Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет148/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   162

378

қылтүтік,  қылтамыр  деген  химия,  геометрия,  ботаника  тер- 

миндерінен бастап, бұл күнде біріккен сөз дәрежесінде (белгісінде) 

көрінетін  жағажай,  саябақ,  тәттідәм,  гүлсағақ,  гүлдесте,  гүл- 

шанақ,  бунақденелілер,  жолсерік,  кірепұл,  орынтақ,  түпсана  (под-

сознание),  мәнмәтін  (контекст)  сияқты  жаңа  сөздердің  түпнегізі 

тіркес  екені  айқын.  Мұндай  біріккен  сөздердің  жасалу  амалдары, 

оларды  жасайтын  компоненттерінің  семантикалық-функционалдық 

сипаты арнайы зерттеліп, жақсы түсіндірілді (Р.Сыздық Тілдік нор-

ма және оның қалыптануы. - Алматы: Елорда, 2001) атты кітаптағы 

Қ.Күдеринованың  «Құрама  сөздер  және  олардың  емлесі»  атты 

қосымша материалын қараңыз). Сөз тіркесі арқылы 1970 жылдарда 

пайда болған жаңа сөздер (біріккен сөз ретінде қосылып жазылған- 

дары да, тіркес ретінде берілгендері де) «Қазақ лексикасындағы жаңа 

қолданыстар» деген атпен 1983 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан 

жұмыста тіркелген болатын. Мысалы: мұндағы ақжайма, Ақшақар, 

аскөгі  (кейін:  аскөк),  балабақша,  басқосулар,  гүлтәж,  жағажай, 

жаяусоқпақ,  желаяқ,  жолсерік,  көкөніс,  күйтабақ,  мұзойнақ  де-

гендер  тіркестен  барып  біріккен  сөзге  айналған  неологизмдер  бол-

са,  аграрлық-өнеркәсіптік  бірлестік,  алтын  той,  астам  держава, 

бұқаралық информация (кейін  ақпарат) құралдары, дөңгелек стол 

(кейін  –  үстел),  материалдық  көтермелеу,  шетке  шығару  (экс-



порт), шеттен келтіру (импорт) сияқты атаулар – бір семантикалық 

құрылым ретінде терминдік мәндегі тіркес неологизмдер. Осы әдіс 

әрі қарай да жалғасып, бұл күнде, яғни соңғы 10-15 жылдың бары-

сында бетесеп (лицевой счет), аққандылық (белокровье), ғаламшар 



(планета), нәруыз/ақуыз (белок), іссапар (командировка), сауалнама 

(анкета),  орамжапырақ  (капуста),  тұсбағдар  (компас),  үйқамақ 

(домашний  арест)  сияқты  біріккен  сөздер  мен  бос  орын  (вакан-

ция), ұлғайтатын қоләйнек (лупа), сынақ-тәжірибе (эксперимент), 

сыбайлас  жемқорлық  (коррупция),  жылжымайтын  мүлік,  атау-

лы  көмек,  сынақ  алаңы,  ұялы  телефон,  тұтыну  қоржыны  сияқты 

неологиялық тіркестерді таба аламыз. Демек, соңғы жылдарда тілдің 

ішкі  заңдылықтарының  бірі  –  аналитикалық  тәсілдің  бұрынғыдан 

күштірек жанданғаны байқалады, бұл амалдың жаңа бірліктер жасау-

да кеңінен қолданылып отырғаны көзге түседі.

