279
кедқұдайым, кіс, қасқайлау, қоллық, құрлау/қорлау, қосалықтап
отау тігу, қыдыра/қыдырау, ойлықты, өкіліне түспеу, өтіл сұрау;
нәмарт, сарымақтай азулы, сөзлеу/сөзлесу, сұб бөрікті, сұб аяқты,
сұм жырау, сылықты, тобышақ, тоғысу, толықсыма тұнық су, то-
герек, шәуілжіге қағу, шому, үкем.
Бұл тізімдегі сөз тіркестері түсініксіз: олардың бір компонентінің
білдіретін мағынасы күңгірт тартқан. Бұлардан басқа бір алуан
сөз тіркестерінің семантикалық-синтаксистік бітімі өзгеше болып
келеді. Бұларды түсіну қиын емес, мағыналарын мәнмәтінге қарап
топтастыруға болады. Өйткені тіркестің екі компоненті де түсінікті,
тек бітімі өзгеше. Мысалы, оқуда тұрды (оқыды, оқып жүрді), толғап
салды (толғап берді, толғады), ақыл ойлады (ойлады), екі тізін жа-
уыртты (екі тізесін жауыр етті), көкірегі жаулы өссін деп (көңілі
жауыға білсін, жауығып үйренсін деп), қызға тиді (көзі түсті), бота
екенінде жоғалтып едім (бота кезінде),
атан екенінде танып тұрмын
(атан болғанда танып тұрмын), сөзден жығылды (сөзден жеңілді),
жұртын сұрап тұрды (билеп тұрды) деген тіркестердің мағынасын
оларды құрастырып тұрған сөздердің мағынасына, дәлірек айтсақ,
оларда бар қосымша семаларына (мағыналық реңктеріне) қарап оңай
тануға болады: оқуда тұрды; оқу түсінікті, ал тұру етістігінде болу
семасы бар, демек, оқуда болды, оқып жүрді деп бірден қабылдаймыз,
сол сияқты қызға көзі тиді дегенді де мәнмәтінге (айналасындағы
сөйлемдерге) қарап және тиді сөзі мен түсті сөзін бір-біріне
жақындастыратын ортақ сема бар, толғап салу (айтып беру). Мұндай
өзгешеліктерді «ескілік» статусына апарып тұрған белгі – олардың
осы құрамында бұл күнде қолданылмайтындығы. Бұлардағы сөздер
ескі емес, тіркесімдік құрылымы (пішіні) өзгеше, ол өзгешеліктің
бірқатары ноғай не ноғай ордасындағы басқа түркі халықтарының
айтылу (жұмсалу) дәстүріне қатысты екендігі көрінеді. Ал бейдамақ
болу (күдер үзу), төре тимеу (дауда жеңілу), ноғайлының ауыр жұрт
(үлкен ел, халқы (ру-тайпалары) көп жұрт (байтақ), Шоқан қазақтар
өзінің батырлар жырларында Алтын Орданы «ноғайлының ауыр
жұрты» деп атаған дейді (Ч.Ч.Валиханов. - Т. 1. - 121-бет), бартал
тарту (көшкенде көлікке жүк арту),
асу жер (?),
ерні желге бұлғану
(ерніне жара (ұшық) шығу), торылы жылқы (?), шәуілжіге қағу (?),
байдалы ту (?),
қоллық/қулық (?)
шығу (?) сияқты тұрақты тіркестер де
– ескіліктер қатарында. Олар да бұл күнде жақша ішінде көрсетілген
мағынада жұмсалмайды. Бұл тіркестердің құрамында сөздердің
біреуі бейтаныс бірлік болып келеді (бейдамақ бартал, асу, шәуілжі,
байдалы т.б.) не тіркестің нақты қай мағынада қолданылғанын бірден
тап басып айту қиын. Демек, оларды түсіндіру керек. Ал жоғарыда
280
жақша ішіне сұрау белгісі қойылған тіркестердің мағынасын әзірге
таба алмадық.
«Едіге» жырының Шоқан нұсқасында кездесетін бір алуан
тұлғалық өзгешеліктер (қазіргі қазақ тіліне тән емес) және бар. Бұл
жердегі «тұлғалық» дегеніміз – фонетикалық бітімі мен морфо-
логиялық тұлғалануы (септелуі, жекеше-көпше тұлғалануы, шылау-
лардың меңгерілуі т.т.) қазақ тілінен өзгеше берілген сөздер мен
тіркестер. Олар: қазақ тілінде сусымалы л, ң, р дыбыстары түсіп
қалған сөздерде сақталған тұлғалары: қоңғыр қаз, олтұрды, ерді
(қазіргі қазақ тіліндегі қоңыр қаз, отырды, еді), бұл – көне түркі
тілдері мен қазіргі кейбір түркі тілдеріне тән тұлғалар болғандықтан,
жыр мәтініндегі ескіліктің көрінісі деп санаймыз. Сол сияқты ол
есімдігінің септелгенде, аны (оны), андан (одан), аның үшін (ол үшін/
аның үшін) болып келуі, етістіктің жіктелгенде III жақ көпше түрінде
-лар жалғауының қосылып отыруы да (жыладылар, келділер)
өзге түркі тілдерінің, оның ішінде ноғай тілінің, яғни жырдың
түпнұсқасы тілінің қалдығы, көрінісі екендігі байқалады. Жырдың
XIX ғасырдың ортасында қазақша жазылып отырған қолжазбасында
жоғарыда көрсетілген тұлғалық ерекшеліктерді сол кезеңдегі және
одан көп бұрынғы, біраз кейінгі кезеңдерде Орта Азия мен Орталық
Азияны мекен еткен түркі халықтарына ортақ деп тапқан «шағатай
жазба (емле) дәстүрінің» тікелей көрінісі, орын алуы деп танимыз.
Ортаазиялық түркі жазба әдеби тілінің (Еуропа ғалымдары «шағатай
тілі» деп атаған) жазудағы орфографиялық дәстүрі (ережелері,
тәртібі) сақталып келгендігі белгілі. Бұдан қазақ жазбалары да қалыс
қала алмады. XIX ғасырдың II жартысындағы кейбір қазақ тіліндегі
жазба дүниелердің көбінде (мысалы, эпистолярлық жазбалар – жеке
адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарында да), XIX ғасырдың II
жартысындағы қазақ газеттері беттерінде берік сақталғанын көреміз.
Ал ертеден қолжазбалары бар болып келген «Едіге» жырының
мәтінін XIX ғасырдың I жартысындағы қазақтар көшірген кезде
«ортақ емле» дәстүрінен көп шығып кете алмаған. Жырдағы кейбір
сөздердің жазылуын әңгіме еткен екенбіз, енді қолжазбаның өн
бойының емлесін, жазу сауаттылығына да тоқталуға тура келеді.
Қолжазбаны ешбір түзетусіз (редакциясыз) баспаға ұсынып отырған
ғалым – П.М.Мелиоранский Шоқанның қолына тиген жазбалардың
орфографиясы өте нашар болғандығын ескертеді (оны Шоқанның
өзі де айтқан екен). П.М.Мелиоранский әсіресе өзі «бірен-саран
кездеседі» деп таныған араб, парсы сөздерінің өзгертіліп, қате
жазылғанын айтады. Бір қызығы – Шоқан бұл жырдың ертерек-
те пайда болғанын оның тілінде араб-парсы сөздері жоқтығымен