы;
-
аналитикалық және ғылыми-зерттеушілік дағдыларының болуы;
-
өзін зерттеушілік әрекеттің субъектісі ретінде сезіну;
-
зерттеушілік тапсырмаларды шешудегі қабілеттілік;
-
өзбетімен ҒЗЖ орындаудағы қабілеттілік.
Эксперименттің
кезеңдері мен мерзімі
Эксперимент теориялық негіздемелері 2016 жылдың
қыркүйегінен 2017 жылдың тамыз айлары арасында жүргізілді.
Эксперимент 2017 жылдың 11 қыркүйегінен басталып 2018
жылдың 20 ақпаны аралығында жүргізілді.
Мүмкін болатын
жағымсыз салдарды
болжау
Әдістемелік құжаттарды дайындау уақытының көбеюі.
122
11 –кесте жалғасы
Мүмкін болатын
жағымсыз салдарды
түзету, өтеу тәсілдері
Болашақ мамандарға өзіндік ұйымдастыру дағдыларын
жетілдіру.
Оң нәтижелер
болжамы
1. Аграрлық саладағы зерттеу университеті студенттеріне өз
мамандақтары бойынша зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі
туралыбілімі.
2. Заманауи өзгермелі жағдайларда кәсіптік міндеттерді шешу
дағдыларынигеру.
3. Аграрлық саладағы зерттеу университеті студенттерінде өмір
бойғы білім алу, кәсіптік құзыреттілігін ұдайы дамыту қажеттілігін
ұғынуы.
4. Аграрлық саладағы зерттеу университеті студенттерінде өзіндік
білім алу технологияларын игеру.
Экспериментке
қатысушылар құрамы
Зерттеуге
С.Сейфуллин
атындағы
Қазақ
агротехникалық
университеті 5В012000 - Кәсіптік білім беру мамандығыжәне Қ.И.
Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің
5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығы 1,3 курс студенттері қатысты.
Эксперимент базасы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу
университеті
Эксперименттің типі Жоғары оқу орны ішілік, педагогикалық эксперимент.
Эксперименттің
дәрежесі
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияны дайындау аясында.
Жаппай тәжірибеге
экспериментатордың
нәтижелерін ұсыну
формасы
«Зерттеу университетінде мамандарды озық даярлаудың теориясы
мен технологиясы» элективті курсының бағдарламасы, мақалалары,
диссертация бөлімі, ұсыныстар.
Эксперименттің
ғылыми- әдіснамалық
қамтамасыз етілуі
1. Тәжірибелік-эксперименттің жұмысбағдарламасы
2. «Зерттеу университетеінде мамамандарды озық даярлаудың
теориясы мен тәжірибесі» оқу әдістемелік құралы
3. Диагностикалық құралдар
4. Элективті курстың дәрістері
Диагностиканы іске асырудың технологиясы үш кезеңін қамтиды: (1)
дайындау кезеңі, (2) міндетті диагностика кезеңі, (3) мәліметтерді өңдеу кезеңі.
Зерттеуге С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
5В012000 - кәсіптік білім берумамандығы 1, 3 курсстуденттері және Қ.И.
Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 5В012000
-Кәсіптік оқыту мамандығы 1, 3 курс студенттері қатысты. Сауалнамаға
қатысқан респонденттердің саны 94 адам, орташа жасы 18,5 жасты құрады.
Респонденттердің гендерлік құрылымы келесі пайыздық қатынаста көрсетілген:
сұралған респонденттердің 69 %-ы әйел жынысты, 31 %-ы ер жынысты.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау
үдерісінінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында жасалған анықтаушы
тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс бағдарламасын практикалық зерттеуді
орындау аясында диагностикалаудың педагогикалық технологиялары жасалды.
123
Зерттеу 2017 жылдың 11-қыркүйек 2018 жылдың 20-ақпан аралығында
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде және Қ.И.
Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде
жүргізілді.
Зерттеу университетінде тұлғаны қалыптастыру және кәсіптік даярлау
үдерісінде
маңызды
нәтижелердің
алғашқы
күйін
диагностикалау
қалыптастыру кезеңін университеттік білім беру жүйесінде мамандарды
даярлау кезеңдері мен дамыту формалары мен әдістерін дұрыс іріктеуге
мүмкіндік береді.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың
ғылыми-әдіснамалық
негіздерінің
мотивациалық-дербестік
компонентін диагностикалауда келесідей әдістемелер пайдаланылды:
а) А. Пакулина мен С.М. Кетьконың сауалнамасының өңделген нұсқасы
«аграрлық саладағы зерттеу университетіне трансформациялану қарсаңында
студенттерінің оқуға мотивтерін анықтау»;
ә) «Зерттеу университеті студенттерінің зерттеушілік құзыреттілікке
қатынасы» сауалнамасы Н.А. Шамельханова сауалнамасының өңделген
нұсқасы;
б) «Зерттеу университеті студенттерінің зерттеушілік іс-әрекетке
құндылықты қатынасы» сауалнамасы (авторлық).
Аграрлық саладағы зерттеу университеті студенттерінің іс-әрекеті олардың
кәсіптік қалыптасу шарты ретінде қарастырылады; іс-әрекеттің қозғаушы күші
ретінде болашақ мамандардың мотивтері көрінеді. Сауалнаманың мәліметтері
көрсетіліп, солардың негізінде аграрлық саладағы зерттеу университеті жұмыс
жасау үдерісіне әсер етуші факторлар анықталып, студенттердің оқуға деген
мотивациясы, студенттердің зерттеушілік іс-әрекетке қатынасы және
зерттеушілік біліктерді игерудің деңгейі айқындалады. Олардың жиынтығы
аграрлық
саладағы
зерттеу
университетінде
мамандарды
даярлау
әдіснамасының қалыптасуының алғашқы күйін анықтауға мүмкіндік береді.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды-кәсіптік даярлау
үдерісінің маңызды шарттарының бірі жағымды мотивация болып табылады.
Мотивация іс-әрекеттің кез-келген түрін жүзеге асыруға ынталандырудың,
тұлға белсенділігінің жетекші факторы болып табылады. Жиі, білім беру
жүйесіндегі субъектілердің тиімді өзара әрекеттестігі олардың мотивациясын
ескерусіз мүмкін емес, өйткені бірдей әрекеттер негізінде әртүрлі себептер
жатуы мүмкін, әрекеттердің қозғаушы көздері әртүрлі сыртқы және ішкі
факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Зерттеушілік құзыреттілікті диагностикалаудың мотивациялық-дербестік
компонент өлшемдері келесі әдістемелер жиынтығымен анықталды:
а) А. Пакулина мен С.М. Кетьконың «Аграрлық саладағы зерттеу
университетіне трансформациялану қарсаңында 1 курс студенттерінің оқуға
мотивтерін анықтау» сауалнамасының нәтижесі 12- кестеде көрсетілген.
Кесте 12 - «1 курс студенттерінің оқуға мотивтерін анықтау» сауалнамасының
нәтижесі
Достарыңызбен бөлісу: |