- А)Білімділік:Оқушылардың сөз және мәндес , қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы түсініктерін кеңейту.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай байланысатыны туралы не білетіндерін пысықтау.
- Ә)Дамытушылық: :
- Балалардың логикалық ойлауын, байланыстырып сөйлеуге үйрету,сөздік қорларын қалыптастыру. Ой-өрісін дамыту, тіл байлығын қалыптастыру.
- Б)Тәрбиелілік:
- Өз бетінше оқу-жазуға, сөйлем соңында тыныс белгілерді дұрыс қоя білуге үйрету.
- Сауатты ,әдемі жазуға ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Мұғалім:
- Қара достым жан-жаққа,
- Дайынсың ба, сабаққа?
- Орнында ма, қараңдар,
- Кітап,дәптер,қаламдар.
- Оқушылар:
- Қарадық біз жан-жаққа,
- Дайындықты көрейік.
- Орнында тұр барлығы,
- Сабақты бастай берейік.
- Мәндес сөзді тап:
- Ағайын, кең, туыс, мол, тарылту, ақсақал, кішірейту,қария
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?
- 1 топ: Айшаның апасы тамақ пісірді. /сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет/
- 2 топ: Ақсақал сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- 3 топ: Сөйлемді керекті сөзбен толықтыр:
- Кәмшаттың құрбысы .......................... келді.
- Алматы Алматыдан Алматының
- Жазушы не істейді?
- Ақын не істейді?
- Суретші не істейді?
- Қарама-қарсы мағыналы сөздер
-
- Тілімізде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы
- сөздер болады.
- Қатты - ...
- Үлкен – ...
- Биік – ...
- Оңай - ...
- Төмен - ...
- Жылы - ...
- 1 –жаттығу.
- Суреттегі заттарды мына сөздерді пайдаланып салыстыр:
- үлкен-кіші, биік-аласа, қымбат-арзан.
- 2 – жаттығу.
- Мақалды көшіріп жаз, қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып, астын сызу.
- Озған – мұрат,
- Қалған – ұят.
- Игіліктің ерте- кеші жоқ.
- 3- жаттығу.
- Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан
- қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.
-
- тар қону
- жас қатты
- қалың қысқа
- кіру жұқа
- көшу кәрі
- жұмсақ кең
- ұзын шығу
- 4 – жаттығу.
- Жұмбақтарды шеш және көшіріп жаз.
- Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
- Жазғы киімі жасыл,
- Қысқы киімі ақшыл.
- Күндіз көрінбейді,
- Түнде күлімдейді.
- Аласа ... Алыс ... Күн ...
- Кең ... Суық ... Тәтті ...
- Ауыр ... Ұзын ... Батыр ...
- Қатты ... Кәрі ... Үлкен ...
- Ерте ... Жіңішке... Биік ...
- Жылы ... Ащы ... Жұмсақ...
- Ақ ... Жуас ... Қалың ...
- Жуан ... Кіру ... Жаз ...
-
- 1. Шие – ащы жеміс, ал пияздың дәмі тұщы.
- 2. Қыста күн жылы болады, жазда салқын болады.
- 3. Түлкі аш, қасқыр айлакер.
- 4. Қант ащы, тұз тәтті.
- ( Адасқан сөздерді өз орнына қой)
-
Достарыңызбен бөлісу: |