361
– бөгде сөз дегеннің оны қабылдаған тілдің фонетикалық заңдылығы
бойынша өзгеріп қолданылуы.
Бүгінгі қазақ әдеби тіліндегі кірме сөздерді тануға келгенде,
кірмеліктің соңғы (7-нші) белгісі басты талаптардың бірі болмай
отыр. Оның дәлелді себептері бар. Басым бөлігі білім-ғылымға, за-
манауи техникаға қатысты интернационалдық терминдер болып
келетін мыңдаған сөзді кірме деп, яғни қазіргі қазақ сөздік қазынасын
толықтырып отырған бірліктер деп тану немесе танымау проблемасы
пікірсайысқа түсіп отырғандықтан, кірме сөздер тақырыбын кеңірек
сөз етуге тура келеді.
Ең үлкен себеп – 1940 жылы жаңа графика – «орыс жазуын»
қабылдағанда соған орай түзілген қазақ емле ережелерінде: орыс
тілінен XX ғасырдың басынан бастап енген орыс сөздері мен өзге
тілдерден жасалған халықаралық сөздер орыс тіліндегі орфограмма-
сын (жазылу пішінін) сақтап жазылады деген баптар болды. Мұндай
баптардың орын алуының да уәжі тіл заңдарына емес, саясатқа
тірелген (негізделген) болатын. Соңғы 60-70 жылдық тіл тәжірибесі
көрсеткендей, Кеңес Одағын құратын халықтардың барлығын «оры-
стандыру» мақсаты көзделгені ашық танылды. «Ортақ тіл» концеп-
циясы бел алды. Ең болмағанда КСРО деп аталатын бір елде комму-
низм толық жеңіп шығуы үшін бұл елді мекендейтін халықтардың
мәдениеті қосылып кетуі керек, әр адам жеке ұлт өкілі емес, түптің
түбінде орыс та қазақ та, грузин де, чукча да емес, «советтік
тұтастықтың өкілі» деп аталуға тиіс, ал ол үшін ортақ тіл болуы
керек деген идея орын алды. «Бұл ортақ тіл – орыс тілі, сондықтан
елдегі өзге халықтар да орыс тілін неғұрлым тезірек меңгерсе,
соғұрлым коммунизмге тезірек жетеміз» деген саясат күш алды. Тек
тілге келгенде емес, қоғам өмірінің барлық саласында, әсіресе саяси-
идеологиялық жүйеде бұл идеяға қарсы шығу мүлде мүмкін еместігі
белгілі еді.
Ол мүмкіндіктің жоқтығының және бір себебін атауға болады.
Қазақ жұртшылығы кириллицаға көшкен 1910 жыл – Кеңес Одағында
1929-1937 жылғы зауалдардан соң қылышынан қан тамып тұрған
коммунистік империялық («орыстық») саясаттың кезеңі болды. Қазақ
емлесіне «қазақылық өң» беруге осы зұлматтан аман қалған қазақ
зиялыларының, тіл мамандарының күштері жетпеді, жүректері дау-
аламады деуге болады. Әдетте жаңа қабылданған емле қағидаларын
бірте-бірте түзете беруге болатыны белгілі. Бірақ мұның да реті
келмеді: жаңа жазудың өзі, оның ережелері қабылданып, күшіне ен-
бей жатқан бірер жылдан соң Ұлы Отан соғысы басталды – «байтал
түгіл бас қайғы» кезең туды.
362
Кириллицаны қабылдап, оның емлесінің ең алғашқы ереже-
лерімен жазу тәжірибеміз 10 шақты жылдың ішінде біраз орын
тепті. Сондықтан 1957 жылы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі
ережелерінің едәуір реттелген ішінара түзетілген, теориялық негіз-
дері көрсетілген Жаңа редакциясы» ұсынылған болатын. Бірақ
мұнда да бөгде тілдік сөздердің жазылуы түбегейлі өзгеріссіз қалды,
олардың тұлғасы қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына
сәйкестендірілмеді. 1957 жылдардағы қазақ жазба дүниесін реттеуді
қолға алған қазақ тіл мамандары тағы да батылдыққа бара алмады.
Оның да себебін көруге болады. 1951-1952 жылдардағы «халық жа-
уларын» іздеп, Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Е.Бекмаханов, А.Жұбанов,
Б.Сүлейменов, І.Кеңесбаев және т.б. сияқты қазақ ғалымдары мен
қайраткерлерінің біразын 25 жылға жер аударып, бірқатарын Қазақ-
станнан кетуге мәжбүр еткен кезеңі 1957 жылғы тіл, емле мәселеле-
рін дұрыс шешуге жібермегенін білу қиын емес.
Қысқасы, бөгде тілдік сөздерді негізінен «орысша» жазу тәрі-
бімізді 1940 жылдан бермен қарай 60-70 жыл бойы қолданып келе
жатырмыз. Дегенмен бүгінгі кірме сөздердің барлығы сыртқы тұлға-
сын өзгертпей қолданылып жүрген жоқ.
Тілдік кірмелердің қоғамның күнделікті өмірінде жиі колданы-
латындары және сирек жұмсалатындары болады. Сондай-ақ жиі
қолданылатындар күнделікті қарым-қатынаста, оның ішінде сөйлеу
тілінде жиі және еркін жұмсалады. Мысалы, тұрмыстық лексика
сөздері, көпшілікқолды баспа беттерінде кездесетін, радио мен теле-
хабарларда жиі айтылатын жеке атаулар мен кейбір терминдер мек-
теп оқулықтарында жұмсалатын сөздермен бір топ құраса, белгілі
бір орындарда да, мысалы, мамандарға арналған ғылыми әдебиетте,
медицина, химия өндірісі мен күрделі техникалық жұмыс орындары
сияқты жерлерде жұмсалатын жеке зат, процесс атаулары, оның ішінде
техникалық терминдер де кірме тұлғалардың екінші тобын құрайды.
Сондықтан бұлардың жалпыхалықтық тілге ену әлеуеті күшті екені
көрінеді, яғни барлық жерде, барлық әдебиетте, ауызша да, жазба
тілде де қолданыла беретін, көпшілікке түсінікті болып келетін бөгде
тілдік сөздер, біздіңше, нағыз кірме сөздер болып табылады. Олардың
үлкен бір тобы – XIX ғасырдан бастап қолданылып кеткен тұрмыстық
зат, бұйым атаулары (самауыр, шәйнек, шыт, бәтес, кіреует, пәтер,
пәуеске, мұржа, пәкөс); сауда-саттыққа қатысты сөздер (шот, кір,
бақалшік, мәліш (мелочь), сауда); әкімшілік, сот істерінің сөздері (бо-
лыс, старшын, сияз, партия, ояз, шен, закон, сот, кандидат, май-
ыр); ас, тағам, мүлік атаулары (шәй, шекер/секер, кәмпит, бөлке, кар-
топ, әгүршік) болып келеді. Бұлардың барлығы дерлік ауызша тілде
қалыптасқан, сондықтан қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтары
бойынша «сындырылып», «қазақыланған».