261
тілінде «азаптайтын темір тор, темір үй» мағынасында кездеседі.
Өте сирек қолданылған ескіліктің бірі. Түсіндірме сөздіктерде әлек
сөзінің біз көрсетіп отырған мағынасы берілмеген.
«Темір тор» мағынасындағы әлек сөзі ескі жырлардың өзінде
де сирек кездеседі. Алпамыстың Байшұбары сияқты өте күшті асау
жылқы болмаса, жалпы ат атаулыны темір торға қамамай-ақ ұстауға
болатыны белгілі, сондықтан ат қамайтын «түрмелерді» қазақтар
біле бермеуі де мүмкін.
Тұтқын болғаннан кейін оны босанып қашып кетпейтіндей етіп
ұстайтын амал-шаралардың болатыны белгілі. Қазақ қауымында
бұларды атайтын сөздер де ескіліктер қатарынан табылады. Олар да
мағыналары күңгірт тартқан, бұл күнде қолданыстан ығысқан сөздер
болып келеді. Солардың бірі – ақбұрғы.
Ақбұрғы. Тұтқынның мойнына салынатын кісен.
Ақбұрғылап мойнына кісен салып,
Апарып темір үйге бөлек бағар («Арқалық батыр»).
Ақбұрғы, сірә, ағаштан жасалатын болу керек. «Арқалық батыр»
жырының екінші бір жерінде: «Ақ кісен, қол – шеге, мойнында –
ағаш» деген жолдар бар. 2006 жылға дейінгі сөздіктерде бұл атау
тіркелмеген. 2006 жылғы қазақ әдеби тілінің 15 томдық түсіндірме
сөздігіне біз қостық. Ақбұрғы қазақтың ертеректегі өмірін суреттеген
өлең-жырлырда ғана сақталған. Сыртқы жаулармен жер үшін, елдік
үшін соғысып өткен қазақ халқының тілінде ұрыс-шайқас кезінде
тұтқынға түсу не тұтқын алу сияқты қарекеттерге қатысты сөздер
мен тіркестер аз болмаған. Соңғы ғасырларда (XIX-XX) ұмыт болған
бұл сөздер өлең-жырларда сақталған ескіліктердің бірі саналады.
«Алпамыс батыр» жырында қолжіп, бәзір деген сөздер – аяқ-қолды
байлайтын тұсаулар атауы бар:
Бір шіренгенде ақырын
Үзілді қолжіп танабы.
Босанған соң екі қол
Аяқтың бәзірін алады.
Бұлар да қазақ, қырғыз сөздіктерінде тіркелмеген. Қолжіпті
құрамындағы сөздердің жеке мағыналарына қарап түсінуге болады:
қолжіп – қолды байлайтын жіп, ал бәзір-ді әзірге таба алмадық.
Алаулау. Ұзақ тарих жолында елін, жерін, ата мекенін қорғап
не жаңа қоныстарды іздеп ұрыс-соғыспен өмірі ат үстінде өткен
бабаларымыздың тілінде, оның әсемдік әлемі өлең-жырларында,
әсіресе ерлік эпостарында ұрыс-соғысқа қатысты сөздер аз болмаған
сияқты. Осы күнгі соғыс деген атауға қатысы бар алаулау, тоғыс/
тоқұш/тоғысу, ойнау деген жарыспалы қатарлары болған.
262
Тәңір оңғарса жолымды,
Алаулаған қалмақтан
Кегімді барып алармын, – дейді Қобыланды батыр.
Күні кешегі Махамбеттің өзі:
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап, – деп толғайды.
Бұл мысалдардағы алаулау – «соғысу, ұрысқа шығу». Сәл
ілгеріректегі мектеп оқулығында батырлар жырлары мен Махамбет
өлеңінде кездесетін алаулау етістігі «күйіп-жану» деп түсіндіріліпті.
Әрине, бұл – мүлде қате түсінік.
Тоғысу. Шоқан жинаған «Едіге» жырында:
Тоқсан баулы ақ көбе
Тоғысқан жерде кигенмін, – деген жолдардағы тоғысу етістігі
қазақ тілінде бұл күнде осы жердегі мағынасында қолданылмайды.
Тоғысу сөзінің мұндағы мағынасы – «соғысу, ұрыста айқасу». Сөз
түбірі – тоқы (тоқу) етістігі көне түркі тілдерінде «сражение»
(«ұрысу, соғысу»). Бұл етістік XVI ғасырдағы қазақ мәдениетінің жаз-
ба ескерткіші – Қадырғали бидің «Жами’ ат-тауарих» атты еңбегінде
жиі қолданылған. Бұл сөз көне түркі тілдерінде «бить, ударять,
стучать» мағынасын білдірген. Бүгінгі қазақ тіліндегі тоқайласу,
тоқылдақ (құс), тоқпақ (құрал) сөздерінің семантикасы осы көне
тоқы- (тоқу) етістігіне алып барады. Тоқуш/тоғысу тұлғаларының
бір қатарда тұруы – кәнігі құбылыс. Бұл көне сөз осы мағынада
қазақтың өзге жырларында да кездеседі:
Қыз Назымға таласып,
Екі батыр соғысты.
Бұлт шайнап, мұз бүркіп
Үркер мен айдай тоғысты («Қамбар батыр), –
дегенде де Үркер мен Айдың бір қатарға келіп, айқасуына теңеп
айтылған «соғысу» мағынасында келіп тұр.
Тоғысу етістігінің қазіргі қолданыстағы мағынасы: «1) әр та-
раптан келіп бір-бірімен түйісу, тоқайласу; 2) бірге жиналу, бас қосу,
кездесу» (ҚТТС. - 9-т., 1986, 157-бет).
Қадырғали бидің «Жылнамасынан» тоқушмақ (тоғысу) етістігін
кездестіреміз: «[Чингиз хан] ол йыл Бұйрұқ ханға тоқушмаққа ат-
ланды». Тоқыс, тоқысу/тоғыс/тоғысу тұлғалары осы көрсетілген
мағынада сирек болса да, қазақ жырларында да бар:
Бас боп өзі Қараман
Қыздырды қырғын соғысты.
Екі жақтың әскері
Жігермен қайта тоғысты («Төрехан батыр»).
263
Тоғысу етістігі – бетпе-бет келу деген мағынада қазақ жырларын-
да бейнелі қолданыс:
Тоғалай салды соғысты,
Қызылқұмның ішінде
Екі батыр тоғысты («Едіге», Мұрын жырау нұсқасы).
Екі батыр соғысты,
Бұлт шайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай тоғысты («Қамбар батыр»).
Бұл жерде тоғысу – «бетпе-бет келу, қарсы келу» деген поэтика-
лық сөз үлгісі. Қазіргі қазақ тілінде «соғыс» мағынасындағы тоғыс
зат есімі сөздіктерде тіркелмепті, демек, жоқ. Ал тоғысу етістігі бұл
күнде: «1) әр тараптан келіп бір-бірімен түйісу, тоқайласу; 2) бір жер-
ге жиналу, бас қосу, кездесу» деп түсіндіріледі (ҚТТС. - 9-т., 1986).
Сөйтіп, алау, тоғыс және осылардан жасалған алаулау, тоғысу
етістіктерін қазіргі нормадағы соғыс, соғысу сөздерінің ескі
эквиваленттері деп тану керек.
Бір қызығы – қазіргі ноғай тілінде соғыс/соғысу сөздері – кітаби
сөз, ал «соғыс» мағынасында әдеби нормада қауға сөзі қолданылады
екен (Ногайско-русский словарь. - М., 1963), соғыс варианты
«төбелесу, жағаласу, ұрысу» дегенді білдіреді. Сан ғасырлар бойы
елін, жерін қорғау, тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу жолында өмірін ат
үстінде ұрыс-соғыста өткізген қазақ халқының сөздік қазынасында
«соғысу, ұрысу, айқасу» мағынасында қолданылып келген синоним-
дер қатары едәуір. Солардың бірі – ескірген тоғысу сөзі болса, осы
қатардағы ойнау етістігі де семантикалық ескіліктердің бірінен сана-
лады:
Екпіні қатты жас бала
Құлдарменен ойнады («Ер Сайын»).
Бұл жердегі ойнау сөзінің мағынасы – «айқасу, соғысу», мұны осы
жырдың келесі жолдары дәлелдей түседі:
Өзгесін қырып салды да,
Отызын жаяу айдады.
Әрине, бұл жердегі ойнау – балалардың ойнауы емес, нағыз
соғысу, ұрысу.
Жаугершілік тақырыбына жататын ескі сөздердің тағы біреуі
алапа сөзі. Алапа – бұл күнде қазақ тілінде әртүрлі мағынада
кездесетін ескі сөз. Бұл сөз әсіресе жергілікті ерекшелік ретінде жақсы
сақталған. Қазақстан мен Ресей жерінің 6 өңірінде 6 түрлі мағынада
қолданылатын диалектизм болып тіркелген. Атырау, Маңғыстау,
Орынбор өңірлерінде «олжа, пайда, табыс», Түрікмен, Қарақалпақ,
Түркия қазақтары мен Маңғыстау өңірі тұрғындарының тілінде
Достарыңызбен бөлісу: |