Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет141/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162

363

Қолданысқа түскен сөздің дыбысталуы (айтылуы) жағынан өзге- 

ріп, қабылдаушы тілдің дыбыстық-әуендік заңдылықтарына бағын- 

ған тұлғалары тек ауызекі сөйлеу тілінде емес, жазба тілде де орын 

алуы,  яғии  трансформациялануы  өзге  тілдік  сөздің  кірме  стату-

сына  ие  болуының  бір  белгісі  екендігі  жоғарыда  айтылды.  Бөгде 

тілдік  қолданыстарды  мүмкіндігінше  қабылдаушы  тілдің  дыбыста-

лу заңдылықтарына икемдеу әрекеті жүре түсетіні және байқалады. 

Бірақ бұл әрекет қазақ тілінің соңғы 60-70 жылдық даму барысында 

өте баяу жүріп келеді. Мысалы, соңғы онжылдықтарда роль, маши-



на,  почта,  товар,  завод,  чиновник,  артист,  станция  сөздерін  рөл, 

мәшине,  пошта,  тауар,  зауыт,  шенеунік,  әртіс,  стансыдеп  жазу 

орын ала бастады. Жоғарыда айтылды, «қазақыландыруға» бейімдеу 

тұратындар  тұрмыстық лексика тобы мен ғылыми-техникалық тер-

миндерге жатпайтын атаулар. Көрсетілген сөздер – осы қатардан.

Бөгде сөздердің фонетикалық пішіні жағынан қазақ тіліне икем- 

делуі бірізді емес. Мысалы, артист сөзі әртіс болып қалыптасатын 

болса, актер, режиссер, директор, ректор, журналист деген сөздер 

неге әктөр, ірежисөр, деректір, ректір, журналіс болып жазылмай-

ды?!  Бұлар  да  –  ғылыми  терминдер  емес,  жай  атаулар,  қолданылу 

белсенділігі (жиілігі) «бағынған» сөздермен (әртіс-пен) бірдей.

Бүгінгі қазақ жазба дүниесінде жиі де, сирек те қолданысқа түсіп 

жүрген  бөгде  тілдік  сөздердің  бір  тобын  қалай  жазылатындығына 

қарамастан,  кірме  сөздер  деп  қабылдайтын  (атайтын)  болсақ, 

екінші тобын шеттілдік сөздер деп тану керек. Шеттілдік сөздердің 

қолданылу аясы тар: олар көпшілікқолды емес, яғни күнделікті өмірде 

жиі әрі еркін жұмсалмайды, қалың көпшілікке мағынасы түсініксіз. 

Оларды белгілі бір саланың (ғылымның, өндірістің т.б.) мамандары 

ғана пайдаланады, белгілі бір әдебиеттерде ғана кездеседі.

Солардың  бірі    жаңа  приборлардың,  құрал-жабдықтардың  ат-

тары:  стереовизор,  радиофон,  видеомагнитифон,  супер-автомат, 



микрокинескоп.  Бұл  атаулар  қазақ  тілінде  жиі  колданылмағанмен, 

қазақша баспасөз беттерінде, ғылыми әдебиетте, тіпті оқулықтар мен 

оқу құралдарында кездесетіні күмәнсіз. Бензолон, полиэтилен, аэро-

зол сияқты жаңа заттардың осы атаулары да қазақшалауға келмейді.

Дүниеге  келіп  жатқан  жаңалықтардың  ішінде  ғылыми-техни- 

калық, саяси-әлеуметтік терминдерге жатпайтын бір алуан қарапайым 

заттардың,  құбылыстардың  атауларының  көп  сөзбен  түсіндіріп, 

атауға  тура  келетіндері  бар.  Мысалы,  орыс  тілінде  бройлер  деген 

шеттілдік сөз бар, ол  «еті мол әрі тез пісетін балапан тауық» дегенді 

білдіретін бір сөзді атау. Мұны көп сөзбен, сөз тіркесі арқылы, яғни 

аналитикалық  тәсілмен  атаудан  гөрі  бөгде  бір  сөзбен  бройлер  деп 

атаған әлдеқайда ұтымды. Қазақ тілі үшін де солай.



364

Осы  сияқты  метро  құрылысын  қазақша  «жер  астында  электр 

қуатымен жүретін пойыз» деп көп сөзбен атаудың орнына метро де-

ген бөгде тілдік бір атауды кірме сөз етіп қабылдаған дұрыс. «Болат 

т.б.  металл  қоспасынан  жасалған  жолдың  табаны»  деп  түсіндірме 

атаумен атағаннан гөрі рельс деп шеттілдік бөгде сөзді қабылдаған 

орыстардың  тәсілімен  қазақ  тілінде  де  осылайша  атау  әлдеқайда 

дұрыс, ал жолдың теміржол деп жалпы аталуы – соқпақжол, тас-



жол,  сужолы  деген  сияқты  жолдың  түрін  айырып  атайтын  жай 

тіркес,  ал  рельс  –  сол  темір  жолды  жасайтын  «құралдың»  жеке 

атауы,  оны  «вагондары,  паровоз,  тепловоздар  тағы  басқаларының 

дөңгелектеріне  лайықтап  жасалған  металл  табандар»  деп  атаудың 

орнына бір сөзбен рельс (рельстер) деп қабылдау да кірме сөздердің 

қатарында тұрады. «Ақша сақтайтын арнаулы орын» деп көп сөзбен 

аталуға тиіс орынды бір сөзбен банк деп атау да осы қатардан табы-

лады. Кірме сөздердің ішінде бұл тақылеттес бірліктер қатары едәуір 

баршылық.  Қысқасы,  белгілі  бір  тілде  кірме  лексикалық  қабаттың 

пайда болуының себептері көп, олар тіл білімінде кеңінен көрсетіліп, 

дәлелденіп келеді.

Сөйтіп, қазақ тілінің қолданысына енген жүздеген, тіпті мыңда- 

ған  бөгде  тілдік  сөз,  оның  ішінде  көпшілікқолды  ғылыми-техника- 

лық  саяси-әлеуметтік,  мәдени-идеологиялык  халықаралық  тер-

миндер,  бірен-саран  орыс  сөздері  орысша  тұлғаланып  жүргеніне 

қарамастан, кірме сөз санатына танылуға тиіс.

Халықтың әлеуметтік-мәдени өмірінде белгілі бір қажеттіктерді 

өтей алатын, өтеп отырған бөгде тілдік бірліктер, әсіресе лексикалық 

топтар  едәуір  уақыт  орын  алып  келе  жатса,  олар  еркін  әрі  жиі 

қолданылатын болса, бұларды сол тілдің сөздік қазынасына қоспау 

дұрыс  емес.  Тілтанушылар,  әсіресе  қазақ  тілінің  орфографиялық, 

орфоэпиялық,  екітілдік,  түсіндірме  сияқты  сөздік  түрлерін  жасау-

шылар  (түзушілер)  жүздеген,  тіпті  мыңдаған  бөгде  тілдік  термин 

сөздерді  орысша  орфограммасымен  реестрге  шығарып  ұсынып 

келе  жатыр.  Мұндағы  мақсат  –  қазақ  жазба  үлгілерінде,  әсіресе 

баспасөз беттері мен әр алуан ғылыми еңбектерде жиі не сирек бол-

са да әйтеуір кездеседі деген сөздердің дұрыс жазылуын білу үшін 

орыс тілінің орфографиялық сөздігіне қоса үңіліп отыру әрекетінен 

құтқару еді. Қазіргі қазақ тілінде актив қолданыста жүрген сөздердің 

көбі «бөгделік» тұрпаты (орфограммасы) сақталған бірліктер болып 

шығады.

2006  жылы  ұсынылған  «Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігін» 



алсақ,  мұнда  «орысша»  жазылған  «орыс»  сөздері  (дені  интертер-

миндер)  аз  емес.  Әсіресе  емле  сөздіктерінде  бір  сөздің  әртүрлі 

жұрнақтармен  келетін  түрлері  түгел  сөзтізбеге  түсетіндіктен, 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау