402
көрсететін жаңа кезеңін бастан кешіруде. Бұған қазақ тілінің мем-
лекеттік тіл дәрежесіне ие болуы басты экстралингвистикалық фак-
тор болса, екіншіден, адамзат қауымдастығы мәдениетінің, әсіресе
ғылыми-техникалық жетістіктерінің пайда болуы, бұл процестен
қазақ қоғамы да шетқақпай қалмайтындығы – екінші тегеурінді
күштердің бірі болды. Үшіншіден, өзге де дамыған, әлеуметтік-
рухани қызметі артып келе жатқан қазақ тілінің табиғи ішкі дамуы
тілдегі жаңалықтардың осы кезеңде айтарлықтай молынан пайда
болуына басты себепкерлердің бірінен көрінеді. Қазақ әдеби тілінің
әсіресе лексикалық қазынасының осылайша толыға түсуі алдағы
онжылдықтар кезеңдерінде де кеңінен орын ала береді деп болжауға
болады.
Жиі қолданылатын жаңа бірліктердің қатарында әріптерден
және әріп+буын түрінде келетін қысқарған сөздер де баршылық.
Бұл – соңғы онжылдықтардың «табысы», яғни құрама атауларды
баспасөзде, одан барып ауызекі сөйлеу тілінде толық атап (жазып)
жатудың орнына уақыт пен қағаз бетін көп алмас үшін пайда болған
тілдік амалдардың бірі ретінде қазақ тілінде активтенген құбылыс.
Көп сөзден тұратын құрама атаулар көбінесе соңғы онжылдықтарда
дүниеге келген мемлекеттік орындардың, ұйымдардың, мекемелер-
дің, қозғалыстардың, әлеуметтік мәні бар іс- әрекеттердің атта-
ры болып келеді. Ал ертеректен қалыптасып, қолданылып жүрген
қазақша қысқартулар да бар, бірақ олар өте аз болатын. Қысқарған
атаулар көбінесе орыс тіліндегі тұлғасында қолданылатын. Мұның
салқыны (дәстүрі) күні бүгінге дейін тиіп келеді. ЮНЕСКО сияқты
халықаралық ұйым атаулары, СПИД, ВИЧ сияқты медициналық
атаулар қазірдің өзінде баспасөз беттерінде де, ауызекі сөйлеу тәжі-
рибемізде де «орысша» қолданылады.
Қысқарған есімдерді қажет ететін тіл алаңы – негізінен баспасөз,
демек, тілдегі жаңа құбылыстардың бұл түрі – баспасөздің «жемісі»,
ал бүгінгі кезеңде баспасөздің тілдегі орны, рөлі, ықпалы өте күшті
екені белгілі. Нәтижесінде бүгінгі қазақ тіліндегі жаңалықтардың
ішінде қысқарған сөздер – кейінірек активтенген және әрі қарай
ұласа түсетін категорияның бірі. Алғашқы сөйлемдерде бірнеше
сөзден тұратын құрама атаулардың «ашылған» (сөздері түгел
айтылған) түрін келтіріп, әрі қарай қысқартылған тұлғасын қолдану
жиі кездеседі. Бұл амал әсіресе газет беттеріндегі жарнамаларда,
құлақтандыруларда, мақала мәтіндерінде жиі орын алады. Мыса-
лы: ЕсҚКБ (Есірткіге қарсы күрес басқармасы), ЖІӨ (Жалпы ішкі
өнім), ІЖӨ (Ішкі Жиынтық өнімі), ҚҚС (Қосымша құн салығы),
ЕҚҚБ (Еуропадағы қайта құру және даму банкі), СІМ (Сыртқы істер
министрлігі), ІІМ (Ішкі істер министрлігі) т.б.
403
Қысқарған атаулардың ішінде ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік
Ұлттық университеті), ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік),
АҚ (Акционерлік қоғам), ҚазҰПУ (Қазақтың Ұлттық педагогикалық
университеті), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы), БҰҰ
(Біріккен Ұлттар Ұйымы), ҚР (Қазақстан Республикасы), ҰБТ
(Ұлттық бірыңғай тестілеу), ҰҒА (Ұлттық Ғылым академиясы) деген
түрлері – бұл күнде әрбір оқырманға бірден түсінікті болып келетін
қолданыстар. Уақыт өткен сайын бұлардың саны көбейе түседі,
өйткені тілдегі үнемдеу заңы, баспасөз тілінің ерекшелігі сияқты
факторлар барған сайын күшейе түсетін шындық екендігі – даусыз.
Дегенмен бұл құбылыстың тіл мәдениетіне тигізетін кері әсері де
жоқ емес. Газет беттерінде жеке мақалалар мәтінінде кездесіп қала-
тын кейбір қысқартулардың «ашылған, толық» түрін тап басу оңай
емес. Өйткені кейде атаудың ашылған толық тұлғасы мәтін ішінде
келтірілмейді.
Бүгінгі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің бірқатары көпшілік қолда-
нысына бірден сіңісіп кетті, өйткені олар тілдік норманың шарттары-
на жауап бере алатын жаңа бірліктер болып шықты. Атап айтқанда:
а) беретін ұғымға семантикалық өлшемі сай келді; ә) әлеуметтік
талғамның үдесінен шықты; б) қолданыста олардың ортақтық,
дәстүрлілік, тұрақтылық сипаттары қалыптасты. Мысалы, орыс
тіліндегі -изация жұрнағымен жасалған сөздердің қазақша бала-
малары дәл беріледі, өйткені бұл термин адам баласы жасайтын
іс-әрекеттің атауын білдіреді, ал іс-әрекетті атау үшін қай тілдің де
қауқары күшті болып келеді: приватизация – мүлікті т.б. жеке
меншіктің қолына беру, бір таңбамен бергенде – жекешелендіру; мо-
билизация – (бір іске)
жұмылдыру,
модернизация – жаңалау; глоба-
лизация – жаһандану, либеризация – ырықтандыру.
Мағыналық сәйкестікке семантикалық деривацияның, яғни
сөз мағынасын кеңейтіп не тарылтып жаңа мағына берудің орны
айрықша. Айталық шамшырақ деген сөздің лексикалық мағынасы
– «жарық беретін зат»: шам мен шырақ, жаңа мағынасы – «жол
көрсететін, үлгі болатын адамдар немесе олардың іс-әрекеттері».
Телеграмма сөзінің
жеделхат деген баламасы неологизм ретінде тез
қабылданып кетуіне телеграмма сөзінің семантикалық ауқымында
«жазылған дүние – хат» және «жедел жететін хабар» ұғымдары бар
екендігі себеп болған.
Неологизм ретінде ұсынылған (ұсынылатын) кейбір сөздердің
тілде: оның әдеби жазба түрінде де, тіпті ауызекі сөйлеу тілінде де
көп қолданылмай, тұрақтай алмауының екі-үш себебі бар. Біріншіден,
белгілі бір орыс тілінде айтылып жүрген сөздердің, оның ішінде
терминдердің ғана емес, тұрмыстық лексикаға жататын кейбір жай