281
дәлелдесе, П.М.Мелиоранский араб, парсы сөздері адам танығысыз
болып қате жазылған дейді. Сірә, біздіңше, екі ғалым да сәл ағаттау
пікір айтқан сияқты. Мұнда әулие, әулиелік қылу, жұпар, ғажайып,
күнәкар, күнә, ақыл ойлады, некелеп алды, аспан, шаһар, молда, сәлем,
һәм, қабыл алды, бейдамақ, кәуір, ділда, Алла, фархал, Аллаң жар
болсын, инану, салтанат, дүлдүл, дәурен, қаһар, арыз қылып айту,
өкпе пәни сөз, кәмәр, иман, күнәйім, пәк болу, дост сияқты ондаған
араб, парсы сөзі жеке де, тіркес құрап та қолданылған. Шоқан, сірә,
бұларды қазақ тіліне әбден енген кірме бірліктер деп санаған бо-
лар. Ал, шынында, Шоқан жаздырып алған «Едіге» жырында халық
(сөйлеу) тілінде қолданылмайтын, көбінесе дерексіз (абстракт) ұғым
атаулары немесе сын есім, үстеу болып келетін, сондай-ақ күрделі
етістік жасайтын араб пен парсы сөздері мұнда жоққа тән. Ал проф.
П.М.Мелиоранскийдің «Едіге жыр» мәтініндегі бірді-екілі ғана
кездесетін араб, парсы сөздері әбден өзгертіліп бұзылып жазылған
дегенінің де себебі бар. Жоғарыда көрсетілген арабизмдер мен фар-
сизмдер қазақша дұрыс жазылған, ал бірді-екілі мүлде танығысыз бо-
лып кеткен сөздер болса, олар да бөгде тілдік сөздерді ауызша игеру-
де дыбыстық тұлғалары едәуір өзгеріп кететіндігі – заңды құбылыс.
Ғалымның бұларды бұзылып, қате жазылған деп отырғаны тағы да
түсінікті: ертеден, тіпті XX ғасырдың 10-20-жылдарына дейін қазақ
жазба тәжірибесінде араб пен парсы сөздерін түпнұсқадағы қалпында
жазу емле нормасы ретінде орын алып келгені мәлім. Сондықтан
XIX ғасырдың 40-жылдарында жазылған дүниеде шығыс тілдері
сөздерінің «қазақша» жазылғанын П.М.Мелиоранский нормадан
ауытқу, орфограммалық жөнсіздік деп таныса керек.
Шоқан дайындаған (жазып алған, аудармасын жасаған) қолжаз-
баны сөз ете отырып және бір пікірімізді баса айтқымыз келеді.
Қазақ даласында өлең-жырлар көбіне-көп ауызша тарап, ауыз-
ша жырлау арқылы сақталды дейміз. Әсіресе көлемі шағын өлең-
жырлардың ауызша тарап, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырғанына
күмән жоқ. «Ауызша баспаның» өз мектебі, өз тәртібі болған, мұны
ақын-жыраулар шығармашылығы мен өмірбаяндарын сөз еткен
әдебиеттанушылардың көбі көрсетеді. Ал сонымен қатар батырлар
жырлары, лиро-эпостар сияқты ұзақ туындылардың, әсіресе қара
сөз бөліктері араласып келгендерінің қолжазба түрінде таралып,
сақталуы сирек болса да орын алып келген сияқты деген пікірлерді
мейлінше қостаймыз. Мұның бірден-бір дәлелін Шоқанның «Едіге»
жырынан» таба аламыз.
Алдымен, «Едіге» – ноғайлық кезеңнің туындысы, ноғай жұртында
туған жыр. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл жыр Алтын Орда
282
құрамында болған бірнеше ру-тайпа одақтарын құраған ноғай, қазақ,
қарақалпақ, өзбек, Қырым татарлары сияқты халықтардың мәдени
дүниесінде сақталып келген. Бұлардың ішінде бір-біріне жақын
әсіресе ноғай, қазақ тілдеріндегі жыр мәтіндерінің ортақ ұқсас
тұстары баршылық. Жырдың әрбір нұсқасында кездесетін оқиға
желісі бар, ол – Едігені кері қайт деп келгендегі Кең Жанбайдың сөзі
мен оған Едігенің жауабы немесе Тоқтамыстың елімен қоштасқан
монологінде дұшпанның туырлығын тілгілеп тоқым ету, керегесін
кескілеп отын ету, Қаныкей мен Тінікейдей қыздарын ат көтіне
міндіру сияқты стереотип блоктар мен поэтикалық образдар осыны
дәлелдейді. Бұлардың ішінде әсіресе жиі келіп отыратын Ормамбет
би өлгенде, он сан ноғай бүлгенде деген штамп жырдың ноғайлы
жұртында туғанын, бұл одақ ыдырап, одан бөлініп «қазақ шығып
кеткен», яғни Тоқтамыс хан алдыртқан үш жүз алпыс отау» қазақтар
жырды өздерімен бірге алып кеткені жоғарыда айтылды. XV ғасырда
«он сан ноғайлар» жырлаған жыр әлі таза қазақшаланып үлгермегені
байқалады және ол тек ауызша емес, қолжазба түрінде хатқа да түссе
керек. Сондықтан Шоқанға XIX ғасырдың орта тұсында жырды
жеткізген қазақтар қоғалы көл төгерек (дөңгелек), төбедегі қоңғыр
(қоңыр) қаз, алғаштан (әуелгі), бергештен (кейін), жақын жет-
кеш (жеткесін), сөзлесті (сөйлесті), нешік (қайтіп, неліктен), екің де
үйден шық деді (екеуің де) сияқты ноғайлық сөздерді жақша ішінде
көрсетілген қазақша эквиваленттерімен жырламаған (не жазып бер-
меген) болар іді. Сондай-ақ жоғарыда біз көрсеткен андын/андан соң,
кеттілер, оларға сияқты морфологиялық тұлғаларды одан соң, олар
кетті, оларға деген сияқты ХІХ ғасыр қазағының тіліне «аударып»
айтулары (жырлаулары) әбден мүмкін де, дұрыс та болған болар еді.
Бірақ жыр мәтінін жинап берген қазақтардың «ноғай» сөздері мен
морфологиялық тұлғалардан кете алмай отырғандары – қолдарында
жырдың жазбаша (қолжазба) түрінде де болғанын көрсетеді.
Бұндай көшірме қолжазбалар XIX ғасырдың орта тұсына дейін
де (әрине, бұдан кейінде) сақталып отырғанын бүгінгі күн біз талдап
отырған жыр нұсқасы көрсетіп тұр.
Г.Н.Потанин «Едіге» жырының Шоқанның қолына тиген үш
нұсқасының (қолжазбасының) біреуі қазақша, екеуі ноғайша нұсқалар
болған болар деп топшылаған екен. Ноғай тіліндегі жыр нұсқасы Қазан
татарларынан жазылып алынған болар дейді. Ал Шоқан мұрасын
кейінгі кездерде жариялаушылар (Ә.Марғұлан, О.Нұрмағамбетова)
бұл болжам – дұрыс емес, Шоқан «Едіге» жырының үш нұсқасын да
Қазақ жерінде жаздырып алды дейді (Ч.Ч.Валиханов Собрание со-
чинений в пяти томах. - Т. IV. - Алма-Ата, 1968. - С. 493) «Едіге»