382
Жаңа сөздердің жасалу көздері
Соңғы кезеңде де қазақ тілінің лексикалық бірліктерін жасай-
тын көздер, алдымен, қазақ тілінің өз мүмкіндіктері, екінші, бөгде
тілдер. Соңғылардың ішінде интернационалдық қор, ішінара орыс
тілі (бұл – қазірде өте сирек), некен-саяқ өзге түркі тілдері (ұшақ,
ақпарат, мәтін, сынып сияқты бірлі-екілі сөз түрік, ұйғыр тілдері
қолданыстарынан алынғаны байқалады, соңғы үш сөз – араб тілінікі,
олар бұл күнде өзге түркі тілдерінде актив қолданылып келген)
сияқты бөгде тілдік қор болып отыр. Әсіресе ғылым мен техниканың,
экономиканың, өндірістің соңғы онжылдығында көрінген жаңа-
лықтарын, оның ішінде компьютерленуге, информатиканың түр-
ленуіне қатысты сөздерді қанша қашқақтасақ та, халықаралық ортақ
қордан алып отырмыз: компьютер және оған қатысты өзге атау-
лар дискет, файл, веб-сайт, факс, интернет, сол сияқты өзге де
салалардағы бюджет, менеджер, акциз, тендер, инвестор, аудит,
транш, маркетинг департаменті, фирма, компаниялар, резюме
(өтініш жазушы адамның өзі туралы мәлімет), телекоммуникация,
вахталық жұмыс, технология, консорциум, конденсат кен орны
сияқты сөздер бүгінгі баспасөз беттерінен орын алды. Бұлар – бүгінгі
қазақ тілі қазынасынан орын алған кірме деп аталатын үлкен топ.
Бөгде тілдік кірме сөздер туралы ілгеріде айтылды.
Бұлардың бірен-саранын қазақшалау әрекеті бірер жерде көрініп
қалады. Мысалы, жұмысқа орналасу сияқты әрекеттерде ұсыныла-
тын резюме деген қағазды түйіндеме деп беріпті.
Ал неологизмдердің келесі тобының көзі – қазақ тілі қазынасы.
Олардың дені жаңа ұғымдарды (қазақ мәдениеті үшін жаңа, әйтпесе
ол ұғымдардың көбі европа халықтары мен орыстар үшін қолданыс-
та көрінетін бірліктер ғой) қазақша атауға жатады, бірақ сан жағынан
олар аса көп емес. Мысалы, шаруашылығымызды, қоғамдық тәртіп-
терімізді капиталистік қарым-қатынасқа енді көшіріп жатқан қазақ-
тар үшін жаңа болып табылатын ұғымдар мен заттардың атаула-
ры, айталық, приватизация дегенді бұрын біз білген емеспіз, оны
қазақшалап жекешелендіру деп алдық. Сол сияқты спонсор дегенді де
бұрын білген емеспіз, оған демеуші деген жаңа сөз алдық. Бұрынғы
тіршілігімізде бір орында тұратын үй, өндіріс орны, мекеме жайы
т.т. дегендердің өздері дүниеде бар болғанымен, оларды жылжы-
майтын қор деп мүліктің иелігін анықтауда, заң істерінде, құжаттар
жүргізуде қажет нысан ретінде атау енді туып отыр, демек, оның
термині де (атауы да) жаңа, ол да қазақ тілінің өз мүмкіндігінен
жасалған.
Іс-әрекеттің, заттың, құбылыстың өзі болғанмен, оның күнделікті
қоғам өмірінде әлеуметтік-реттеушілік мән алуы, яғни жиі сөз бо-
383
лып, активтене түсуі енді-енді көріне бастағандары болады. Мыса-
лы, бір нәрсені тізімге алу тәртібі жандана бастағандықтан, осы іс-
әрекеттің заттық атауы (опись) үшін тізімдеме деген жасанды тұлға
қолданыла бастады. Бұл қатарға лездеме (бұл – бұрынырақ енгізіле
бастаған сөз, орысша «пятиминутка» деген қарапайым атаудың
қазақша эквиваленті), ермектеме (сконворд), абаттандыру (бла-
гоустройство) (бұл сөз көбінесе Астана сияқты қалаларға қатысты
жиірек қолданылып жүр), әлемдік ашылулар (глобальные открытия).
Бұлардың жаңалығы – олар білдіретін ұғымдардың (заттардың, іс-
әрекеттердің) термині болып танылатын жаңалығында, яғни ашу,
ашылу етістігі аса кәнігі, таныс сөз, ал одан жасалған ашылулар
тұлғасы бүгінгі адамзат болмысында, оның ішінде ғылым мен тех-
никада, жалпы таным-білімде ашылып жатқан жаңалықтар деген
ұғымды атайды.
Тілдегі жаңа сөздердің бір көзі – орыстың өз тіліне келсек, мы-
наларды атауға болады. Бұрынырақтан келе жатқан ведомство, на-
секомдар (мұны
бунақденелілер деп атаушылық бар),
ось (мұны
соңғы кезде кіндік деп атау ұсынылған, ал Х.Досмұхамедов жердің
өз шүлдігінен айналуы деп берген), ядро, шар, станция (бұл сөз
станса деп шала қазақшаланып жүр: егер сөздің өзіне тимей, сыртқы
тұлғасын қазақшалау керек болса, ыстансы болу керек), тепловоз,
паровоз, шахта (мұны да
үңгі деп атауды жөн көретіндер бар) деген
5-10 сөз болмаса, көптеген орыс тілінің сөздері, әсіресе тұрмыстық
лексикаға жататындар (простыня, медсестра, наушник, значок, ван-
на, кнопка, варенье, печенье сияқты сөздер) бұл күнде қазақша бала-
масы жасалып, жаңа қолданыстар санын өсіріп отыр.
Қазақ тіліндегі жаңа бірліктердің тағы бір көзі – жергілікті
ерекшеліктер деп аталатын диалектизмдер. Сан жағынан, бұлар да
– көп емес, дегенмен қазіргі егемен, ұжым, кешен, зілзала сияқты
бес-он сөз бұрын Қазақстанның белгілі аймақтарында жұмсалатын,
жалпыхалықтық әдеби нормадан шеттеу тұратын сөздер болса, бұл
күнде олар өте өнімді жұмсалатын бірліктер болып, әдеби тіл норма-
сынан орын алып отыр.
Жаңа лексикалық бірліктерге жататын сөздердің бір тобын гене-
тикалық «жартыкеш» тұлғалар, яғни алдыңғы сыңары авиа, авто,
аэро, кино, изо, супер, аудио, инфра, эко, пост т.б. сияқты сөзалды
тұлғалардың қазақ сөздерімен бірігіп жасалған жаңа бірліктер
құрайды. Бұл топ қазақ тілінің лексикалық қазынасында XX ғасыр-
дың 30-40-жылдарынан бастап орын алған болатын, сондықтан бұлар-
дың сөздіктерде көрсетілгендері жалпы қазақ тілі үшін жаңа тұлғалар
болғанмен, соңғы 10-15 жылдың барысында пайда болғандары аса
көп емес, барлары негізінен кибернетика, компьютерлену, ин-
форматика, ішінара космология салаларына қатыстылары болып