Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет154/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162

390

тоймайтын ашқарақ, қомағай, жебір» дегенді білдіреді екен. Сөздің 

семантикалық өрісіндегі «жапырып жалмай беретін» деген семасын 

(мағыналық реңкін) пайдаланып, адам ағзасын бүлдіруде «қомағай, 

жалмап  жұтатын»  (өлімге  ұшырататын)  аурудың  аты  ретінде 

жұмсалғанда семантикалық трансформация құбылысы жүзеге асып 

тұр. Ал пәле атауы нақты терминдік атаудан гөрі экспрессивтік атауға 

жақын («пәле болып жабысқан науқас»), бұл сөздің мағыналық күші 

әлдеқайда әлсіз.

Тағы бір-екі талдау жасасақ. Бұл күндерде парламент отырыста-

рында депутаттардың үкіметке немесе жеке министрлерге, жауапты 

адамдарға  белгілі  бір  проблемалар  жөнінде  сұрақтар  қойып,  жауап 

қайтаруды,  мәселенің  мән-жайын  түсіндіруді  талап  етеді.  Демек, 

бұл  қойылатын  сұрақтардың  ресми  термині  –  атауы  болу  керек. 

Мұндай атауға қазақтың бір сөзі сұрау дегеннің синонимі – сауал сөзі 

алынған. Сауал сөзінің кәнігі семантикалық ауқымы сәл кеңейтіліп, 

ресми  саяси  реңк  үстеліп,  неологиялық  бірлік  жасалып  тұр.  Дәл 

осындай семантикалық-неологиялық трансформация сұхбат сөзінде 

көрінеді.  «Әңгіме-дүкен  құрған  жай  отырыс,  жиын»  мағынасында 

ғана жұмсалатын сұқбат/сұхбат сөзін «баспасөзде, радио мен теле-

видениеде  хабарлау  үшін  сұрақ-жауап  түрінде  жүргізілген  әңгіме» 

деген мағына беретін орыс тіліне ағылшын тілінен алынғап интер-



вью  терминінің  баламасы  ретінде  ұсынылып  жүр.  Бұл  сөз  бұдан 

20-30  жыл  бұрынғы  неологизм  деуге  де  болады,  бірақ  жиірек 

қолданылып, ресми термин ретінде тұрақталған кезең – соңғы 15-20 

жыл деп айтуға болады. Өйткені соңғы онжылдықтарда ресми әңгіме-

дүкеннің жиірек орын алуы қоғам өмірінде ауызша тілдің әлеуметтік 

қызметінің арта түсуіне де байланысты деуге болады.

Сөйтіп,  аса  жиі  болмағанмен,  сөз  мағынасының  семантикалық 

ауқымынан жаңа бірліктер жасаудың ретін табу – бүгінгі неологияның 

қажетті амалдарының бірінен көрінеді.

Екінші  кезекте  тұрған  деп  аффиксация  амалын  атау  қажет. 

Әрине,  бұл  деривациялық  құбылыс  –  жаңа  лексикалық  бірліктер 

жасауда  қашанда  да  көрнекті  орында.  Бірақ  әр  кезеңде  белгілі  бір 

жұрнақтардың қызметі артады, кейбірі өте сирек көрінеді.

Бұл  жерде  сөз  болып  отырған  кезеңде  жаңа  бірліктер  жасауда 

кездесетін  барлық  жұрнақтарды  түгендеп  шықпай,  аса  жиі  қолда- 

нылғандарын атауға болады. Олар: -ым/-ім (оқылым, қойылым); -ма/-



ме, -па/-пе) (сынама – проба, тежеме – тормоз, нұсқама – стрелка), 

-гер (баспагер, бітімгерлер, мерейгер) жұрнақтары.

-ым/-ім  жұрнағы  –  етістіктен  есім  тудыратын  аффикс,  ал  оның 

жандануына қимыл атауынан есім атауын жасау қажеттігі себепкер 

болды. Айталық, оқылу сөзі қимылды атайды, ал есім оқылым – осы 



391

қимылдың  субстантивтенуі,  әрекеттің  заттық  атауы,  бұл  неологизм 

парламент  сияқты  ресми  орындарда  белгілі  бір  заңның  жобасын 

қабылдау үшін оның мәтіні оқылады, осы іс-әрекеттің заттық аталуы 



оқылым  болмақ.  Бұрын  мұндай  морфологиялық  трансформацияны 

тұйық етістік тұлғасы –  жұрнақты пайдаланылушы еді. Бұл тұлғада 

да  қимыл  мағынасы  (семасы)  сақталатындықтан,  енді  номинация 

заңы бойынша әрбір зат, қимыл, сын өз атымен бөлек аталу талабы 

туып отыр, сондықтан «пәлен деген заң жобасы бірінші оқылуында 

қабылданды» демей, «бірінші оқылымда қабылданды» деп мәлімдеу 

ресми-кеңсе тілі стилін (нормасын) сақтау болмақ.

Осы  үлгіде  соңғы  жылдарда  баспасөз  беттерінде  орын  алған 



жөнелтім –«тауарды бір жерден, айталық, зауыттан немесе басқа бір 

елден екінші жерге жөнелту» деген жұмыстың (актінің) атауы (орыс-

ша – отправка); ұшырылым (орысша – запуск ракеты), өтінім – за-

явка,  түсім  –  поступление,  тіркелім  –  прописка,  ауысым  –  смена, 



шығарылым  –  выпуск,  сайланым  –  созыв  (парламент  сайланымы), 

өткізілім – реализациятізілім – реестр, қойылым – постановка.

Жаңа  сөз  жасауда  көбірек  қолданылып  жүрген  жұрнақтардың 

тағы біреуі – -ма/-ме,-па/-пе жұрнағы. Бұл да етістіктерге жалғанып, 

қимылдың есімге айналған мағынасын білдіреді: сараптама – экспер-

тиза, іріктеме – сорт, тізімдеме – опись, тәртіптеме – распорядок, 

хаттама  –  протокол,  түйіндеме  –  резюме,  ермектеме  –  сканворд, 

сынама – проба, тежеме – тормоз т.б. Соңғы көрсетілген жұрнақ зат 

есімнен -та/-те жұрнағы арқылы жасалған етістіктерден қайтадан зат 

есім жасайды (сарап+та+ма, тізім+де+ме). Қайыра жасалған сөзде 

алғашқы түбірдің семантикалық мәні сақталады, бірақ заттық атауы 

өзге болады.

Кейбір  техникалық  құрал-сайман,  әртүрлі  зат  атаулары  үшін 

күні  бүгінге  дейін  енжарлау  (пассив)  жұмсалып  келген  кейбір 

жұрнақтарды жалғап, жаңа номинативтік бірлік жасау әрекеті көріне 

бастады.  Мысалы,  көбінесе  орысша  болт  деп  аталып  жүрген  зат-

ты бұран деп ұсыну, броня дегенді берен деп, қазақша атауды жөн 

көру етістіктен есім тудыратын байырғы -ын/ -ін жұрнағын іске қосу 

болып  табылады.  Сол  сияқты  воронка,  вставка  деген  техникалық 

атауларға құйғы, салғы деген жаңа сөздерді телуде де етістіктен (құй, 

сал)  зат  есім,  яғни  құрал-жабдықтың  немесе  олардың  бөліктерінің 

атына неологизмдер берілсе, бұл жерде осы қызметті атқарып келген 

(шалғы, үзеңгі) байырғы -ғы/ -гі жұрнағы алға тартылған. Ал бұл ата-

улар үшін жаңа тұлғалардың қажеттігі – оларды білдіретін заттардың 

бұрын қазақ тіршілігінде болмағандығы, жаңа шаруашылық түрлері, 

жаңа  құрал-жабдықтар,  құрал-саймандар  немесе  олардың  жеке  де-

тальдары пайда болып, атаулары орыс тілі арқылы танылғандығында, 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау