Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет22/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162

64

бұзылуы, қирауы» деген мағынаны білдіруге бейімдеу. Бүліну сөзінің 

бұдан да басқа: «1) әлекке түсіп, әбігерлену, 2) зақым келу, 3) ласта-

нып былғану, 4) өз-өзінен ашулану» сияқты мағыналарды білдіретіні 

мәлім, ал бірақ бұл мағыналардың бірде-біреуін бүлу етістігі бермейді. 

Сондықтан түбірлері бір болғанмен, бүлу сөзі – бүліну сөзінің көне 

варианты, яғни тепе-тең баламасы деп санауға болмайды. Осы себеп-

тен де бүлу сөзін бүліну созімен ауыстыруға және болмайды.



БҰЛАН, ҚҰЛАН, ТАРПАН/ТАРПАҢ. Ауыз әдебиеті мұралары 

мен  өткендегі  ақын-жыраулар  тілінде  белгілі  бір  поэтикалық  жүк 

арқалап, жиі қолданылған сөздердің қатарына құланбұлан, тарпаң 

атаулары кіреді.



Құланнан атты қодықты («Қыз Жібек»),

Құлан жортпас құла дүз...

Емен шайнап, тал қайзар



Құлан, бұлан баласы (Шалкиіз).

Бүлдіргесі – бұлан терісі,

Өрімі – құнан білдің қайысы (Доспамбет).

Ерді ырғытқан бұландай (Сейфуллин, VI, 201).

Тағыдай таңдап су ішкен,

Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген

Тағы сынды жан едік (Махамбет).

Бұл үзінділердің барлығында құлан, бұлан, тарпаң – мықтылық- 

тың, қайсарлықтың, бас имейтін өрліктің символы. Әңгіме – осы жан-

жануарлардың өздері жайында емес, олар образ үшін қолданылған. 

Бұлардың  ішінде  құлан  –  «тағы  жылқы»,  біздің  кезімізге  дейін 

сақталып,  осы  күннің  өзінде  қорықтарда  өсіп-өніп  жатқандықтан, 

бұл сөз түсінікті. Ал бұлан – орысша лось деп аталатын бұғы тектес 

ірі жануардың атауы, ертеде қазақ жерінде көп болып, бұл күнде жой-

ылып кеткен. Өзге кейбір түркі тілдерінде де бұлан «лось» дегенді 

білдіреді (Будагов, I, 289). Бұлан сөзін қазақ ақындары күні кешеге 

дейін (тіпті қазірде де) еркіндіктің, мықтылықтың образы ретінде жиі 

пайдаланады. Мысалы, Махамбетте:

Бұландай ерді кескен күн, 

Қара бұланның терісі 

Етік қылар күн қайда!

Дулат Бабатайұлында (XIX ғ. орта тұсы):

Бозда жүрген бұландай

Үйде тұрмас ойқастап.

«Бұланға ерген шешекке аунар, доңызға ерген балшыққа аунар» 

деген көне мәтелде де бұлан – еркіндіктің символы.




65

Ал тарпаң (тарпан) сөзін В. В. Радлов қазақ тілінде «тағы жылқы» 

деген сөз дейді (Радлов, II, 373). Қазақ совет энциклопедиясы тарпаң 

–  Еуропа  жабайы  жылқысы,  кәдімгі  жылқының  түр  тармағы,  түсі 

сұрғылт, арқасы қара жолақты деп анықтама береді (ҚСЭ, X, 567). 

Демек, тарпаң да – құлан сияқты, тағы жылқының бір түрі.

Сөйтіп, бұл үш атаудың үшеуі де – қазақ ауыз әдебиеті мен XV-

XIX ғасырлар поэзиясында белгілі бір образ үшін актив қолданылған 

сөздер болған.

БҰЛТ АЛА, ЖЕР ШОЛА. Бұл фразеологизмдегі соңғы сөз бей-

таныстау, сондықтан оның түсіндірмесі де жаңсақ берілген: «шола – 

біркелкі емес, оймыштанған ала- құла жер» деп анықталыпты (ҚТТС, 

10-том,  247-бет).  Мұндай  түсіндірмеге  берілген  мысалдардағы 

қолданысы  себепкер  болған  тәрізді.  Ақын-жазушылардың  барлығы 

бірдей  пайдаланып  отырған  тілдің  лексикалық  қазынасын  түгел 

жақсы  біледі  деуге  болмайды.  Әсіресе  ақындар  өздеріне  бейтаны-

стау сөздерді де өлеңнің ұйқасына, ырғағына сай келіп тұр деп са-

нап қолдана беретіндері бар. Сол қолданыстарға қарап «Түсіндірме 

сөздіктің»  ақаусыз  жасалмайтындығы  және  белгілі.  Талданып 

отырған  фразеологизмдегі  шола  сөзі  «ала-құла»  деген  емес, 

керісінше, «біртегіс, тұтас, монолит» деген мағынаны білдіреді. Бұл 

сөз о баста түркі- монғол тілдеріне ортақ жүздеген сөздің бірі болуы 

керек. Қазіргі монғол тілінің өзінде цул (шул > шұл > шол >шола

«1) біртегіс, 2) тұтас, монолитті 3) таза, қапасыз, 4) бір түсті (ала-

құласыз)» деген мағыналарда қолданылады (Монг.-русск. сл., 1957, 

614-бет). Ал қазақ тіліндегі бұлт ала, жер шола деген қос тағанды 

(екі бөлікті) фразеологизмнің мағынасы: табиғаттың бұлттар сияқты 

тұрақсыз құбылысы ала (бірде бар, бірде жоқ, бірде қою, бірде сирек 

деген сияқты), ал жер болса, ол тұрақты, мызғымас тұтас деген кон-

трасты ұғымдармен берілген бейнелі тіркес деп табамыз. 

Ал «жетіспеушілік, аздық, кемдік» деген мағынада қолданылатын 



шола  сөзі  алдыңғы  шола  тұлғасының  ауыспалы  мағынасы  емес, 

омонимі болуы керек. 



БҰРСАНУ/БУСАНУ. Эпос жырларының барлығында дерлік ба-

тырлар «буырқанып, бұрсанып, мұндай темір құрсанып» айбат ше- 

геді, жауға аттанады, ұрысқа кіреді, «ойын салады», Мысалы, Боран 

деген жыраудың Өтебәлі төреге айтқанында:

Атасы жаман бұ кәпір 

Буырқанды, бусанды




66

Мұздай  темір  құрсанды  (X.Досмұхамбетұлы.  Исатай-Махамбет, 

Алматы, 1991, 19). 

«Қобыланды» жырында:

Қабағынан қар жауып, 

Кірпігіне мұз тоңып

Қатуланып, қаттанды, 

Буырқанып, бұрсанды

Мұздай темір құрсанды,

Мұндағы буырқану сөзі біршама түсінікті делік: мал баққан қазақ 

бураның буырқанатынын жақсы біледі. Демек, бұл сөзде «айбат шегу, 

қаһар көрсету» мағынасы бар, осыны сезіп, онымен әрдайым қатар 

келетін бұрсану (бусану) сөзі де буырқану-ға жақын мәндегі сөз бо-

лар  деп  ұғамыз.  Төркінін  іздестірсек,  көп  жаңылыспағанымызды 

көреміз. Көне түркі тілдерінде бусан- етістігі бар, ол «беймазалану,  

алаңдау, қапа болу» деген мағыналарды білдірген. Осы ұғымда бу-



сан- бусурқан- деген қос сөз де қолданылған. Ал мүмкін осы бусан

сөзімен түбірлес бусы-деген етістіктің «ашулану, бұрқан-тарқан болу» 

мағынасы  бар.  Сірә,  біз  талдап  отырған  сөз  көне  бусы-  етістігімен 

тамырлас болар.

Көбінесе  бұрсанып  тұлғасында  жазылатын  сөздің  бусанып  де-

ген  варианты  да  кездеседі  (оған  жоғарыдағы  Боран  жыраудан 

келтірілген мысал дәлел бола алады). Қырғыз тілінде де бұл образды 

тіркес  буурқанып-буусанып  түрінде  айтылады.  Қазақтың  жыр-өлең 

текстерінде  бұрсанып  түрінде  қалыптасу  себебін  өлең  жолындағы 

құрсану сөзіне ұйқастыру талабынан іздестіру керек болар. Мағынасы 

күңгірт сөздерді өлең шарты үшін дыбысталуы жағынан өзгерте салу 

– қазақ поэзиясы тілі үшін жат құбылыс емес.

Бұрсану  етістігінің  мағынасы  мен  төркіні  жөнінде  екінші  бір  

жорамал жасауға болады. Монғол тілінде бурчигна(х) сөзі бар, мағы- 

насы: «қатты ашулану». Ал тұлғасына келсек, түркіше бұрсану деген-

ге келеді: ч/с, и/а дыбыстарының алмасуын және г, ғ дыбыстарының 

түркі  тілдерінде  сусымалы  (түсіп  қалғыш)  екендігін  ескерсек, 

бурчигна(х) тұлғасы бұрсан(у) болып шығады. Сөйтіп, буырқану мен 

бұрсану  синонимдерге  жақын  (екеуінде  де  «қатты  ашулану,  қаһар 

көрсету» мағынасы бар) бірліктер ретінде қатар айтылып, бірін-бірі 

толықтыра, айқындай түскен сөздер болып шыққан-ау дейміз. 

БҰРШАҚ. «Қамбар батыр» жырында өзіне таласқан қалмақ ханы 

Мақтымды Қамбар жеңіп сұлатқан соң, қыз Лазымның (Назымның) 

көңілі орнына түседі, оны жыршы:



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау