Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет23/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162

67

Мойнынан алған сықылды

Бұрынғы салған бұршағын, – 

деп  суреттейді.  Осы  жырды  бастырушылар  мойнына  бұршақ  салу 

деген  тіркесті  былайша  түсіндіреді:  «Бұрынғы  кезде  басына  қатты 

қайғы  түскен  адам  тілек  тілеп,  мойнына  тас  (?)  байлайтын  әдет 

болған,  қайғысы  жойылғанда  ғана  мойнына  салғанын  алады  екен 

(«Қамбар батыр», Алматы, 1957, 112). Бұл жерде ескі наным-сенімге 

байланысты  әдетті  дұрыс  көрсеткен,  бірақ  мұндағы  бұршақ  –  тас 

емес, бұл жері – қате.

Шынында  да,  өте  ертедегі  наным-сенім  бойынша  Тәңірі  мен 

әулие-әнбиелерден  бір  нәрсені  қатты  тілегенде  адамдар  мойнына 

көбінесе шылбыр, арқан, жіп, белбеу сияқтыларды салатын болған. 

Оған «Қыз Жібек» жырындағы мына жолдар да дәлел бола алады: 

Сансызбай бала мен Қорен қалмақтың жекпе-жегінде Сансызбайдай 

балғын жастың мерт болмауын Жібек сұлу Құдайынан тілеп:

Көк сандалдың шылбырын 

Мойнына орап салады

Бір Құдайға зар етіп, 

Мінәжат қып тұрады.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында да:



Мойнына кісесін сап жалынды енді, – 

деген жолдарды оқимыз.

Ал бұршақ деген «көгеннің желісіне өткізілген лақ, қозы байлай-

тын  шағын  бүлдірге  жіп,  бір  жақ  басы  түйіншек,  екінші  жақ  басы 

–  ескен  жіптің  тұйық  ілмегі  (Қасиманов,  214).  Демек,  бұл  жердегі 

бұршақ  сөзінің  аспаннан  жауатын  бұршаққа  да,  кішкене-кішкене 

құмалақтай  (тастардай)  нәрсеге  де  (мысалы,  лобия  бұршағы)  еш 

қатысы жоқ. Сондықтан бұршақ сөзінің орнына шылбыр, кісе сияқ- 

ты  өзге  де  «жіптердің»  қолданыла  алатынын  жоғарғы  мысалдар 

дәлелдейді.

Бұл  сөз  қазақ  тіліндегідей  мағынада  қырғыз  тілінде  де  қолда- 

нылады. Сонымен қатар мұнда бұршақ сөзінің екінші мағынасы бары 

және  көрсетіледі,  ол  «жалпы  мойынға  ілетін  жіп»  (арқан),  осыдан 

барып «тұтқында, қапаста болу» мағынасы туған: бурчактан келу – 

тұтқыннан босанып келу (Юдахин, 162).



БЫТ-ШЫТЫ ШЫҒУБыт-шыты шықты, быт-шыт болды де-

ген тіркестер тілімізде жиі қолданылады. Жалпы мағынасы да айқын 

–  «күл-талқан  болды,  парша-паршасы  шықты»  дегенді  білдіреді 

(ҚТТС, 1976, II, 596), сондықтан бұның құрамындағы быты неме-




68

не,  шыты  немене  деп,  жеке-жеке  іздеп  ойланып  жатпаймыз.  Тіпті 

әрі-беріден соң бұл екі сөз тырс-тырс, күрк-күрк дегендер сияқты 

еліктеуіш қос сөз болып көрінеді. Ал еліктеуіш сөздердің көпшілігінің 

дербес  лексикалық  мағынасы  болмайды,  олар  еліктеуден  (естуден, 

көруден, сезуден т. т.) туған дыбыстар болып келетіні белгілі.

Мағыналы  қос  сөздердің  әр  сыңарының  өз  алдына  лексикалық 

мазмұны  (мағынасы)  болатыны  да  белгілі.  Быт  шыт(ы)  қос  сөзі 

көмекші етістіктерсіз жеке қолданылмағанымен, оның екі сыңары да 

мағыналы сөздер екені көрінеді. Быт (бут) сөзі – монғол тілінде өзімен 

тіркескен етістікке «барынша, мүлде» деген сияқты мән беретін, орыс 

тілінің  раз-/рас-  приставкаларының  қызметіне  ұқсас  келетін  үстеу 

сөз екен. Мысалы, бут цохи(х) «талқанын шығару, әбден ойрандау», 

бут ниргэ(х) «күл-талқан ету» деген мағыналарда қолданылады. Тегі, 

қазақша  күл-талқаны  шығу,  күл-паршасы  шығу  дегендердегі  күл 

сыңары да осындай қызмет атқаратын сияқты: талқаны шығу дегенің 

орнына күл-талқаны шығу десек «мүлде талқандалу, быт-шыт болу» 

деген қосымша мәнмен (семантикалық реңкпен) атаймыз. Айырмасы 

монғолдың бут (быт) сөзі етістіктің алдында тұрса, қазақша күл де-

ген есіммен тіркесіп барып көмекші қабылдап, күрделі етістік жасай-

ды. Қазақ тіліндегі қос сөздердің мағынасы күңгірт сыңарларының 

(компоненттерінің)  түптөркінін,  семантикасын  зерделеген  Әбілбек 

Нұрмағамбетов те бұл қос сөзді талдаған. Ол бут сөзі монғол тілінде 

«күл-талқаны шығу» дегенді білдіреді деп сәл жаңсақтау көрсеткен. 

Өйткені  бут  тұлғасы  –  біріншіден  етістік  емес,  үстеу  іспетті  сөз, 

ол  бір  нәрсені  әбден  талқандау,  ойранын  шығаруды  білдіретін 

сөздердің  алдында  келіп,  оны  күшейту,  әсірелеу  (тым,  аса,  әбден, 



өте,  мейлінше,  барынша  деген  сияқты)  мән  беретіндігін  жоғарыда 

айттық. Монғол тіліндегі: «1) бөлшектеу, бұтарлау 2) шашу, шашып 

тастау 3) қуып жіберу» мағыналарын беретін бутарла(х), «ұсақтау», 

«айыру»  мағынасындағы  бутархайла(х)  етістігі  де,  «ұсақталу, 

ұнтақталу,  шашылу»  деген  мағынада  жұмсалатын  бутра(х)  сөзі  де 

біз талдап отырған бут сөзімен реңктес (мағыналық реңктері жақын) 

сөздер сияқты. Сірә, қазақ тіліндегі бұтарлау, бытырау, бытырату, 

бытыранды сияқты етістіктердің түбірінде быт/бут/бұт сөзінің се-

мантикасы бар деуге болатын сияқты. Демек, быт/ бут/бұт – түркі-

монғол тілдеріне ортақ бірлік (сөз). Ал шыт сыңарына келсек, оны 

зерттеуші  Ә.Нұрмағамбетов  түркі  тілдердің  сібірлік  тобындағы  ха-

кас  тілінде  чіт-  «жоқ  болу,  жоғалу»  мағынасында  қолданылатын 

сөз деп анықтайды. Демек, шыту етістігінің түркі тілдерінде «жоқ 

болу, жоғалу» мағынасы бар болса, қазақ тіліндегі шытынау сияқты 



69

сөздердің де мағынасы (немесе мағыналық реңктері) жағынан алтай 

түркілері  тіліндегі  шіт-/шыт-  сөздерімен  түбірлес  болуы  мүмкін. 

Қысқасы,  бұл  –  этимологиялық  ізденістердің  нысанасы.  Ал  қазіргі 

(осы кітаптағы) бізге керегі – быт-шыт (болды) дегендегі қос сөздің 

екі  сыңары  да  түркі-монғол  тілдерінде  жеке  лексикалық  бірліктер 

екендігін көрсету болды. Сөйтіп, быт-шыт қос сөзін күл талқан, күл 

парша сөздерінің тепе-тең баламасы болар деп топшылаймыз.

БІЛІК/БІЛЕК. Ертедегі ноғайлы-қазақ жырауларының бірі – Ер 

Шобанның тілінде:

Сыпайшылық бұ-ды деп,

Ала білек оқ салған, – 

деп  келетін  жыр  жолдары  бар.  Мұндағы  білек  сөзі  түсініксіз.  Бұл 

сөз  көне  жырлардың  өзінде  өте  сирек  ұшырайды.  Сондықтан  бір 

жерде білік, бір жерде білек, тіпті бір жерде бұлың (дай) деп жазылып 

жүр.  Соңғы  тұлғаға  қарай  зерттеуші  Ә.  Қайдаров  бұл  сөзді  «жай 

оғының  ағаш  сабын  білдіреді»  деп  табады  (Қайдаров,  27).  Біздің 

байқауымызша, «Алпамыс» жырындағы:

Сырым саған түзу-ді 

Садаққа салған бұлыңдай, – 

деген  жолдардағы  бұлыңдай  тұлғасы  қате  жазылған.  Өзге  де  осы 

мағыналы  жолдармен  салыстырсақ,  бұл  сөз  біліктей  болуы  керек: 

арабша жазылуда дауысты дыбыстың ы, і; ұ, ү; о, ө болып оқылуы 

шартты, контекске қарай кез келгенін қойып оқуға болады, ал соңғы 

жұрнақтың -дей түрінде жазылуы да араб әрпімен жазудың емлесіне 

байланысты:  қазақ  сөздерін  арабша  жазғанда,  дауыссыздардың 

қатаң-ұяң  болып  келуі  сақтала  бермеген  (мақбал,  айтды  деп  жазу 

«дұрысырақ» болған). Қазақ эпостары ең алғаш хатқа араб жазуымен 

түсті,  қазіргі  басылымдары  –  сол  арабша  графикадан  көшірілген 

нұсқалар.  Сондықтан  осы  сипаттас  (яғни  дауысты  дыбысы  дұрыс 

жазылмаған) қателерді жиі кездестіреміз.

Ә. Қайдаров білік сөзінің мағынасын дұрыс тапқан тәрізді. Кон- 

текске қарағанда, білік – жақ оғының сырланатын, қырланатын ағаш 

жағы, яғни оқтың ұшынан өзге жағы. Бұл сөз орта ғасырлардары, мы-

салы, XIII ғасырдағы түркі-араб сөздігінде де кездеседі (Құрышжанов, 

97). 

Қазақ тілінде білік ағаш деген тіркес бар. Ол – арбаның алдыңғы 



және  артқы  доңғалақтарын  байланыстырып  тұратын  ағаш.  Бұны 

Жамбыл, Шу өңірлерінде белағаш деп те атайды (Диал. сөздік, 64). 

Үй төбесіне салатын арқалықтың Қазақстанның кейбір өңірлерінде 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау