Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет152/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162

386

лар; 7) медицина мен фармакологияға қатысты: дәрі-дәрмек аттары, 

бұл  саладағы  соңғы  кезеңдегі  дүниежүзілік  жаңалықтар  атаулары, 

мысалы, клон, клондау сияқты, сондай-ақ қазақтың халықтық медиц- 

инасының  кейбір  тұстарының  жандануына  қатысты  амал-тәсіл, 

іс-әрекеттердің атаулары; 8) информатика, кибернетика, компьютер- 

лендіру салаларының терминдері мен іс-әрекет атаулары; 9) ғылым- 

ның күнделікті өмірге қатысты жиірек қолданылатын салаларындағы 

термин және термин емес сөздер.

Осы  жерде  алдағы  жұмыстың  бір  қажетті  түрін  атауға  болады: 

жоғарыда  аталған  топтарға  жататын  жаңа  сөздердің,  тіпті  кейбір 

жаңа қолданыстардың, яғни әдеби нормаға еніп орнықпағандарының 

да толығырақ сөздігін түзіп, «Бүгінгі жаңа сөздер мен жаңа қол- 

даныстар» деген атпен көпшілікке ұсынылса және мұнда олардың 

қысқаша түсіндірмесі, кейбіреулерінде жақша ішінде орысша бала-

масы көрсетілгені жөн. Мүмкін мұндай сөздіктер келе-келе екі түрлі  

сипатта түзілер: бірі – жаңа сөздерді тіркеуші сөздік («фиксирую- 

щее  издание»,  қазақша  «Жаңа  қолданыстар»),  екіншісі  –  бүгінгі 

әдеби  тілге  енген,  нормаға  айналған  жаңа  бірліктердің  сөздігі

«нормативный  словарь»,  қазақша  «Жаңа  сөздер»).  Әзірге  біздің  

түзіп,  жариялап  жүрген  басылымдарымыз  –  лексикалық  жаңалық- 

тарды  тіркеуші  сөздіктер,  енді  осындағы  неологизмдердің  нормаға 

кіргендерін  іріктеп,  жеке  сөздік  етіп  (мүмкін,  шағындау  болар) 

ұсынуымыз керек және бұнда тек қазақша неологизмдер емес, өзге 

тілдер арқылы (мысалы, орыс тілі, ал орыс тілінің өзіне ағылшын, 

неміс,  француз  т.б.  тілдерден  енген)  келген  интерсөздерді  де  қосу  

керек.  Қазіргі  «Жаңа  қолданыстар»  сөздігінде  тек  екінші  компо- 

ненті  бөгде  тілдік  болып  келген  астам  держава,  аудиовизуалдық 



құрылғы,  бейнесалон,  даңқ  мемориалы  сияқты  тіркестер  мен  авто, 

авиа,  аэро,  кино  сияқты  «жарты  сөздер»  орын  алғандарында  ғана 

«орыс» немесе «интер» сөздер бар, ал толық сөз түріндегі жиі қолда- 

нылатын  бөгде  тілдік  неологизмдерді  де  «Жаңа  сөздер»  сөздігінде 

беру қажет.



Жаңа сөздердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы

оның ішінде күнделікті газет беттеріндегі көрінісі

Кейбір газет редакциялары әдеби тіл нормасында едәуір орнық- 

қан кірме сөздердің де көбін қазақшалап беруге кей-кейде бой ұрып 

отырады.  Мысалы:  «Ана  тілі»  газеті  біраз  уақыт  редактор  сөзін 



сарашы  деп  жазып  келді.  Сондай-ақ  газет  беттерінен  әулетесім 

(фамилия),  үнқағаз  (газет),  үналғы  (магнитофон),  төлқұжат  (па-

спорт), жеңіскер (чемпион) деген сөздерді қолдануға ұмтылып келді. 

Кейбіреулер  съезд/  сиез  дегенді  құрал,  резиденция  дегенді  тұғыр




387

проблема дегенді тауқыметдогма-ны сіреспеспрос дегенді әжет

гардероб-ты  адалбақан,  тіпті  дивизия,  полк,  офицер  сияқты  әскери 

атауларды  да  қазақтың  байырғы  әскери  лексикасымен  ауыстырсақ 

деген  ұсыныстарын  да  баспасөз  беттерінде  білдіріп  келді.  Әрине, 

әрекеттің  өзін  жазғыруға  мүлде  болмайды,  жаңа  сөздерді  ұсыну- 

шылардың пейілі дұрыс, әңгіме – тек қазақша баламалардың қазақ 

тілінің  құрылымдық  жүйесіне  олардың  мағыналық-тұлғалық  тұр- 

ғыдан  сай  келмей  жататындығында.  Сол  себептен  де  көптеген 

ұсыныстар тәжірибеде жүзеге аспай жатады. Тілдің өзі де, оны пай-

даланушылар да тым талғампаз: басы артық әлементтерді де, уәжсіз 

қосамжарлықты да, семантикалық кереғарлықты да көтермейді. Тіл 

де өзінің ішкі табиғи заңдылықтарын бұзбауға күш салады. Мысалы, 

гуманитарлық пәндер дегенді ізгілік пәндері немесе қайырымдылық, 

мархабаттылық  пәндері  деген  ұсыныстар  болғанмен,  оны  гума- 

нитарлық пәндер деп қалдырған-ды, дипломатиялық қарым-қаты- 

настар  дегенді  мәмлегерлік  қарым-қатынастар  деп  аударып, 

«қазақшалау»  дұрыс  емес  дегенді  зерделі,  тәжірибелі  аудармашы, 

жазушы Кеңес Юсупов баспасөз бетінде (Егемен Қазақстан, 2001, 3 

мамыр) дұрыс көрсеткен болатын. Мұнда сауатты уәжді пікірлерде 

газет  беттері  мен  конференция-жиындарда  батыл  айтылып  келеді. 

Өйткені тілді жаңа сөздермен байытуға күш салатын да, қолайсыз, жа-

рамсыз тұлғаларды қолданып қателіктер жіберетіндер де – күнделікті 

баспасөз  орындары.  Неологизмдердің  бұл  каналындағы  жарамды-

жарамсыз қолданыстарды қадағалап отыру – тек тіл мамандарының 

ғана емес, ана тілінің бары мен барысына, бүгінгісі мен болашағына 

немқұрайды қарай алмайтын әркімнің де борышы екендігі даусыз.

Бұл күндерде, әділін айтсақ, басты-басты республикалық, облыс- 

тық  газеттер  жариялап  жатқан  материалдарының  тілін  түсінікті, 

әсерлі, қалыпты етіп ұсынады (баспасөз стилінің міндеті де – осы), ал 

кейбір «беделді» деген газет-журналдардың неологизмдерді ұсынуға 

келгенде  шектен  тыс  кететіндіктері,  әрбір  редакция  мүшелері  мен 

мақала авторларының «шығармашылық» таланты өршіп кететіндігі 

де айтарлықтай байқалады. Бұлардың ниеттері түзу болғанмен, «тіл» 

деген ғаламда норма, дәстүр, шек, саты, сөз мәдениеті дегендердің 

бар екендігін де естен шығармау керек.

Бүгінгі  неологизмдердің  көп  және  жиі  қолданылатын  орнына 

қарай  екінші  тобы  деп  таза  ғылым  мен  техникаға  қатысты  әде- 



биет саласын атау керек. Бұл саладағы жаңа сөздер ғылыми еңбек- 

терде,  жоғары  оқу  орындарына  арналған  әдебиеттерде,  ғылымның 

әр  саласының  терминологиялық  сөздіктерінде  беріледі.  Алдыңғы 

аталған салалардағы неологиялық бірліктер көпшілікқолды болса, 

соңғы топтағылар қолданылу аясы шектеулі арнаулы болып келеді. 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау