Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет139/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   162

359

ғылымдарына қатысты кітаптарда пән атаулары: философия, биоло-



гия,  физика,  математика,  география/жағырапия,  ботаника,  цито-

логия,  эмбриология,  биохимия  дегендерді  өткен  ғасырдың  90-жыл-

дарында,  тіпті  2001-2002  жылдарға  дейін  қазақшалау  (тәнтану, 



жануартану,  дүниетану  т.б)  талпынысы  болғаны  мәлім.  Мысалы, 

2000  жылы  7-сынып  үшін  ұсынылған  «Қазақстанның  физикалық 

географиясы» оқулығында, 6-сынып үшін «Биология» оқулығында, 

2002  жылғы  2-сынып  үшін  «Дүниетану»  оқулығында,  2000  жылғы 

7-сынып үшін «Физика және астрономия» оқулығында («Атамұра» 

баспасы),  2001  жылғы  5-сынып  үшін  «Физикалық  география» 

оқулығында: материк, полюс, климат, меридиан, магма, атмосфера, 

масса, экология, нитраттар, микроб, хлорелла, вакуум, вегатативті 

және  генеративті  мүшелер,  иммунитет  сияқты  интертерминдер 

өзгертілмей қолданылған. 

2000 жылғы астрономия оқулықтарында космос терминін ғарыш 

деп қазақшалағанмен (оның өзінде қазақ емес, араб сөзімен берілген), 

әрі  қарай  космонавтика,  космогония,  космология  терминдері 

өзгертілмей қолданылған, мұнда планета да – ғаламшар емес, сондай-

ақ молекула, атом, инерция сөздері автив қолданылған.

Білім-ғылымның әр саласына арналған мектеп оқулықтарындағы 

неологизмдер  мен  кірме  бірліктерді  арнайы  толығырақ  сөз  етіп 

отырған  себебіміз  –  ғылыми  терминдердің  қай  түрі  де  (қазақшасы 

да, интерсөздер де, орыс сөздері де) негізінен мектеп оқулықтарында 

пайда болып қалыптасқандығын ескердік.



Жаңа бірліктердің типтері (түрлері)

Тілдік жаңа бірліктердің ең үлкен тобы – жаңа сөздер. Олардың 

әдетте  неологизмдер  деп  аталатыны  белгілі.  Неологизмдер  жеке 

тұлғалар болып келеді. Олардың бір типі (түрі) «қолдан жасалған» 

жаңа  тұлғалар,  мұндай  жасанды  сөздер  –  тілде  бар  сөзге  жұрнақ, 

жалғау арқылы (өтіл – стаж, салым – вклад, салымшы – вкладчик, 



бітімгерлер – миротворцы, баспагер – издатель; ауысым – смена; 

ғаламдану,  жаһандану  –  глобализация),  екі  сөзді  біріктіру  арқылы 

(тұсаукесер, орамжапырақ, ақуыз, оттамыздық, орынтақ), екі-үш 

сөзді  тіркестіру  арқылы  (атаулы  көмек,  жабық  есік  жағдайында, 

тұтыну қоржыны); тілде бар сөздің мағынасын ауыстыру арқылы 

(желі – интернет желісі, қол жинау (сайлауда); қарымта кездесу-



лер (спортта), сыбайлас жемқорлық, еншілес кәсіпорын, қаракөздер

сөз  тұлғасын  сәл  өзгертіп,  ықшамдап  біріктіру  арқылы  (елтаңба, 



әнұран,  орамжапырақ,  орама,  орамдалған  жапырақтар  –  капу-

ста;  түпдерек  –  түпкі  дерек)  пайда  болған  жеке  сөздер.  Мұндай 

жаңалықтардың «сүйегі» қазақтың төл сөздері болып келеді.




360

Лексикалық жаңалықтардың шағын бір тобын белгілі бір кезең- 

дегі  қолданыста  қайта  «тірілген»  байырғы  сөздер  құрайды,  мыса-

лы, обыр (рак ауруы), көзқаман (нигилист), оларды лингвистикалық 

әдебиетте  аэлогизмдер  деп  атайды.  Жаңа  сөздердің  тағы  бір 

азғантай  тобын  жарық  көріп  келген  сөздіктерде  тіркелмей  келген,  

бірақ  қолданыста  көрініп  қалатын  кейбір  байырғы  сөздердің 

«еленіп-ескеріліп»  сөздіктерде  өз  орнын  алғандар  құрайды,  бұлар 



неолексизмдер  деп  аталады,  мысалы,  егемен,  орынтақ,  үйқамақ, 

мырзақамақ. Соңғы екі топ сан жағынан өте аз, бірақ тіл үшін мәні 

зор, тілдің қолданыстағы барша мүлкін сарқа пайдалануда, қажетіне 

қарай әр сөздің прагматикалық мәнін арттыруда аэлогизмдер мен не-

олексизмдер құнды материал болып табылады.

Жаңа лексикалық бірліктердің сан жағынан да, әрі қарайғы даму 

әлеуеті жағынан да, тілдің толыққанды қызмет етуіндегі орны мен рөлі 

жағынан да ең үлкен тобы  бөгде тілдік сөздер, оның ішінде кірме 

деп аталатын бөлігі. Сондықтан осы жерде «кірме сөздердің» қазіргі 

қазақ  тіліне  қатысты  статусын,  өзге  жаңалықтардан  ерекшелігін, 

негізгі белгілерін, болашағын арнайы сөз етуге тура келеді.

Алдымен,  «кірме»  деген  терминнің  өзін  анықтап  алған  жөн. 

Орыс  тіл  білімінде  «заимствование»  деп  аталатын  лингвистикалық 

бірлікті:  жеке  сөзді,  сөз  тіркесін,  жұрнақтар,  сөзалды  элементтер 

сияқты морфологиялық тұлғаларды, синтаксистік модельді қазақша 

«кірме» (сөз, жұрнақ т.б.) деп атадық. Орысша терминнің мағынасын 

қуаласақ,  ол  пайдалануға,  қарызға  алынған  сөз  болып  ұсынылады, 

ал  қазақша  кірме  терминінде  «қолданысқа  кіргізілген  (кіріп  кет-

кен)  нәрсе»  деген  мағына  байқалады.  Бұрынырақта  қазақ  қауымы 

қолданысында  кірме  деп  бір  рудың  не  бір  атаның  адамдарының 

өзге руға, өзге атаға келіп паналағандарын атаған. Кірме сөздер де 

– сондай. Қазақ тілінде мағыналық баламасы жоқ, аудару не жасан-

ды  тұлға  ретінде  балама  ұсынуға  болмайтын  бөгде  тілдік  сөздерді 

алуға  тура  келеді,  ол  сөз  қолданысқа  түседі    тілге  кіреді,  «кірме» 

атанады. Бұл «атаққа» (статусқа) ие болуы үшін мынадай белгілері 

болуы  керектігі  айтылып  келеді:  1)  кірме  сөздің  функционалдық 

стильдерде, әсіресе публицистикалық, ғылыми-көпшілік, күнделікті 

тұрмыстық қатынас стильдерінде еркін әрі жиі қолданылуы; 2) кірме 

сөз  мағынасының  көпшілікке  түсінікті  болуы;  3)  тіркестер  құрауға 

қабілетті болуы, әсіресе бөгде сөзді қабылдаушы тілдің өз сөздерімен 

тіркесіп, қолданысқа қажет лексикалық, грамматикалық бірліктер жа-

сау мүмкіндігінің болуы; 4) образ (бейнелі сөз, сөз тіркесін) жасауға 

қатыса  алатындығы;  5)  варианттарының  болмауы;  6)  қолданылу 

әлеуеті айқын болуы. Сөзді кірме деп танытатын шарттардың тағы 

біреуі (7-ншісі) және бар, ол көптеген тілде орын алып отырған белгі 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау