365
бұлардың саны тіпті көп болып шығады. Мысалы, бір ғана баланс
деген сөзден туындаған балансир, балансирлер, балансирлеуші, ба-
ланстау, балансты, баланстық деген 7 сөзтізбе (реестр) болып
тіркелген. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, тіпті екі тілді
сөздіктерінде орысша тұлғадағы сөздер көп деп сын айтушыларға
бұл факт дәлел болып көрінеді. Айталық, а әрпіндегі сөзтізбеде
қазақ сөздерімен тіркескен авиа, авто, агро, аэро тұлғалы сөздерді
қосқанда, бір ғана а әрпіндегі «орыс» сөздері жүздеген санға жетіп
тұрғанын көруге болады.
Бүгінгі қазақ тілі қажетін өтеп, оның сандық, сапалық байлығын
көрсететін бөгде тілдік бірліктер сыртқы тұрпатына (жазбадағы
пішініне) қарамай, қазақ лексикасындағы жаңа бірліктер болып са-
налады. Тілдің дамуы, жетілуі не әлсіреуі, сөздік қазынасының баюы
не кемуі алдымен оның әлеуметтік қызметімен белгіленеді. Төл сөз
болсын, бөгде тұлғалар болсын белгілі бір сөздер қоғам өмірінде
қолданылып, орнығып, коммуникативтік қажеттікті өтеп отырған
болса, оларды тек жазба тілдегі орфограммасына қарай бағалау
(тану) – біржақты, жеткіліксіз критерий болары айқын.
Сөз жоқ, жазба тілдің табиғаты мен қолданысында жазу факторы-
ның орны бар, дегенмен сол жазу үрдісінің тіл дамуының әр кезеңін-
де әр алуан ішкі (лингвистикалық) және сыртқы (экстралингвис-
тикалық) факторлардың күшімен жүретіндігін ескеру де аса қажет
екендігін мойындауға тура келеді.
Міне, лексиканың төл және кірме қабатын анықтауда көңіл ауда-
ратын мәселенің бірі осындай.
Белгілі бір тілдің (тілдердің) онтогенездік дамуы, яғни өзіне «Құдай
бұйыртқан» тәртіптерді басынан кешіріп, жеке дамуы барысындағы
жоғарыда айтылған «советтік дәуір» «жазмышын» ескере келіп, өзге
де түркі тілдері сияқты қазақ тілінің кірме қабатын «орысша» жазы-
латын мыңдаған тұлғалар (сөздер) құрайды деп табамыз. Бұл таным
кириллицаға негізделген орыс әліпбиінің қазақ жазуы қолданылып
отырған бүгінгі кезеңге тән. Ал жазу үрдісі өзгерген, айталық, ла-
тын графикасын қабылдаған күнде бұл қағиданың (танымның) сәл
өзгерері даусыз.
Сөйтіп, бүгінгі таңдағы қазақ тілінің қолданысындағы мыңдаған
бөгде тілдік атаулар мен терминдерді кірме элементтер (сөздер) деп
есептеуіміз керек.
Фонетика саласындағы шартты түрдегі кірмелер, жоғарыда да ай-
тылды, ф, х, в, ч, ц дыбыстары деуге болады.
Бұлар да – кірме сөздердің ғана құрамында кездесетін құбылыс.
Бұлардың бірқатары, мысалы, ф, х, в дыбыстары графика өзгерген
күнде де сақталуы қажет.
366
Морфология мен синтаксис саласында кірме элементтер арнайы
іздестіруді, талдауды керек етеді. Біз әзірге даусыз фактілердің бірен-
саранын ғана көрсете аламыз. Олар авто, аэро, авиа сияқты сөзалды
форманттардың қазақ сөздерімен қолданылуы, мүмкін, ішінара сөз
құрылымына енгізілгеп морфологиялық жаңалық болар.
1990-2005 жылдардағы лексикалық жаңа бірліктер
«Жаңа сөздер» немесе «лексикалық жаңа бірліктер (единицалар)»
деген терминнің өзі – шартты, өйткені «жаңа» деп отырғанымыз –
бұрыннан бар түбір сөздердің жұрнақтар жалғау арқылы немесе екі
түбірдің бірігуі, жұптасуы сияқты қосақталу амалы арқылы, я бол-
маса екі сөздің тіркесіп, бір ұғымды атауы, сондай-ақ қысқара, кіріге
жымдасуы арқылы жасалған түрлері. «Жаңа сөз» деп жүргеніміздің
бір алуаны – жаңа мағына үстеп, «тонын айналдырып киген»
байырғы сөздер. Демек, жаңа дегеніміздің өзі – бұрынғы барлардың
не тұлғасы, не мағынасы құбылған «жаңғырықтары». Бұлардың
ішінде құлаққа жаңа болып естілетіндер өзге тілден енген неме-
се енгізбек болған сөздер болса, олар да бұрыннан «дүниеде бар»
(өзге халықтар тілінде) нәрселер екен. «Жаңғырық» деп, әрине,
жаңа сөздерді қомсытып отырғанымыз жоқ. Олар – естіліп барып,
өшіп кететін дыбыс жаңғырықтары емес, материалдық дүниелер,
тілдің сөздік қазынасын молайтатын бағалы «дүниеліктер». Бірақ
әрбір материалдық болмыс сияқты, өмірге келіп жататын, қолайын
тауып орнығып қалатын, «мезгілі жетіп» ығысып кететін дүниелер.
Сондықтан «жаңа сөз» деген ұғымды (категорияны) жатсынбай,
талдап, тану қажет. Ол үшін осы жұмыстың зерттеу нысандарын
(тақырыптарын) біршама жүйелеп, мынадай тарамдарға ажыратып
алу қажет.
Олар:
1) қазіргі қазақ тілінің сөздік қазынасының молаю уәждері, яғни
жаңа қолданыстардың пайда болу себептері;
2) жаңа сөздердің көздері, яғни қайдан, неден жасалатындығы;
3) жаңа сөздердің тақырыптық топтары (әзірге ең жиі кездесетін)
және қолданыс орындары;
4) жаңа бірліктердің тұлғалық көріністері, яғни жасалу амалдары;
5) жаңа қолданыстардың әдеби тіл нормасына өту әлеуеті;
нормалық дәрежеге ие болып, қалыптануы (кодификациясы).
Енді осы тақырыптардың әрқайсысына тіл қозғалысының соңғы
10-15 жылдық кесігін алып, жеке-жеке тоқталайық.
367
Сөздік қазынаның молаю уәждері, жаңа қолданыстардың
пайда болу себептері
Тілдің лексикалық құрамының толығу, молаю процесіне негізінен
екі түрлі фактор себепкер болады: бірі – сыртқы, яғни тілдің құзы-
рынан тыс факторлар, мұны тіл білімінде экстралингвистикалық
деп атайды. Тіл тіршілігіне өзінің ішкі зандылықтарынан тыс
әсерін тигізетін жағдайлар – сол тілді қолданып отырған халықтың
әлеуметтік өмірі, осы өмірдің белгілі бір кезеңдегі талаптары,
сұраныстары, мүдделері. Сыртқы фактордың тілге тигізетін ықпалы
негізінен оның лексика саласында көрінеді. Сонымен қатар белгілі
бір тілдің функционалдық стильдерінің түрленуіне (сала-салаға та-
рамдалуына) және олардың кейбірінің қызметінің жанданып, енді
бір функционалдық стильдердің бәсеңдей бастауына да әлеуметтік
факторлардың «тепкісі» болады.
Қазақ тілі лексикалық құрамының едәуір жедел түрдегі қозға-
лысы, яғни жаңа қолданыстардың көзге түсерліктей сипатта және
мол мөлшерде дүниеге келген тұсы – 1990 жылдардан басталды.
Мұның басты уәжі (себебі) – қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусына
(дәрежесіне, мәртебесіне) ие болуы еді. Бұл мәдени, идеологиялық,
тіпті саяси үлкен күші бар құбылыс – қазақ тілінің сөздік қазынасында
өзгеріс-жаңалықтардың пайда болуына ғана емес, тілдің бүкіл
болмыс-тіршілігінде де, әлеуметтік қызметінде де бұрын-соңды
болмаған жаңалықтардың, соны сипаттардың бел алуына жол ашты.
Қазақ тілінің жаңа статусына сай енді оның беделін арттырып,
әлеуметтік қызметін күшейту қажет болды. Тілдің беделі ресми
заңмен, сол заңды желеу еткен құр айқай-ұранмен көтерілмейтіні
белгілі. Алдымен, мемлекеттік тіл ретінде көрінуі үшін, ол сөздік
қазынасы бай, әдеби нормалары реттелген, қоғам өмірінің барлық са-
ласында қызмет ететін құрал болмаққа керек. Ең негізгісі – әрі қарай
дамудағы тіршілігінде жай даму емес, іс жүзінде жетілу сияқты
оң сипатқа ие болуы қажет. Бұл жетілу процесі тілдің әлеуметтік
қызмет аясын кеңейтумен шектелмейді (дегенмен ол – басты та-
лап), сыртқы экстралингвистикалық та, тілдің ішкі лингвистикалық
та зандылықтарын іске қосады. Атап айтқанда, жаңа лексикалық
бірліктерді жасау принциптеріне өзгеріс енді: олардың қай көзден
(«сүйектен») және қандай тәсілдермен жасау амалдарына жаңаша
көзқарастар туды.
Ең алдымен, XX ғасырдың соңғы 60-70 жыл барысында молы-
нан енгізілген (қолданылып келген) орыс тілі арқылы келіп актив
қолданылып жүрген жай сөздердің, терминдік бірліктердің уәжді-
уәжсіз сәттеріне сын көзімен қайта қарау басталды. Бұрын
әсіресе баспасөзде, ресми құжаттар мен ғылыми еңбектерде еркін
Достарыңызбен бөлісу: |