Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет94/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162

258

түрі»  «(Айғыр  салсақ  қазанат,  содан  туар  тобышақ»).  Тобыршақ 

тұлғасындағы р дыбысы түсіріліп, тобышақ болып жұмсалуы – заңды 

құбылыс: р дыбысы түркі тілдерінде әлсіз, сусымалы дыбыстардың 

бірі екендігі белгілі. Жылқы малына келгенде, бұл кезде ұмыт болған 

не  ұмытыла  бастаған  эпитеттер,  теңеулер,  қимыл  атаулары  қазақ 

тілінің ертеректегі өлең-жырларында едәуір мол екендігін көрсететін 

фактілердің  бірі  –  торылы  жылқы  тобышақ  сияқты  тіркестер  деп 

ойлаймыз.

Батырлар  жырларының  негізгі  тақырыбы  ұрыс-соғыс  болған- 

дықтан, осы ұрыс-шайқастарда қолға түсетін тұтқындар мен олардың 

өздерін  және  «бедеу  аттарын»  қамайтын  орындардың  атауларының 

біразы көне сөздер мен ескірген бірліктер болып келеді. Бұл күнде 

тұтқын сөзі – әбден түсінікті және әдеби нормадағы қолданыс. Ал 

жырларда тұтқынға түскендер жетім және жесір деп аталған. Бұл 

екі  сөздің  қазіргі  қолданыстағы  мағыналары  түсінікті:  жетім  – 

«әке-шешесі  жоқ  бала,  жесір  –  «ері  (күйеуі)  өлген  әйел».  XV-XIX 

ғасырларда  жетім  мен  жесір  сөздерінің  бұл  көрсетілген  мағы- 

наларынан басқа мағыналары да болған: жетім – «тұтқынға түскен, 

еркінен  айрылған,  құлдыққа  жегетін  адам».  Шоқан  Уәлиханов: 

«Қазақтар  құлдарды  екіге  бөлген:  соғыста  қолға  түскен  құлды 



олжаласқан құл немесе жесір деп, ал сатып алған немесе өзге жолмен 

(соғыста емес) келген құлды жетім деп атаған дейді (Ч.Ч.Валиханов 

Собрание сочинений в 5-томах. - Т.I, - 1961. - С.127). Мұны қазақтың 

эпостық  жырларындағы  қолданысы  дәлелдейді.  «Қобыланды»  жы-

рында қалмақтың ханы Көбікті қызына:

Екі пәнде әкелдім,

Берсем сені күйеуге

Бас жетімің еткендей, – дейді.

Мұндағы  екі  пәнде  деп  тұрғаны  –  қапыда  (ұйықтап  жатқанда) 

қолға түскен батырлар – Қобыланды мен Қараман. Көбікті қызына 

сені күйеуге бергенде осы екеуін құл етіп, яғни бас жетім етіп беремін 

дейді. 


Ертедегі қазақ салтында ұзатылған қызға зат-мал-мүлік жасаудан 

басқа малшы-жалшы, күтушілерді қоса беретін салт дәстүрі болғаны 

белгілі. Мысалы:

Қырық құл мен қырық күң

Қосып берді қызына («Қобыланды батыр»). 

«Қыз Жібек» жырында Жібекті іздеп келіп, қалмақ ханынан жеңіп 

алған Сансызбайға қайын жұрты «Сексен нарды толтырып жасау ар-

тып, Бес жетім, алтын отау берді» дейді. Мұндағы бес (әлде бас?) 



жетім – ұзатылған Жібектің жасауына қосып берген құл, күң сияқты 

күтушілер.




259

Жетім  сөзінің  «тұтқын»  мағынасын  күні  кеше  (XIX  ғасырдың 

I  жартысында)  өткен  Махамбет  ақыннан  да  табамыз.  Махамбет 

көтеріліс  жеңілгеннен  кейін  Баймағамбет  сұлтанның  алдына  келу-

ге мәжбүр болады. Ол өзін Баймағамбет сұлтанның қолына түскен 

тұтқын, бірақ ұрыс-шайқаста қолға түскен емес, өз аяғымен өзі келіп 

түскен тұтқын деп атайды:

Ұрмай-соқпай келтірген,

Арманың бар ма Құдайға

Мынау Махамбет сында жетімді-ай, – дейді.

Мұндағы  жетім  сөзінің  ертедегі  тағы  бір  мағынасын  білмеген 

баспагерлер  (редактор,  корректорлар)  бұл  сөзді  тырнақшаға  алып 

жазып  келеді.  Бұл  өлең  жолдарындағы  жетім  –  әке-шешесі 

(қорғаушысы, қолдаушысы) жоқ Махамбетпін деген сөз емес, өзі де 

ашып айтқандай, «ұрмай-соқпай» қолға түскен тұтқынмын деп тұр, 

демек, тырнақшасыз жазылуы керек.

Жесір  сөзінің  қазіргі  мағынасынан  басқа  тағы  екі  мағынасы 

болған: бірі – «соғыста қолға түскен тұтқын», екіншісі – «қалыңмалы 

төленген әйел заты» (оның ішінде ұзатылмаған қыз да). Жесір сөзінің 

бұл мағынасы XX ғасырдың басына дейін, әсіресе «жер дауы, жесір 

дауы» сияқты дау-дамай, сот істері жүріп тұрған кезде де сақталған. 

Жетім,  жесір  сөздерінің  түптөркінін  зерттеушілер  йетим,  йәтім, 

йәсир/йесер/есир – «қолға түскен тұтқын» деген араб сөзі деп жүр. 

Жесір/йасир/йесир  сөзінің  «тұтқын»  мағынасында  сақталуы  түркі 

ескерткіштері  тілінде  жиі  кездеседі.  Бұл  мағынада  сирек  болса  да, 

қазақ  жырларында  да  орын  алған  тұстары  бар.  Мәселен,  «Айман-

Шолпанда»  (XIX  ғ.)  Көтібар  батыр  Маман  ауылын  шауып  алғанда 

оның екі қызы – Айман мен Шолпан: «Жесірді қолға түскен аясын 

ба,  Қорқады  кетеміз  деп  нарға  мініп».  Көтібардың  ерке  тоқалы  – 

Теңге «жесірді жұрт мақтаған көрейін деп» Айман қыздың алдынан 

шығады.  Бұл  жырда  қолға  түскен  деген  анықтауыш  жесір  сөзінің 

«тұтқын»  деген  семантикасын  меңзеп  тұрғанмен,  Айман  сияқты 

бай  қызының  бойжеткенше  айттырылмай,  басы  бос  болуы  мүмкін 

емес,  демек,  қалыңмалы  төленген  қалыңдық  кезінде  қолға  түсіп 

отыр.  Осы  жерде  қазақ  тіліндегі  жесір  сөзінің  3-мағынасы  және 

болғаны  байқалады.  Ол  –  айттырылған,  әсіресе  қалыңы  берілген 

қыз, «тұтқын», болашақ күйеуінің «меншігіндегі» адам. Күні кеше-

ге дейін орын алып келген «жесір дауы» әрдайым күйеуі өлген тұл 

(жесір  әйел)  туралы  ғана  емес,  айттырылған,  көбінесе  қалыңмалы 

төленген, құдалар «құйрық-бауыр жескен» қалыңдыққа қатысты дау 

болғандығы белгілі.



Жетім,  жесір  сөздерінің  қазіргі  мағынасы  да  ертедегі  өлең-

жырларда  сақталған.  Махамбет  ақын  (XIX  ғасырдың  I  жартысы): 




260

«Жетімдерге  жем  бердім,  Жесірлерге  жер  бердім»  дегенде  жетім 

де, жесір де – осы күнгі мағынада келіп тұр.

Қолға  түскен  тұтқындарды  қамайтын  орын  негізінен  зындан 

болғаны белгілі. Бұл – қазірде де түсінікті сөз. Ол – жерді тереңдетіп 

қазылған шұңқыр. Бұрын асыл бұйымдарды немесе керек заттарды 

сақтау үшін қазылған орды қандақ деп атаған. Бұл – парсы сөзі, түбірі 

қандан – «қазу». Қандақта негізінен зат (қазына) сақталады.

Қазыналы қандағы

Есепсіз түрі мол еді («Алпамыс батыр»).

Қандақ – әдейі қазылған ор, ал ордың адам қамау үшін қазылған 

түрі – зындан.

Патшаның сол күнде 

Қазулы оры бар еді,

Қуанып халқы жүгіріп,

Қандақтың аузын ашады.

Домалатып баланы



Зынданға әкеп тастады («Алпамыс батыр»).

Бұл жыр жолдарында қандақ – қазулы ор, ал оның адам қамауға 

арналған тұсы зындан деп аталатыны байқалып тұр.

Қолға  түскен  батырдың  өзін  ғана  емес,  астына  мінген  атын  да 

қамауда ұстайтын болған (жақсы атты жаудікі деп қоя беру, өлтіріп 

тастау – жылқы малының қадірін білетін түркі-монғол халықтарында 

болмайтын салт, сондықтан оларды қамайтын жайдың арнаулы атау-

лары болған. Солардың бірі – әлек сөзі).



Әлек. Қобыланды батыр жырында:

Баланы тастап зынданға,

Шұбарды салды әлекке, – дейді. 

Бұл сөздің мағынасын келесі жолдар түсіндіре түседі:

Темір үйді салдырды,

Темір үйге тастады

Шұбар атты кіргізіп.

Бұл – түркі тілдеріне араб тілінен ертеректе енген сөздердің бірі 

болар.  Араб  тіліндегі  әлек  түркі  тілдеріне  бірнеше  мағына  беретін 

болып  қалыптасқанға  ұқсайды.  Қазақ  тілінде  бұл  күнде  әлек  сөзі 

«әбігер,  әуре»  және  «азап»  мағыналарында  қолданылатын  болса, 

ноғай  тілінде  әлек  сөзі  –  «өлім,  қаза».  Кірме  сөздің  семантикалық 

қозғалысын  о  баста  «азап,  әуре»,  одан  «өлім,  қаза»,  одан  «азап 

шектіретін,  қазаға  ұшырататын  орын»  (темір  тор,  темір  үй)  болып 

жұмсалған  деуге  болады.  Бұл  жердегі  әлекке  салу  етістігі  қазіргі 

қолданыстағыдай  «әуреге  салу,  әбігерлеу»  дегенді  емес,  «қоршауға 

әкеліп салу, темір үйге кіргізу» деген мағынада келген, бұл сөз қазақ 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау