267
Бұл жыр жолдарындағы барым сөзін тәуелдік жалғаулы бар сөзі
екен деп қаламыз, оған алдыңғы жолдағы шәрім (шаһарым) деген
I жақ тәуелдік тұлға әсер етіп тұрады. О бастан эпосты шығарған
жыраудың сөзі барым дегеннің «мал» және «мүлік», яғни «мал-
мүлік» деген нақты заттық мағынасын біліп қолданған. Келе-келе
барым тұлғасының заттық мағынасы көмескіленіп, қолымда бар за-
тымды (ол кез үшін батырдың байлығы «малы» мен «мүлкі» болды
ғой) талап алды немесе қолымда не бар, соны патшадан аямаймын
деп тұр. Сөйтіп, барым деген туынды зат есім бар деген модальдық
тұлғамен ауыстырылып қолданылып кеткен. Дегенмен бар сөзінің
заттандырып қолданылғанын оның көптік жалғауымен берілгендігі
көрсетеді:
Қатардағы нарларың,
Қазынадағы барларың,
Тәңірі берсе – менікі («Алпамыс батыр»).
«Мал» мағынасындағы бар[ым]сөзі бар-мал[ым] түрінде
плеонастық (бір мағынадағы екі сөз) қос сөзді де жасаған.
Жедел. «Төрехан батыр» жырында екі-үш рет
жедел сөзі кездеседі:
Жеделіңнен таймайсың,
Жаратпаймын түріңді.
Төрехан бөтен кісі емес,
Мен үшін таста жеделің.
Бұл – «жанжал, ұрыс-керіс» мағынасындағы парсы сөзі. Сірә,
түркі тілдеріне ертеде енген сөз болу керек. Бұл сөзді қазірде омо-
нимдер құрайтын тұлға деп таныған жөн. Қазіргі қазақ тілінде же-
дел «тез, жылдам, асығыс» деген мағынада жұмсалады: жедел жа-
уап берді, жедел жүріп келеді. Ертедегі жырлардың өзінде «ұрыс-
керіс, жанжал» мағынасындағы жедел омонимі сирек кездеседі, бұл
күнде осы мағынада мүлде жұмсалмайды деуге болады, демек, ол –
лексикалық ескіліктің бірі болып танылады.
Айбарақ. Қазақстанның батыс өңірінде ертерек кезеңдерде жасап
өткен ақын-жыраулар тілінде:
Алпыс басты ақ орда,
Айбарағын асырып.
Төскейге тігер күн қайда? – деген жолдар бар («Ер Қармыс» //
Жыр-дария. - Алматы, 1995. - 92-бет).
Бұл жыр жолдарындағы айбарақ тұлғасының мағынасын кон-
текске қарап «айбын, айбар» деп топшылауға болады. Қазақ тілінің
соңғы (2006 жылғы) түсіндірме сөздігінде айбар сөзін осылайша
түсіндіріпті, ал айбарақ сөзіне «қоқан-лоқы болса» деген түсінік
беріліп, мысалдар қазіргі жазушылардан келтіріліпті. Бұл түбірден
жасалған айбарақтау етістігіне «әйгілеу, елге көз қылу, паш ету»
268
деп түсінік береді. Демек, айбарақ пен айбарақтау – екеуі екі сөз
(түбірлес емес) болып шығады. Біз талдап отырған мәтіндегі айбарақ
мағынасы «айбын, айбат» дегенге жуық. Айбарақ жергілікті сөз
ретінде де тіркеліпті, ол Қызылорда, Арал тұрғындарының тілінде
«алдау, өтірік дәлел келтіру» деген мағынада қолданылады екен.
Батыс өңірлерде жасап өткен ақын-жыраулардың қолданысында
айбарақ-тың мағынасы бұған келмейді.
Сөз қолданыста ноғайлы дәуіріндегі әдебиетке жақын келетін
Қазақстанның батыс өңірлерінде жасаған ақын-жыраулар бұл сөзді
ескі (ұмыт болған) бірлік ретінде ауызға алулары мүмкін. Ноғай-
орыс тілінің сөздігінде айбар сөзі «үйдің терезесіне, карнизіне не-
месе ағаштан жасалған үй жиһазына оймыштап салынған өрнек»
деп көрсетілген. Алпыс басты ақ орданың да карниздері (үзіктері)
оймышталған болуы мүмкін және айбар сөзін айбарақ деп айтудың
да орын алуы әбден ықтимал (-ақ/-ек/, -ық/-ік жұрнағы құрал-
жабдық, жиһаз, киім-кешек т.б. сияқты тұрмыстық лексикада жиі
қолданылатын аффикс екенін ескерсек). Осылай деп түсінсек, «әсем
өрнектерін [өзге үйлерден] асырып [көрсетіп] ақ үйді төскейге тігер ме
екенбіз» деген тілек толғау жолдарын оқимыз. Мысалдарды көбірек
іздеу керек. Дегенмен айбарақ, айбарағын асыру қолданыстары
ертеректегі өлең-жырларда ескі бірліктердің қатарынан көрінеді деп
айтуға болады.
Кезеген. Созаған. Бұл сөздер «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр»
жырларында кездеседі.
Кезегендей қалады,
Созағандай алады («Ер Тарғын»).
Кезегендей кезеді,
Созағандай созады («Қобыланды батыр»).
Бірақ кезеген, созаған есімдері тіркескен етістіктерде айырма-
шылық бар. Есім сөздің мағынасын өзі тіркескен етістіктен түсініп
тануға болатыны белгілі. Сірә, кезегендей кезеді, созағандай соза-
ды дегенге қарағанда,
кезеген, созаған сөздері
көреген, қашаған,
жатаған деген сияқты етістік түбіріне
-е+ген/-а+ған жұрнақтары
жалғанып, сол қимылдың тәндігін білдіретін сөз болуы мүмкін,
көреген – «көре білетін, көргіш»,
созаған – «созғыш (айталық, садақ
оғын жақсы созатын), кезеген – «садақты, оқты кезеп атқыш» де-
ген сияқты мәнді білдіреді деп топшылауға болар ма еді? Сірә, бұл
тіркестер – өте ертеден келе жатқан көркем шаблондар болуы да
мүмкін. Заман өте қолданысы сиреп, мағынасы күңгірттене келіп,
өзге етістіктермен ауысып, «Ер Тарғын» жырындағыдай «кезегендей
қалады, созағандай
алады» болып өзгеріп кетуі де мүмкін. Қайткен
күнде де, созаған мен кезеген – ескі тұлғалар. Әрине, бұл сөздердің