Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет98/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162

269

осы  күнгі  түсіндірме  сөздіктерде  берілген  мағыналары  («1)  кезбе, 

қыдырымпаз;  2)  толарсақ  сүйек»)  біз  талдап  отырған  сөздерге  еш 

қатысы жоқ.



Ауан су. Су сөзімен келген ауан сөзі тек қана ескі өлең-жырларда 

кездеседі,  бұл  күнде  көрсетілген  тіркес  қолданылмайды,  қазіргі 

оқырманға мағынасы да түсініксіз. Ауан су – қандай су? Бұл тіркестің 

екі  сөзінің  де  мағыналары  ескі.  Бұл  жердегі  су  –  өзен  дегеннің  ва-

рианты. Ертедегі қазақ өлең-жырларының барлығында дерлік су сөзі 

жеке тұрып та, әртүрлі эпитеттермен келіп те өте жиі қолданылған. 

Эпостық  жырлар  мен  XV-XIX  ғасырларда  жасап  өткен  ақын-

жыраулар  үлгілерінде  су  және  өзен  сөздері  поэтикалық  символ,  ол 

–  алдымен  туған  жердің  символы,  одан  қалды  тіршіліктің,  бейбіт 

өмірдің символы.



Су – көне түркілер тілінде де, ноғайлы дәуіріндегі ноғай, қазақ т.б. 

тайпалар тілдерінде де өзінің негізгі мағынасымен қатар (су – вода), 

«өзен» деген мағынаны берген. Жырлардағы ауан су – «терең өзен»:

Ауан, ауан, ауан су,

Ауандап үлкен балық жүзген су («Ер Тарғын»).

Ауан түбірінен етістік те жасалған: Ауандап үлкен балық жүзген су. 

Ауандап жүзу – «тереңдеп жүзу». Түсіндірме сөздікте ауандау етістігі 

«еркінсу,  шарықтау»  деп  түсіндірілген  (топшылаған).  Мәнмәтінге 

қарасақ, «шарықтау, еркінсуден» гөрі тереңдеп (яғни тереңде) жүзу 

екені көрінеді.



Ауандап жүзген нән балық,

Басын соғып қайраңға,

Ит пен құсқа жем болар, – дейді.

«Тереңде жүретін (жүзетін) үлкен (нән) балық тайызға (қайраңға) 

шықса, басын соғып алады» деген астарлы ой айтылады.

Бұл  күнде  ауан  сөзі  –  Қазақстанның  батыс  өңірінде  –  Атырау, 

Маңғыстау тұрғындарында, Еділ, Жайық сияқты терең, үлкен «сула-

ры» бар өлкелерде мағынасы ауысып, «су сақтау үшін қазып жасалған 

шұңқыр» дегенді білдіретін диалектизм. Эпостық жырлар мен XV-

XIX ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулар үлгілерінде су («өзен») 

және  өзен  сөздері  –  поэтикалық  символ,  одан  қалды,  тіршіліктің, 

бейбіт өмірдің символы.

Сөйтіп, ауан – лексикалық ескіліктердің бірі. Көрсетілген мағы- 

насы бұл күнде ұмыт болған. Мағынасы күңгірттеніп, ұмыт болған 

сөздер көбінесе поэтикалық элемент (амал) болып жұмсалуға бейім 

тұрады. Мұндай амалдың бірі – қайталама амалы: ауан, ауан, ауан 



су дегенде ауан үш рет келіп, жыр жолы тұтас бір поэтизмге айна-

лып  тұр.  Бұл  қатарға  «Алп,  алп,  алп  басқан  арабы  торым  өзіңсің» 

(Шалкиіз)  немесе  Салп,  салп,  салпыншақ  анау  үш  өзен,  Салуалы 



270

менің  ордам  қонған  жер  (Қазтуған)  сияқты  жыр  жолдарындағы 

қайталама тізбектерді қосуға болады. Бұларда да алп, алп, салп, салп 

дегендер – мағынасы күңгірт (түсініксіз), тек белгілі бір стереотиптік 

құрылымда  кездесетін  сөздер.  Ауан  деген  сөздің  мағынасын 

іздегеніміз сияқты, алп, алп, салп, салп-тардың сыры ашылар. Олар 

–  мүмкін,  ауан  сияқты  өз  алдына  толық  мағынасы  бар  лексикалық 

бірлік емес, еліктеуіш сөздер болуы да ықтимал, бірақ соңғылар да 

қайталанып  жұмсалып,  белгілі  бір  стильдік  (көркемдік,  эмотивтік) 

немесе ырғақтық, өлшемдік қызмет атқарып тұрғаны белгілі.

Аббар  көшу.  Бұл  тіркестің  мағынасы  мәнмәтінге  қарай  топшы-

лап  түсіндіріліп  жүр.  ҚӘТС-де  аббар  көшу  –  «суыт  көшу,  сыпы-

ра  көшу»  деп  түсіндірілсе,  ҚТАС-де  «ұзақ  көшу»  деп  танытылып-

ты  және  мұны  Қытай  қазақтарының  ерекшелігі  деп  тіркепті,  ал 

келтірілген  мысал  Шалкиізден,  XV-XVI  ғасырлардағы  ноғайлы 

циклінің үлгілері екені белгілі. Демек, аббар көшу Қазақстанның ба-

тыс аймақтары тұрғындарының тілінде сақталса – бір жөн, ал Қытай 

қазақтары тілінің жергілікті сөзі болып танылуы неғайбіл. Бұл – сірә, 

Шалкиіздерді оқып отырып, жобалап топшылай салған таным болар. 

Аббар сөзінің мағынасы түгіл, өзін не көне түркі тілдері сөздігінен, 

не  арабша-қазақша,  парсыша-қазақша  сөздіктерден  таба  алмадық. 



Аббар  –  шеттілдік  сөз  екені  даусыз,  бірақ  нақты  тұлғасы  (сыртқы 

түрі  –  айтылуы,  жазылуы)  қандай  дегенді  іздестіру  керек  болады. 

Бүгінгі қазақтар оқитын ескі өлең-жырлардың ішінде тек Шалкиізде 

кездесетін сөз. Демек, ертеректегі ноғай тілінде қолданылуы мүмкін, 

не  біздің  күнімізге  тұлғасы  өзгеріп,  мағынасы  күңгірттеніп  жеткен 

қолданыс болуы ықтимал.



Асмар ету. Шалкиіз жырау әміршісі Би Темірге алыс жолға (Мек-

кеге) кетпе, ел-жұртыңды иесіз қалдырма деп толғағанда:

Жүк тиесең кетерсің...

Етектеп жиған көп халқың

Сұлтан ием, кімге асмар етерсің, – дейді.

Будагов  асмарламақ  сөзін  түрік  тілінде  «поручить,  рекомендо-

вать, заказать» деп түсіндіреді (Л.З.Будагов, Сравнительный словарь 

турецко-татарских  наречий.  -  Т.I.  -  Санкт-Петербург,  1869.  -  С.55). 

Сірә,  оғыз-қыпшақ  ру-тайпалары  Сырдарияның  төменгі  ағысында 

араласып  жүріп-тұрған  кездерінде  (XI-XIII  ғасырлар)  қыпшақ 

тілдеріне оғыздық сөздердің енуі және керісінше процестер болғаны 

даусыз. Соның бір көрінісі – ноғайлық дәуір үлгілерінің тілінде ас-



мар сияқты сөздер орын алып сақталып қалғаны. Бұл сөз әзірге біздің 

тапқанымыз тек Шалкиіз жырларында ұшырасады, «тапсыру, аманат 

ету»  деген  сөз  мағынасында  келеді.  Қазақ  тілінде  қолданылмайды, 

демек, бөгде тілдік көне қолданыс болып танылады.




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау