"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата25.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#16879
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

бақыланады;

      12) тотықтарды жою темір сульфатының сулы ерітіндісімен сілкілеу арқылы жүргізіледі;

      13) эфирді, эфирлі ерітінділерді және басқа тез тұтанатын заттарды төгу ауа шығару 

шкафындағы арнайы шыны сауытқа жүргізіледі, одан әрі бөлек ыдысқа ауыстырылады. Оларды су 

құбыры раковиналарына немесе су ағызатын құйғыштарға құюға жол берілмейді.

      141. Еріткіштерді айыру (эфир, спирт, бензол, толуол) алдын ала су ағысы бар сорғыда, 

одан әрі майлы вакуум-сорғыны қолдану арқылы жүргізіледі. Вакуум-сорғыны қосу алдында 

құтының ішіндегі салқындатылады. Айырғыш құтыны вакуум-қондырғыда қыздыру аспапта сұйылтуға 

қол жеткізілгеннен кейін жүргізіледі.

      142. Газдық оттықтың ашық жалынында айыру кезінде құты түбінің бетін қыздыру біркелкі 

жүргізіледі.

      Вакуум-қондырғыда айыру және құтыны салқындатудан кейін, манометрдің шүмегі жабылады, 

сорғы жүйеден ажыратылады және мотор өшіріледі.

      143. Улы заттармен (органикалық және минералды қышқылдар, оттегі, азот, құрамында 

галоид бар қосындылар, мышьяк, фосфор және басқа да улы металлдар мен металл еместер 

қосындылары) жұмыстарды сақтық шараларын сақтап, оқытылған персонал жүргізеді.

      144. Зертханада қолданылатын қатты әсер ететін улы заттарды (бұдан әрі – ҚӘУЗ) (мышьяк

және оның қосындылары, көгертетін қышқыл және оның тұздары, алмас, фосфор органикалық 

қосындылар және басқалары) шкафта арнайы бөлінген орында немесе құлпы мен пломба салынатын 

ағаш жәшікте сақталады. Ішінде улы заттар бар ыдыстардың «У» деген және заттың атауы 

жазылған айқын және ашық түсті затбелгісі болуы тиіс. ҚӘУЗ-ды сақтауға, есепке алуға және 

шығысқа жазуға жауапкершілік кәсіпорын (мекеме, ұйым) бойынша бұйрықпен тағайындалған адамға

жүктеледі.

      145. Ішінде от-жарылыс қауіпті заттар және қатты әсер ететін улы заттар бар 

сыйымдылықтар жұмыс үй-жайларында жұмыс күніне қажетті мөлшердегі заттарымен сақталады. "А" 

және "Б" тізіміндегі медициналық препараттар 1-2 апталық қажеттіліктен аспайтын көлемде 

сақталады, жұмыс үшін тәуліктік қажеттілік мөлшерінде беріледі, ал күні бойы 

қолданылмағандары сақтауға қайтарылады.

      146. Улы заттармен және қатты әсер ететін заттармен жұмыс істеу кезінде сифон немесе 

резеңке грушасы бар арнайы тамшуыр пайдаланылады.

      Қатты улы заттар және қатты әсер ететін заттар жабық ступкада ұнтақталады және салмақ 

астындағы ыдыста өлшенеді. Жұмыс шаңтұтқышпен жүргізіледі.

      147. Улы және қатты әсер ететін заттарды қыздыруға түбі дөңгелек құтыларда майлы, 

құмды, сулы моншаларда спиралі жабық электрлі пештерде жол беріледі. Ашық отты пайдалануға 

жол берілмейді.

      148. Еденге немесе үстелге төгілген улы және қатты әсер ететін сұйықтық 

дезактивацияланады.

      Улы және қатты әсер ететін заттармен жұмыс кезінде пайдаланылған сүзгілер және қағаз 

бөлек ыдысқа жиналады және газ пештерінде немесе камераларында өртеледі.

      149. Улы газдармен жұмыс аяқталғаннан кейін аспаптар инертті газбен үрлеу немесе сумен

толтыру арқылы залалсыздандырылады.

      Сынақ жүргізіліп болғаннан кейін босаған ыдыстар мен құралдар залалсыздандырылады және

жалпы жуғышқа беріледі.

      150. Тез тұтанатын жанатын сұйықтықтар (қайнау температурасы төмендерін есептемегенде)

сыйымдылығы 2 литрден (бұдан әрі - л) аспайтын қабырғасы қалың сауыттарда немесе берік 

кептелген тығындары бар банкілерде сақталады. Сыйымдылығы үлкен болған кезде ыдыс 

тұмшаланған металл сауыттармен жабдықталады.

      151. Ішінде оңай тұтанатын жанғыш заттар бар банкілер қақпағы тығыз жабылатын, 

қабырғасы мен түбі асбестпен қапталған арнайы металл жәшіктерге салынады. Жәшіктің түбіне 

қалыңдығы 10 мм құм төселеді. Жәшік қақпағының ішкі жағына заттың атауы анық жазылады.

      Жәшік жүретін жерлерден және қыздыру құралдарынан алыс, оған баратын жол ыңғайлы 

болатындай еденде орналастырылады.

      152. Диэтильді (күкіртті) эфир басқа заттардан оқшау салқын және қараңғы үй-жайда 

сақталады. Дайындалған мерзімінен бір жыл өткен эфир құрамындағы периоксидтерге тексеріледі.

Құрамында периоксидтер бар ерітінділер жойылады немесе қайта айдаудан өткізіледі. Тез 

тұтанатын және жанатын сұйықтарды қоймадан зертханаға жабық сынбайтын ыдыспен немесе сауытқа

салынған шыны ыдыспен жеткізеді.

      153. Сығылған газды пйдаланатын жабдық (газды хроматографтар, хроматомассалар, 




сұйықтық хроматографтар, атомдық-сіңіруші спектрометрлер, вольтамперометрлік талдағыштар) 

бірінші қабатта немесе басқа қабаттарда газ баллонына арнайы орын бөлу сақталған жағдайда 

орнатылады. Жабдықтармен жұмыс істеуге арнайы оқытудан өткен адамдар жіберіледі.

      Газ баллондарының таңбалануы және айрықша түске боялады.

      154. Өрт-жарылыс қауіпті заттармен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар көмірқышқылды өрт 

сөндіргіштермен және өрт сөндіретін басқа құралдармен жабдықталады.

      Тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтармен жүргізілетін барлық жұмыстар ауа шығару 

шкафында желдеткіш жұмыс істеп тұрғанда және электр құралдары мен газдық оттықтар өшірілген 

жағдайда жүргізіледі. Ауа шығару шкафтары және жұмыс үстелдері ыстық және суық суды 

келтіруге арналған коммуникациялармен, сығылған ауамен, тұрмыстық газбен, электр қуатымен 

қамтамасыз етіледі; суды ағызуға арналған раковина орнатылады.

      155. Қайнау температурасы төмен өрт қауіпті заттар қатты балқытылған шынылардан 

жасалған түбі дөңгелек құтыларда осы заттың қайнау температурасын ескере отырып, тиісті жылу

ұстағышпен (сумен, маймен) толтырылған моншаларда қайта айдалады және қыздырылады. Моншалар 

айдауға арналған құралдан кем дегенде 0,5-0,8 м қашықтықта орналастырылады.

      156. Қайнау температурасы төмен тез тұтанатын сұйықтықтар бар ыдыстарды ашық отта және

электрлі қыздыратын аспаптарда қыздыруға жол берілмейді.

      Қайнау температурасы аса жоғары сұйықтықтар құты қыздырғыштарда қыздырылады.

      0,5 л көлемдегі оңай тұтанатын сұйықтықтарды қыздыру кезінде құралдың астына авариялық

жағдайда сұйықтың үстелдің үстіне төгілуін болдырмау үшін сыйымдылығы жеткілікті кювет 

қойылады.

      157. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қыздыруға қолданылатын барлық аппаратура 

жарамсыздықтарды уақытында анықтау үшін мезгіл-мезгіл тексеріледі.

      158. Жарылыс болдырмау үшін диэтильді эфирді кепкенге дейін булауға жол берілмейді.

      159. Жанғыш сұйықтықтармен жұмыстар жүргізілген ыдыстар зерттеу аяқталған соң жуылады.

      Жұмыста пайдаланылған жанғыш сұйықтықтар арнайы тұмшаланған жабылатын ыдысқа жиналады,

ол жұмыстың соңында жою үшін зертханадан әкетіледі.

      Қауіптілігі 3-4-сыныпты пайдаланылған жанғыш сұйықтықтарды жою тұрмыстық қатты 

қалдықтарға арналған полигондарда, ал қауіптілігі 1-2 сыныпты жанғыш сұйықтықтары улы 

қалдықтарға арналған 

 көмуге жатады.

полигондарда

      160. Өрт қауіпті сұйықтықты кездейсоқ төгіп алған жағдайда барлық оттықтар және 

қыздыратын асапаптар сөндіріледі, сұйықтық төгілген жерге құм себіледі. Ластанған құм ағаш 

немесе пластмасса күрекшемен жинап алынады. Тез тұтанатын заттарды сумен сөндіруге жол 

берілмейді.

      161. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауа шығару шкафында (ауа сорғышта) 

өртенген жағдайда желдеткіш ажыратылады.

      162. Күйдіргіш заттармен (қышқылдар, сілтілер) кез келген жұмыстарды орындау кезінде 

күйіп қалудың алдын алу үшін зертханада жұмыс істеушілер қорғаныш көзілдіріктерін (былғары 

немесе резеңке оправалы) және резеңке қолғаптарды, кейбір жағдайларда резеңке (резеңке 

қосылған) алжапқыш пайдалануы тиіс. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыстарды қорғаныш 

көзілдіріксіз орындауға жол берілмейді.

      Қаныққан қышқылдармен және ұшқыш сілтілермен атқарылатын жұмыстар ауа шығару 

шкафтарында орындалады.

      163. Қышқылдар бар шөлмектер корзинада немесе тор себетте сақталады, екі адам немесе 

тұмшаланған ыдыста арнайы арбамен тасымалданады.

      Шөлмектен қышқылдар және сілтілер кіші ыдыстарға сифон немесе әртүрлі 

конструкциялардағы қол сорғылары арқылы құйылады.

      164. Қышқылдардың ерітіндісін дайындау үшін суға жіңішке ағынмен ақырын үздіксіз 

араластыру арқылы құйылады. Қышқылға су құюға жол берілмейді. Күкірт қышқылын 

вакуум-эксикаторларда су сіңіретін зат ретінде қолдануға жол берілмейді.

      Қаныққан азот, күкірт және тұз қышқылдарын зертханалық үй-жайларда қабырғасы қалың 

сыйымдылығы 2 л аспайтын шыны ыдыста ауа шығару шкафында шыны немесе фарфор тұғырықтарда 

сақтайды. Түтіндейтін азот қышқылы бар шыны сауыттарды тотықпайтын болаттан жасалған арнайы 

жәшіктерде сақтау керек.

      165. Ерітінділерді дайындау кезінде сілті суға шағын кесектермен үзіліссіз араластыра 

отырып ақырын салынады, сілтінің кесектері тек қысқышпен ғана ұсталады. Алдын ала тығыз 

матамен жабылған күйдіргіш сілтінің ірі кесектері арнайы бөлінген орында ұсақ кесектерге 

бөлінеді.




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау