Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет138/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   162

357

орысша  алынды:  насекомдар,  клетка,  белок,  ткань,  спора,  вита-



мин,  молекула  деген  сияқты  бөгде  тілдік  терминдер  ұзақ  уақыт 

қолданылып  келді.  Бұлардың  ішіндегі  бірқатар  таза  орыс  сөздері 

(белок, насекомдар, ткань, клетка т.б) болса, көбі интертерминдер 

еді.  Енді  1980-1990  жылдардан  бастап  мүмкіндігінше  осылардың 

қазақша баламаларын іздеу, жоқтарының орнына жасанды тұлғалар 

ұсыну  қарекеті  орын  алды.  Бұл  процесте  XX  ғасырдың  басындағы 

авторлар ұсынған терминдерге көңіл аударылып, бунақденелілер (на-

секомдар), дәрумен (витамин), жасуша (клетка) сияқты сөздер аэло-

гизмдер болып, қолданысқа енді.

Ал  қалған  жаңа  сөздерге  келсек,  олардың  біразы  бұрыннан  бар 

қазақ  сөздеріне  жаңа  мағына  үстеуге  немесе  жасанды  тұлғалар 

ұсынуға  табан  тіреген  кезең  туды.  Жасанды  тұлғалардың  да  көбі 

тілде  бар  сөздерді  біріктіру  немесе  оларға  жұрнақ  жалғау  арқылы 

жасалған болып келеді. Мұның да сыры түсінікті: қазақ халқы – адам 

мен  малдың,  жан-жануарлардың,  өсімдіктердің,  қысқасы,  табиғат 

пен оны қоршаған дүниенің құрылысын, сипатын жақсы білген. Мы-

салы, жұмыртқаның құрамын бұрын жұмыртқаның ағы, сарысы деп 

қана ажыратып атап келген болса, енді оның ақ құрамын ғылымда бір 

сөзбен белок деп атау керек болғандықтан, оған ақуыз және нәруыз 

(Биология,  9-сынып,  2005)  деген  атаулар  ұсынылды.  Біраз  уақыт 

екеуі қолданылып келді де бұл күнде ақуыз варианты қалыптасқанға 

ұқсайды.  Сол  сияқты  насекомое  дегенді  бунақдене  деген  жасанды 

сөзбен  қазақша  атауда  да  тілде  бұрыннан  бар  екі  сөзді  біріктіріп 

қолданудан жасалған биологиялық термин пайда болып тұр. Біздің 

байқауымызша, жасуша (клетка) және жасұнық (клетчатка) деген-

дер де – жасанды бірліктер.

Қазақ жерінде болмаған аң-құстарды да қазақша атау тенденци-

ясы байқалады. Мысалы, варан деген алып жыртқыш кесіртке келес 

деп,  Африкада  болатын  носорог  деген  жануар  көбінесе  мүйізтұм- 

сық деп (бұл таза аударма – калька), енді бір оқулықтарда керік деп 

аталып  жүрді.  (Жануартану.  -  7-8  сыныптарға  арналған  оқулық.  - 

Алматы: Рауан, 1998). Қазақтар үшін бұрын болмаған, бірақ білім-

ғылымда  айтылатын  муляж  сөзін  нақпішін  деп  атау,  аң  терісінің 

сыртқы жағын орысша мех деп атаса, осының бір сөзбен аталатын 

қазақшасы жоқ екен, соны үлбір деп атау керектігін ұсынғандардың 

уәжі (дәлелі) бар, яғни қасқыр, түлкі, қоян тағы басқаларының жүні 

үлбіреп  тұратындығы  еске  алынған  немесе  кей  жерлерде  осылай 

аталатын да болар, бірақ қайткенде де бұл – жаңа қолданыс. Ткань 

дегенді ұлпа деп қазақшалау да осы сипаттас.

Биология  терминдерін  осылайша  қазақшалау  тенденциясымен 

қатар, кейінгі 2-3 жылдың барысында көптеген бұрынғы интерсөз- 

дер  немесе  тіпті  бірен-саран  орыс  сөзі  болып  қолданылып  келген 



358

терминдерді сол күйінде қалдыру тенденциясы да байқалады. Мыса-

лы, 2005 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан 9-сыныпқа арналған 

«Биология» оқулығында молекула, бактерия, фермент, вирус, ядро 

(жасуша  ядросы),  мутация  деген  «орысша»  атауларды  табамыз, 

демек,  білім-ғылым  үшін  қажеттігі  болғаны.  Ал  жұмыртқаның 



қабығын  қазақ  осылайша  тіркеспен  атайды.  Енді  оны  оқулықтар 

мен өндіріс орындарында бір сөзбен атау керек болғанда, тек қабық 

деп қоюға келмейді, өйткені қабық – жалпы атау, ол тек жұмыртқада 

емес,  өзге  нәрселерде  де  болады.  Жұмыртқаның  қабығын  (орыс-

ша – скорлупа) бір сөзбен атау үшін жоғарыда көрсетілген оқулық 

авторлары  әкқабық  деген  тұлғаны  ұсыныпты.  Сол  сияқты  осы 

замандағы ең қатерлі аурудың бір түрі орысша рак деп аталса, оған 

обыр  деген  сөз  беріліпті,  көз  ақауының  бір  түрі  орысша  близору-

кость  дегенді қазақ  бұрын  көзі нашар,  көзі жақсы  көрмейді  деген 

сияқты сипаттама тіркеспен ғана білдірген болса, енді оған бір сөзбен 

берілген  ғылыми  атау  (термин)  керек  болды,  бұны  сығырлық  деп 

атағанды жөн көріпті. Медицинада бұрын қазақ жеке-жеке атамаған 

аурулардың түр-түрін түстеп атау қажеттігі туды. Мысалы, инсульт 

дейтін миға қан құйылатын ауруды оқулық авторлары мисоқпа деп 

атағанды ұсыныпты. Міне, осындай фактілер қазіргі қазақ тіліндегі 

лексикалық (терминологиялық) жаңалықтардың едәуір мол тобы но-

минация заңдылығына сай болып жатқан процесс екенін танытады.

Осы процестің көзге түсетін бір құбылысы – жаңа аталымдардың 

жарыспа  қатарларының  орын  алуы.  Бір  заттың  (бұрын  қазақ 

білмеген  аң-құс,  жан-жануарлардың  аттарын  немесе  жаратылысқа 

қатысты  ұғымдардың)  аталуын  әр  оқулық  авторларының  қазақша 

әртүрлі  ұсынуынан  варианттылық  проблемасы  туып  отыр.  Мыса-

лы,  крокодилді  біреуі  қолтырауын  деп  берсе,  екінші  бір  оқулықта 

тәмсақбелок – нәруыз және ақуызжираф – керік және жайлақпо-

рода – тұқым және қолтұқымсорт – іріктеме және сортнасекомы 

бунақденелілер, насекомдар т.б.

Қазақша  бұл  жаңалықтардың  әдеби  тілде  орнығып  кетулеріне 

күмәнданды  ма  әлде  түсініктігін  қаттамасыз  ету  көзделді  ме 

–  соңғы  5-10  жылда  жарық  көріп  жатқан  оқулықтарда  көп 

сәттерде  қазақшаланған  терминнің  орысшасын  (дәлірек  айтсақ, 

интертұлғасын)  қоса  беріп  отырады.  Мысалы,  диабет  –  сусамыр/



диабет; клон – өскінді/ өскін/ клон, таксис – таксис/ жымжу, фар-

макология – дәрітану/ дәрі-дәрмек/ фармакология.

Ал қазақшалауға болмайтын бөгде тілдік сөздер соңғы жылдарда- 

ғы оқулықтар мен өзге де әдебиеттерде сол күйінде автив қолданылып 

жүргені  оларды  кірме  бірліктер  қатарына  қосады  деп  санауға  бо-

лады.  Мысалы,  жаратылыстану,  математика,  физика,  социология 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау