380
логия оқулығында бұрыннан сутегі, оттегі, көміртегі деп жасалған
химия терминдері сутек, оттек, көміртек деп изафеттік құрылысты
(тәуелдік жалғаулы тіркес тұрпатын) алыпты. Осы сияқты соңғы
жылдарда жиі көріне бастаған: кірепұл (кіренің пұлы), жолсерік
(жолдың серігі), түпбейне (бір нәрсенің түбінің бейнесі – прообраз).
Тілдің өз тәртібімен ілгері жылжу процесінде сөз тудыру-
шы жұрнақтардың кейбіреулерінің активтенуі байқалады. Соңғы
мыңжылдықтарда белгілі іс-әрекеттің субстантивтенген, яғни заттық
(зат есімдік) атауын білдіруде ым/ -ім жұрнағы өте жиі жұмсала ба-
стады. Қазақ тілі үшін спектакльдің қойылымы, сенат мәжілісінде заң
жобасының оқылымы, жинақ кассасындағы салым, сөзжасам, айна-
лым, ашылым, жарияланым (публикация),
ауысым (смена) дегендер
– жаңа тұлғалар, бұрын етістіктің субстантивтенген түрі көбінесе
-у жұрнағымен берілетін:
спектакльдің қойылуы, заң жобасының
екінші рет оқылуы, жинақ кассасына ақшаның салынуы, сөз жа-
сау түрінде айтылып, жазылатын, өйткені
-у жұрнағымен келген
етістік тұлғасында заттық семантика (субстантивтену) бары есеп-
ке алынатын, бірақ оларда қимылдық мағына үзілмейтін, ал -ым
жұрнағымен берілген сөздерде таза субстантивтік (заттық) мағына
танылады. Демек, жұрнақтардың қызметін дәл пайдалану – тілдің
өз сұранысы деу керек. Мұны тек -ым жұрнағының активтенуінен
ғана емес, өзге де -гер (иегер, тәлімгер, ардагер, атомгер), -ма
(бағдарлама, дәйектеме, кепілдеме, топтама), -ман (оралман, алар-
ман, базарман) деген жұрнақтардың да өнімді аффикске айналып
отырғаны дәлелдейді. Бұларды жаңа сөз жасаудың мықты амалына
айналдыру әрекетінің нәтижесінде 70-80-жылдарда көрініп, бірақ
кейін қолданыста орнықпаған газеткер, бұйырман (заявка), бағагер
(ценитель), дайындама (заготовка), даярлама, талдама (разработка),
жалаугер (флагман), жариялама (репортаж), жеңіскер (чемпион),
жоспарлама (планерка), зерттеме (разработка), киногер (кинемато-
граф), мазақтама (скетч), мақсаткер (целеустремленный), сүйермен
(болельщик), сығымдама (слиток металла), танымгер (знаток, ма-
стер), хабаргер (әскери тыңшы, разведчик), шығарылым (выпуск)
деген тұлғалар да жасалып, бір-екі рет баспасөз беттерінде көрініп
немесе ұсынылып жүрді. Олардың әдеби нормаға кіре алмаған
себептері әрқилы: бірқатарының сәттілеу варианттары қоса не кейін
ұсынылып, солар ығыстырды, енді бірсыпырасының мағынасы
білдірмек ұғымға сай келмеді т.т. Көрсетілген жұрнақтармен қатар
хана, нама, наме, хат, жай сөздерінің сөз тудырушы элемент болып,
аффикстік қызметте жұмсалуы жүйелі түрде кездесе бастады. Бұл да
– таза лингвистикалық фактор.
381
Көрсетілген сөздер мен жаңа бірліктердің кейбіреулерінің жасалу
уәждері экстралингвистикалық болуы мүмкін. Мысалы, сенімхат,
әсемхат (открытка), жеделхат (телеграмма), дабылхат, дерекнама,
өмірнама, ғарышнама, жаднама, тарихнама, сапарнама, мадақнама,
жылыхана (оранжерея), зертхана (лаборатория), мәйітхана/өлікхана
(морг); көшетжай (рассадник), жағажай (пляж), саяжай (дача)
сияқты жаңа атаулардың пайда болуы сыртқы талаптарға байланы-
сты.
Лексикалық мағынасы бар сөздердің сөз тудырушы қызметке
жүйелі түрде (бірнеше сөз қатарын түзіп) кірісуі процесс (амал)
ретінде тілдің өзінің заңдылығы болса, бұл жолмен жаңа сөз
жасаудың уәжі экстралингвистикалық факторлар болуы да мүмкін.
Айталық, жылыхана, зертхана, мәйітхана, көшетжай, жағажай,
саяжай сөздері білдіріп тұрған ұғымдар (заттар) – қазақтың тұрмыс-
тіршілігінде бұрып болмаған тың дүниелер.
Тіл-тілдің қай-қайсысында да сыртқы экстралинвистикалық
фактор тіл дамуының ішкі өз заңдылықтарына әсер етіп, ол заңды-
лықтардың жаңа түрлерін туғызуы немесе барларының кейбірін
жандандыруы не әлсіретуі мүмкін. Мұны бүгінгі қазақ тілі фак-
тілері жақсы көрсетіп отыр. Атап айтқанда, бүгінгі таңда қазақ
лексикасының жаңа сөздермен толығу процесінде аффиксация
(жұрнақ жалғау), сөз мағынасын ауыстыру сияқты бұрынғы тәсіл-
дермен қоса сөз біріктіру мен бірқатар мағыналық сөздерге сөз туды-
рушы қызмет арту (сөздердің парадигматикалық класын түзу) амалда-
ры активтеніп отыр. Сөз біріктіру тәсілі әсіресе пәндік және ғылыми
терминдерді жасауда өте-мөте көзге түседі. Бұған, мысалы, биология
оқулықтарындағы өсімдік, аң-құс аттарының көбінің екі түбірден
жасалып, бұрыннан біріккен сөз ретінде жазылуы дәлел (қырықаяқ,
итбалық, қозықұйрық, қарақұс, жалбызтікен, қырықбуын). Осы
үлгімен аң-құс, өсімдік, балық, құрт-құмырсқа сияқтылардың тұқы-
мын, класын және басқадай классификация түрлерін атау үшін екі
түбірдің тіркесін алып, оларды біріккен тұлға етіп терминдеу
заңдылыққа айналды: жарғаққанаттылар, буынаяқтылар, ішек-
қуыстылар, сүтқоректілер. Соңғы жылдарда ұсынылған нәруыз
немесе ақуыз (белок), орамжапырақ немесе қырыққабат (капу-
ста) сияқты қазақша жаңа атаулар да екі сөзден тұратын тіркестен
біріктіріп бір сөз жасау – бұрынырақтан келе жатқан дәстүрді әрі
қарай жалғастыру болып танылады.
Міне, қазақ тілінде жаңа сөздердің пайда болу уәждері, себептері
және кезеңдері, бұл кезеңдердің ең соңғысы – кейінгі 10-15 жылдағы
сипаты осындай.