Тіл дамуының ішкі мүмкіншіліктерінің тағы бірі – сөз мағынасы- 

ның  кеңеюі  мен  тарылуы  болса,  мұның  екеуі  де  неологизмдердің 

жасалуында кеңінен болмағанмен, орын алып келеді. Айталық, ашу-



лар (ұлы географиялық ашулар) сөзінің нақты қимылдық мағынасы 

(есікті ашу, терезені ашу дегендегі сияқты) кеңейіп, дерексізденіп, 

«жалпы жаңалық ашу» деген ұғымды атауға жұмсала бастады. 1985 

жылғы  тіркеуде  бұл  термин  ашылым  болып  туынды  тұлға  ретінде 




379

көрсетілген  болатын.  Бірлік  сөзінің  мағыналық  қозғалысы  тіпті 

қызық: бұл сөздің негізгі мағынасы – нәрсенің біреу екендігін (мы-

салы,  Алланың  бірлігі,  барлығы)  атайтын  дерексіз  ұғымдағы  сөз, 

екінші  мағынасы  –  «бір  мақсатты,  бір  идеяны  көздеушілердің  іс-

қарекеті» (ауызбірлік, «бірлік болмай тірлік болмайды» дегенге көңіл 

аударыңыз), енді осы екі мағына әрі қарай кеңейіп, «тұтас дүниенің 

(нәрсенің, заттың т.т) құрамды бөлігі», мысалы, лексикалық бірлік – 

единица – сөз, жылу (физика термині), тозаң (радиациялық тозаң 

дегендегі),  сұлба  (география,  геометрия  термині),  жылыстау  (ми-

грация),  алап  («өңір»  мағынасында:  Сырдария  алабы),  нысан  (объ-

ект),  мұзбасу  кезеңі  деген  сөздердің  жаңалығы  –  мағыналарының 

кеңеюінде,  бұрынғы  мағыналарынан  тыс  екі-үш  тың,  көбінесе 

терминдік мағынада жұмсалуында.

Тіл  дамуының  ішкі  заңдылықтарының  және  бірі  –  ықшамдау, 

үйлестіру, үнем немесе үнемдеу заңдары екендігі жоғарыда аталды. 

Бұған сөздің тұлғасын ықшамдау, мағынасын тұрақтандыру сияқты 

тілдің өз «қарекеттері» жататыны мәлім. Бұның көрінісі алдыңғы екі 

құбылысқа қарағанда әлсіздеу. Сірә, сөз тіркесіндегі екі компонентті 

біріктіру арқылы жаңа бірлік жасағанда, компоненттердің біреуінің, 

кейде  екеуінің  де  семантикалық,  синтаксистік  қатынастарын  таны-

татын  жалғау-жұрнақтарды  ықшамдау)  (алып  тастау)  тәсілі  жиірек 

кездеседі.  Мысалы,  айнамұз  («каток»  мағынасындағы)  неологизмі 

о  баста  «айнадай  (жарқыраған,  біртегіс,  жалтыр)  мұз»  болса  ке-

рек,  бұл  жерде  теңеу  жұрнағы  қысқарған;  әнұран  неологизмі  – 

«әнмен білдіретін ұран» (мақсат, мұрат, идея) деген тіркестің әбден 

ықшамдалған  варианты;  әуежай  («әуеде  ұшатын  ұшақтар  орнала-

сатын, қонатын орын-жай»), саяжай (жанға сая беретін жай, орын), 

тілашар (бейтаныс тілді үйренуге жол ашар әрекет – үйрету, оқыту, 

көрсету  т.т.)  Біздің  ойымызша,  соңғы  70-80  жылдың  барысында 

жаңа сөз жасауда сөздердің семантикалық, грамматикалық құрылым 

тұрпатын  бұзып,  қысқарту  амалы  актив  қолданылып  келе  жатқан 

сияқты.

Тәуелдік жалғаулы сөз бен алдындағы ашық, жасырын тұлғадағы 



ілік септіктегі сөздің жалғаулары түсіріліп, екеуі кірігіп (бірге, бір дем-

мен) айтылуы – қазақ тілінде бұрыннан бар табиғи заңдылықтардың 

бірі.  Мысалы,  келсап  (келінің  сабы),  қаламсап  (қаламның  сабы), 

қаламұш (қаламның ұшы), қызойнақ (қыздардың ойыны), жолайырық 

(жолдың  айырығы),  көзкөрген  (көздің  көргені)  дегендердің  моделі- 

мен бірқатар тәуелділікті тіркестерді (изафеттерді) ықшамдап, яғни 

қосымшаларын қысқартып айту және жазу үрдісі бағыт ала бастаған 

сияқты. Мұның бір көрінісі жаңадан өңделіп түзіліп жатқан сөздерде 

байқалады. Мысалы, 2005 жылы шыққан 9-сыныпқа арналған био-




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау