Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет136/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162

353

кеңес,  кеңес  үкіметі,  бай-құлақ,  газеттің  басқармасы  (редакция-

сы), қаулы шығару деген сияқты тіркестер еді. Б.Майлин, М.Әуезов, 

С.Мұқанов,  С.Сейфуллиндердің  шығармаларына  қарағанда,  XX 

ғасырдың  20-30-жылдарында  қазақ  ауызекі  сөйлеу  тілінде  де  жаңа 

сөздердің едәуір болғаны байқалады және олардың көбі орыс сөздері 

болып  келеді.  Мысалы,  Б.Майлиннің  1920  жылдардың  ішінде 

жазылған, сол кезеңдегі қазақ ауылдарын, қазақ қоғамын суреттеген 

әңгімелердегі диалогтерден расқот, нәлөк, сбор (жинау), списке, ат-

каз беру, контыр, кәмөнес, пыртақол деген сөздер жиі кездеседі.

1930 жылдардың барысында алдыңғы кезеңдегі неологизмдердің 

көбі  әдеби  тілге  сіңіп,  яғни  баспасөзде,  жиын-жиналыстарда, 

көпшілікқолды  кітаптарда  жиі  қолданылып  та  үлгерсе,  бұлардың 

үстіне келесі онжылдықта дүниеге келіп жатқан саяси оқиғалар мен 

іс-әрекеттерге қатысты жаңа сөздер қосылды. Олардың ішінде тап 



жауы, халық жауы, кәмпеске, артель, коммуна, колхоз, совхоз, коо-

ператив, еңбек ақы, жал ақы, қисын (Маркс, Ленин қисыны), клуб, 

устав  сияқты  жеке  атаулар  мен  лексикалық  тіркестер  бар  және 

олардың  көбі  –  бөгде  тілдік  бірліктер  болып  келеді.  Жаңа  орнаған 

советтік  құрылыста  айтылатын  дауысқа  салу,  қол  көтеру,  қаулы 

шығару, ұйымдасу (артель болып ұйымдасу), бірлесу, бірлестіру, ар-

тельге  кіру,  екпінділер,  жоспар,  оңшылдар,  солшылдар,  коллектив, 

лекбез (ликвидация безграмотности) сияқты қазақша, орысша сөздер 

де – 20-30 жылдардың неологизмдері. Бұлардың көпшілігі баспасөз 

беттерінде де, күнделікті қарым-қатынаста да жиі қолданылды.

1920-30-жылдардағы оқу-ағарту ісіне, театр және басқа да ойын-

сауықтарға  қатысты  жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестері  өз  алдына  бір 

төбе лексикалық байлық болып қосылды. Бұл көрсетілген фактілер, 

олардың  түрлері,  тақырыптары,  жасалу  амалдары  жайында  өз  ал-

дына кең зерттеліп, баяндалатын әңгіме екендігі осы жұмыстың бас 

жағында да айтылды.

XX  ғасырдың  40-50  жылдардағы  қазақ  лексикасының  жаңа 

сөздермен толығуы, алдыңғы кезеңдердегі жаңалықтардың орнығуы 

не  ығысуы  да  көзге  түсерліктей  дәрежеде  болды.  Бұл  жылдарда 

алдыңғы  кезеңдерде  жаңалықтар  болып  танылған  кейбір  сөздер, 

мысалы,  откеме,  қарайғыр,  бейбауырмал,  оқымыс,  сутуым,  отту-

ым  т.б.  қолданыстан  ығысты  да  олардың  есесіне  ондаған-жүздеген 

жаңа  сөз  баспасөз  беттерінде,  оқу-білімге  қатысты  басылымдар-

да көріне бастады. Ұлы Отан соғысы кездерінде (1941-1945) соғыс 

жағдайында пайда болған өндіріс пен техника, әскери құрылыс пен 

қару-жараққа,  майдан  мен  тылдағы  тіршілікке  қатысты  көптеген 

жаңа  қолданыстар  пайда  болды.  Зерттеушілердің  материалдарына 

қарағанда,  бұл  жылдарда  еңбек  майданына  қатысты  берсиевшілер, 



354

мыңшылар (қозғалысы), мұнайшылар, мұнай өндіруші сияқты сөздер 

жиі көрінді. Сондай-ақ тікелей соғысқа, әскери құрылымға қатысты 



жеңіс  (қоры),  қорғаныс  (қоры)  жауынгер,  жауынгерлік  (тапсыр-

ма), қарақағаз, ұшқыш, барлау, жарылыс сияқты жаңа мағынаға ие 

болған неологизмдер де актив қолданылды.

1941-1945  жылдардағы  екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезеңі,  өзге 

тілдер  сияқты,  қазақ  тілінің  де  сөздік  қазынасына  ұрыс-соғысқа, 

тылдағы  ел  тіршілігіне  қатысты  көптеген  жаңа  бірліктерді  қосты. 

Олардың  бірқатары  таза  неологизмдер  (төл  және  кірме)  болса, 

енді  бірсыпырасы  аэлогизмдер,  яғни  қолданыста  «қайта  тірілген» 

байырғы сөздер болды (тіл – жаудан тіл ұстап әкелу, аран – танкіге 

қарсы аран орнату). Қазақ халқының санғасырлық тарихында ұрыс-

соғыспен  өткен  замандары  аз  болған  жоқ,  сондықтан  әскери  лек-

сика  қоры  айтарлықтай  мол  болды.  Ал  40-жылдардың  және  одан 

кейінгі кезеңдерде қолданысқа түскен әскери сөздер мен тіркестердің 

едәуір  бөлігі  жаңа  бірліктер,  оның  дабасым  көпшілігі  шеттілдік 

бөгде  сөздер  болды.  Бұл  жаңалықтар  –  XX  ғасырдың  техникалық 

дамуына  орай  пайда  болған  жаңа  қару-жарақ  атаулары,  соғыс-

ұрысқа  қатысты  қимыл,  іс-қарекеттердің,  амал-тәсілдердің  атаула-

ры  болғаны  түсінікті.  Бұл  соңғы  лексикалық  топ  –  негізінен,  орыс 

тілінде қолданылған сөздер (орыс тілінің өзінің және шеттілдік кірме 

сөздер) болды. Дивизия, полк, генерал, офицер, ефрейтор, солдат, ав-

томат, пулемет, миномет, истребитель, самолет, танк дегендер-

ден бастап, жүздеген әскери лексика қазақ тілінде күні бүгінге дейін 

қолданылып,  «кірме»  (қабылданған,  енген)  сөздер  тобын  құрайды. 

1940  жылдардан  1970  жылдарға  дейінгі  аралықта  да  қазақ  тілінің 

лексикалық құрамына сыртқы факторлардың ықпалы аз болған жоқ.

XX  ғасырдың  40-50  жылдарында  қазақ  лексикасының  сөздері 

толығуынан  гөрі  орыс  тілінен  сөз  қабылдау  немесе  сөз  алып 

қолдану  арқылы  молайғаны  байқалады,  бұл  кезеңде  тек  ғылыми-

техникалық  терминдер  ғана  емес,  саяси-әлеуметтік,  мәдени-рухани 

дүниелік  сөздердің  де  басымы  орыс  тілінен  алынып,  сол  күйінде 

қолданылғандар болып шықты: осы кезеңдерден бастап қазақ тілінің 

«орыстану» сипаты күшейді. 

Өмірдегі барлық құбылыстар сияқты, қазақ тілінің дамуында да 

«толқынды толқын қуалап» дегендей, 60-70-жылдарда лексикамызды 

«қазақыландыру» әрекеті де қосамжарлана жүре бастады: балмұздақ, 

аялдама, оқулық, оқырман, көрермен, үшсайыс, бессайыстар – 60-70- 

жылдардың туындылары.

Ал  1970  жылдардан  бастап  қазақ  тіліне  жаңа  сөздер  қосу 

әрекеті  тіпті  айқын  көріне  бастады.  Бұл  кезеңдегі  ғылымда,  өнер- 

кәсіп  пен  шаруашылықта  болып  жатқан  жаңалықтардың  атау-



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау