Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет143/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162

368

қолданылып  келген  устав,  программа,  протокол,  указ,  секретарь, 



председатель,  пенсия,  пенсионер,  ветеран,  рекомендация,  доку-

мент,  тенденция,  командировка,  проводник  сияқты  сөздер  білдіре- 

тін ұғымдарды қазақ тілінің өз мүмкіншілігімен беруге болатынды- 

ғына  назар  аударылды,  нәтижесінде  жарғы,  бағдарлама,  хатта-

ма,  хатшы,  төраға,  зейнеткер,  ардагер,  құжат,  үрдіс/ұстаным, 

іссапар, жолсерік сияқты туынды тұлғалар қолданысқа түсті. 

Бөгде тілдік те, қазақтың өз тілінен де пайда болған неологизмдер- 

дің  терминдік  мәнде  жұмсалатындары  едәуір  мол.  Әсіресе  жаңа 

экономикалық, өндірістік, шаруашылықтық қарым-қатынастарға бай- 

ланысты жүздеген жаңа атаулар пайда болды. Олардың ішінде сам-

мит, кредит, аудит сияқты бөгде тілдік сөздер бұрыннан оқта-текте 

жұмсалып жүретіндер болғанмен, жиі қолданылып, актив қорға енуі 

енді-енді  басталды.  Ал  осы  тақырыптық  топқа  жататын  бетесеп 

(лицевой  счет),  жемқорлық,  кеден,  жылжымайтын  мүлік  (недви-

жимость),  жекешелендіру  (приватизация),  несиегер,  жұмсақ  несие, 

демеуші  (спонсор)  деген  сөздер  де  тұлғалық,  мағыналық  жағынан 

неологизмдер  болып  саналады.  Ғылыми  терминологияға  жатпай-

тын тұрмыстық лексиканың, яғни зат, бұйым, іс-әрекет атауларының 

жаңа баламалары неологизмдердің елеулі тобын кұрайды. Бұл топ-

та  әсіресе  орыс  сөздерінің  қазақша  баламасын  ұсыну  үрдісі  басым 

түседі. Жалпы дәл сол мағынадағы қазақша баламасы жоқ таза орыс 

сөздерін қазақшалап беру ұстанымы (принципі) ертеректен байқалған 

болатын.  Мысалы,  математика  терминдерінің  ішінде  алу,  қосу, 



көбейту,  есеп  шығару,  көбейтінді,  бөлінді,  дәлелдеу  сияқты  сөздер 

–  орыс  тіліндегі  терминдердің  мағыналық  калька  жолымен  келген-

дер,  химиядағы  водород,  кислород  деген  орысша  терминдер  сутегі 

(алдыңғы кезеңде – сутуым), оттегі, көмірқышқыл (қышқылтуым), 

физикадағы  қысым  (давление),  дене  (тело),  кернеу  (напряжение), 

геометриядағы кесінді, үшбүрыш, төртбұрыш, жарты жазықтық 

географиядағы құрлық (материк), сағаттық белдеулер (часовые по-

яса), мұздықтар (ледники), бойлық (долгота), ендік (широта) сияқты 

сөздер  алдыңғы (20-жылдардағы) кезеңдердегі жаңа сөздер болса, 

олардың «сүйегі» – қазақтық, ал бұларды жасауға тірек болғандар  

орыс сөздері.

Күні кешеге дейін қолданып келген бірқатар таза орыс сөздерін 

қазақшалау  ұстанымы  қазірде  де  бел  алып  отыр.  Мысалы,  бағаны 



ырықтандыру, түпдерек (источник), түпсана (подсознание), тізім- 

деме  (опись)  сөздері  соңғы  жылдарда  пайда  болды.  Қазақ  тілінде 

біраз уақыт қолданылмай келген орыс сөздерінің біразы тұрмыстық 

сөздер  болатын:  капуста,  помидор,  питомник,  сотовый  телефон, 

открытка, точка (торговля), диета сияқты сөздердің қазақша бала-

масын табу қарекеті басым.




369

Біздің  заманымыз    информация  мен  компьютерлену  заманы, 

сондықтан бұларға қатысты жаңа атауларды «біздің заманымыздың 

сөздері»,  «бүгінгі  сөздер»  деп  те  атаушылық  бар.  Кейбір  тілдерде  



кибернетика,  антипротон,  протон  сияқты  сөздер  қолданысқа 

әбден  енген,  жаңалығы  жоғалған  бірліктер  болса,  қазақ  тілінің 

тәжірибесінде  бұлардың  қолданыс  белсенділігі  енді-енді  көріне 

бастады  деуге  болады  (мысалы,  баспасөз  беттерінде  соңғы  екі-үш 

жылда  Байқоңырдан  ұшырылған  «Протон»  ракеталарының  жары-

лып жерге құлауына, оның жергілікті тұрғындардың денсаулығына 

зиян  келтіретіндігіне  қатысты  хабарлардың  жиі  беріліп  келгенін 

еске  алыңыз).  Экстралингвистикалық  факторлардың  күшімен  (ық- 

палымен) пайда болатын неологизмдер – тек жаңа зат, ұғым, құбы- 

лыстардың (бүгін пайда болып жатқан реалийлердің) атаулары, яғни 

мүлде жаңа мағынаға ие сөздер ғана емес, мағынасы жаңа, ішкі (қазақ 

тілінің  өзінен)  және  сыртқы  (кірме,  бөгде  тілдік)  сөздердің  жанда-

нуын,  яғни  қолданысқа  түсуін  (узуализацияны),  диалектілерден, 

ауызекі сөйлеу тілінен, туыстас тілдерден ауысып, узустық статусқа 

ие болғандарын да айту керек.

Қазақ тіліне соңғы он шақты жылдың ішінде өте жиі қолданылып, 

тіпті  әдеби  нормаға  еніп  кеткен  егемен  сөзі,  біріншіден,  саяси-

әлеуметтік  жаңа  құбылыс    бұрынғы  советтік  республикалардың 

одақтан ыдырап, өз алдына дербес (суверенный) тәуелсіз мемлекет  

болуына (бұл  нағыз сыртқы фактор) байланысты осы саяси-әлеу- 

меттік жаңа құбылысты атау үшін жергілікті (диалектілік) сөз егемен 

(түбірі – еге, әдеби тіл нормасында  ие) таңдалып алынды. Ұжым 

сөзі  де  ұйым  деген  әдеби  нормадағы  сөздің  ж-й  дыбыстарының  

алмасуын көрсететін диалектілік тұлға  ұйым вариантын «органи-

зация» дегеннің, ұжым-ды «коллектив» дегеннің баламасы ретінде 

қалыптастырып  отырмыз.  Бұл    бұрынғы  ұйым  сөзіне  мағынасы 

жақын  «адамдар  тобы»  (коллектив)  дегенді  білдіруге  фонетикалық 

варианттың іске қосылуы. Бұл жердегі жаңа атаулардың пайда болуы-

на сыртқы фактордың әсер етуінен гөрі, тілдің өз заңдылықтарының, 

яғни  мағынасы  жуық  сөздердің  әрбіреуін  бөлек-бөлек  ұғымдарды 

білдіруге жұмсау орын алып отыр деуге болады. Дегенмен «органи-

зация»  мен  «коллектив»  деген  ұғымдарды,  яғни  бүгінгі  әлеуметтік 

іс-әрекеттерді, заттарды, дерексіз ұғымдарды айырып тану керектігі 

 сыртқы фактордың ықпалы.

Адамзат қоғамының бүгінгі өркениетінің бір талабы  әр құбы- 

лысты,  әр  нәрсені,  әр  заттың  құрамдық  бөлшектерін,  әр  дерексіз 

ұғымды бөлек-бөлек айырып атау болып отыр. Бұдан қазақ тілінің де 

шетқақпай қалмағаны оқушы ~ оқырман, көруші ~ көрермен, оқулық 

~ оқу құралы, ақпарат ~ хабар, шақыру ~ шақырылым, оқу ~ оқылым, 

қою ~ қойылым сияқты жұптардың пайда болғанынан көрінеді..



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау