“Ата ананың алақаны-балаға саялы бақ” (тренинг) №275 орта мектебінің өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Таубаева Алпеш



жүктеу 0,93 Mb.
Дата09.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#31920
тренинг

“Ата - ананың алақаны-балаға саялы бақ” (тренинг)

№275 орта мектебінің өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Таубаева Алпеш

Мақсаты

  • Баламен шынайы, риясыз қарым –қатынас жасауға ой салу;
  • Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына
  • ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
  • Ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Жоспары

  • І.Кіріспе
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • ІІ.Негізгі бөлім:
  • 1.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
  • 2.”Жүректен шыққан жылы сөз”
  • 3. Жағдаяттық сұрақтар
  • 4.Балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?
  • III.Қорытынды “Тілек шырағданы”


- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингімнің тақырыбы: «Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ » деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасына байланысты. Ата-аналар мектеппен, ұстаздармен тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс жүргізу арқылы баламыздың өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүруіне ықпал жасай аламыз.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингімнің тақырыбы: «Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ » деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасына байланысты. Ата-аналар мектеппен, ұстаздармен тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс жүргізу арқылы баламыздың өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүруіне ықпал жасай аламыз.


Ұйымдастыру кезеңі (шаңырақты бейнелеу)

Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.


«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»


Антон Семёнович Макаренко

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, оны өз шырағы арқылы жақты.

-Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

- Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…


Сұрақтар:

- Ана өз сүйіспеншілігін  қалай көрсетті?

- Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?

- Отбасында ерекше қуанышқа бөленген сәттеріңіз туралы айтсаңыз.

Ой қозғау    «Мен үшін қымбат ...»


«Бала деген кім?»

Ой қозғау    «Мен үшін ең қымбат ...»


«Бала деген кім?»

Бауыр етіміз

Болашағымыз

Асыраушымыз

Көмекшіміз

Ақылшымыз

Өміріміздің

жалғасы

Үмітіміз

Мұрагеріміз

«Жүректен шыққан жылы сөздер»

Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.

1. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?

2. Балаңыздың тәтті қылықтарына қалай жауап бересіз?

3. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

Жағдаят шешу

  • «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
  • «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады.Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз.Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
  • «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?

Балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?


Жақсы

Адамгершілігі мол

Еңбекқор

Инабатты

Мәдениетті

Тәртіпті

Тіл алғыш

Сыпайы

“Тілек шырағданы”

Қорытынды: 

  • Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін, бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін!

Назарларыңызға рақмет!


жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау