"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата25.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#16879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

      4) жұмыс аяқталғаннан кейін зерттелетін материал температурасы 18-20 С тоңазытқыш 

о

термостатқа салынады, үстел дезинфекциялық ерітіндімен, қолдар - 70  спиртпен өңделеді. 



о

Қызметкер аз уақытқа бокстан шыққан кезде есік кілтпен жабылады, кілт зерттеу жүргізетін 

қызметкерде сақталады;

      5) жұқпалы аймақтың үй-жайлары жасанды іске қосылатын және шығатын жерінде жеңіл 

тазалайтын сүзгісі бар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталады;

      6) жұқтырылған жануарлармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларға кіретін жерде биіктігі 30 

см болатын табалдырық орнатылады, бактериологиялық бокстардың, серологиялық және жедел 

зерттеулер жүргізілетін үй-жайлардың есіктері алдында дезинфекциялық ерітіндіге батырылған 

кілемшелер төселеді;

      7) зертханалық үй-жайлар тұмшаланған болады;

      8) зерттеулер нәтижелерін жазу шимай дәптерге жүргізіледі, бокстан шығару алдында 

дезинфекцияланады;

      9) патогендігі І-ІІ топтардың қоздырғыштарымен барлық зертханалық жұмыстарды жүргізу 

қорғаныш костюмімен жүзеге асырылады. Қорғаныш костюмін қолдануға қойылатын талаптар 

Санитариялық қағидаларға 3-параграфта келтірілген;

      10) патогендігі І топтың қоздырғышын жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істейтін 

адамдардың жұмыс күнінің соңында дене қызуын арнайы журналда тіркеу арқылы термометрия 

жүргізіледі;

      11) патогендігі І-ІІ топтардың микроорганизмдерін жұқтыруы ықтимал материалды 

жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан бөлек ұсталады;

      12) тоқсан сайын сарқынды судағы дезинфектанттың қалдық шоғырлануын және патогендік 

микрофлораны анықтау жүргізіледі.

      Адамдардың, кеміргіштердің, эктопаразиттердің биологиялық материалын, сыртқы ортаның

жұқтырылған жануарлардың сынамаларын алуға және бастапқы өңдеуге байланысты барлық жұмыстар 

және оларды патогендігі І-ІІ топтың қоздырғыштарына зерттеу жұқпалы блокта 1-2 типті 

қорғаныш костюмдерін пайдаланып жүргізіледі.

      Сап және мелиоидоз қоздырғыштарымен зерттеулер 2 типті қорғаныш костюмінде, резеңке 

қолғаппен, мақта-дәке бетпердесімен және қорғаныш көзілдірігімен жүргізіледі. Жұқпалы 

бөлімшелердің боксқа кіреберістерінде жұмыс аяқталған соң қорғаныш костюмдері шешіледі және 

залалсыздандырылады. ЖИТС орталықтарының зертханаларындағы жұмыс үшін 3 типті қорғаныш 

костюмі пайдаланылады.

      Зертхананың үй-жайынан қызметкердің қорғаныш киімімен шығуына және қызметкер жұқпалы 

материалмен немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеп жатқан кезде оны үй-жайдан 

шақыруға жол берілмейді;

      13) күйдіргі қоздырғыштарымен жұмыс кезінде зерттеу ақталғаннан кейін зертхана 

үй-жайлары мен жабдықтарға осы қоздырғыштың себілуіне тексеру жүргізіледі.

      97. Патогендігі I-II топтардың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізетін микробиологиялық 

зертханада қызметкерлерде ауруға күдікті симптомдар анықталған жағдайда олар үшін және 

аварияға жол берген адамдар үшін оқшаулағыш көзделеді.

      Оқшаулағыш негізгі және резервті ерекше дәрілік препараттар қорымен, шокқа қарсы 

дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі.

      98. Виварийлерде және инсектарийлерде омыртқалылар мен буын аяқтылардың қозғалысын 

тіркеу ауланған күні мен орнын, зерттеу және карантин нәтижелерін көрсете отырып, арнайы 

нөмірленген және ау өткізілген журналда жүргізіледі.

      99. Виварий және инсектарий үй-жайларына жұмыс күні аяқталғаннан кейін сүргі салынады.

      100. Адамдар қанындағы сарысулардың антигенін анықтауға немесе патогендігі II топтың 

қоздырғыштарының антиденелерін анықтауға зерттеулер жеке бокстарда құрамында тірі 

микроорганизмдер жоқ диагностикумдарды қолданып жүргізеді.

      Қан сарысуын центрифугалау арқылы бөліп алу бокста немесе БҚБ-да жүргізіледі.

      101. Патогендігі I топтың микроорганизмдерімен жұмыс бокстарды өзара жалғастыратын 

жүйемен жарақталған арнайы тағайындалған зертханаларда жүргізіледі. Жұқпалы аймақтағы 

үй-жайларда есіктері автоматты түрде блокталатын өткізгіш автоклав орнатылады.

      102. Биологиялық материалды сақтау төменгі температураға шыдамды, төменгі 

температурадағы шкафтарға немесе сұйық азотты ыдыстарға орналастырылған сынбайтын, 

тұмшаланған контейнерлерде жүзеге асырылады.

      Биологиялық материалды технологиялық желілер арасында немесе қоймаларға тасымалдау 

залалсыздандыруға жататын, тұмшаланып жабылатын ылғал өтпейтін контейнерлерде жүргізіледі.



      103. Жұқтырылған немесе патогендігі I-II топтардың вирустарын жұқтыруы ықтимал 

материалмен жұмыс кезінде персонал обаға қарсы 2 типті костюмді қолданады, жануарларды, 

эктопаразиттерді жұқтыру, биологиялық материалды центрифугалау және вакуумдық кептіру 

кезінде 1 типті қорғаныш костюмінде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін персонал 

гигиеналық себезгі қабылдайды.

      Кептірілген риккетсий өсіріндісі бар ампуланы ашу, риккетсийдің биомассасын гомогендеу

2 типті қорғаныш костюмінде БҚБ-да жүзеге асырылады.

5- параграф. Молекулярлық-биологиялық, иммундық-биологиялық зертхананың жұмыс 

жағдайларына қойылатын талаптар

      104. ПТР әдісімен зерттеулер жүргізген кезде мынадай қағидалар сақталуы тиіс:

      1) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиыны, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық 

жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны 

ыдыстар, қорғаныш киімдері, аяқ киімдер, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау 

мүкәммалы және тек осы бөлмеде қолданылатын басқа да шығыс материалдары болады;

      2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір 

үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді;

      3) мына аймақтар үшін жеке үй-жайлар бөлінеді: сынама дайындау, реакциялық қоспаларды,

детекциялар ( нәтижелерді есепке алу) дайындау, үш зонаның барлығы бокс аклды бөлмелермен 

жабдықталады;

      4) ПТР-дің әрбір кезеңі бір рет қолданылатын шығыс материалын қолдану арқылы автоматты

тамшуырдың (дозатордың) жеке жинағымен жүзеге асырылады. Бір рет қолданылатын шығыс 

материалы (ұштықтар және түтіктер) ДНҚ-аздан және РНҚ-аздан бос, апирогенді болуы тиіс. 

Ұштықтарда сүзгіштер бар (аэрозолдық кедергі) болады;

      5) ПТР бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір 

рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі;

      6) ПТР жүргізуге арналған барлық үй-жайлар жуу және дезинфекциялық құралдардың әсеріне

төзімді материалмен жабылады; барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады;

      7) ПТР зерттеулеріне арналған үй-жайларды жеке ғимаратта орналастыру кезінде мыналар 

көзделеді: материалды қабылдайтын, үлгілерді тіркейтін және алғашқы өңдеуден өткізетін бөлме

, дәрігерлерге арналған бөлме, киім ілетін орын, дәретхана, себезгі, қойма үй-жайлары, 

автоклав, жуатын бөлме;

      8) ПТР зерттеулерін нақты уақыт режімінде жүргізген кезде детекция үшін жеке үй-жай 

қажет етілмейді.

      9) ПТР-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары қолдану 

бойынша нұсқаулыққа сәйкес болуы тиіс. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;

      10) сынама дайындау және реакциялық қоспаларды дайындау кезеңдері БҚБ-да жүргізіледі;

      11) сынама дайындау үй-жайы (бөлмесі) материалды қабылдау бөлмесіне жақын, детекцияға 

арналған бөлме мүмкіндігінше басқа аймақтардан алыс немесе оларға ауа ағынымен амплификация 

өнімдерінің енуін болдырмайтын оқшауланған бөлікте орналасады;

      12) терезелер тығыз жабылуы тиіс. Жұмыс үстелдеріне күн сәулесінің тікелей түсуінен 

қорғау үшін дезинфекциялық құралдарға төзімді материалдан жасалған жарықтан қорғаушы үлдір 

қолданылады.

      105. ИФТ жүргізу кезінде:

      1) бір рет қолданылатын ұштықтарды және ыдыстарды қайта пайдалануға, жабдықтарды, 

шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды ИФТ арналған үй-жайлардан басқа 

үй-жайларға тасымалдауға жол берілмейді;

      2) жууға арналған ерітіндінің ұсақ тамшыларын сорғытуға арналған сүзгіш қағаз бір рет 

қана қолданылады;

      3) ИФТ арналған үй-жайдың оңтайлы температурасы плюс 18 С - 22оС болады;

о

      4) күн сайын (жұмыстан кейін) жабдықтарды, дозаторларды, штативтерді өңдеу 70% этил 



спиртімен жүргізіледі, планшеттерді автоматты жуғыш дистиллденген сумен, аптасына бір рет 

70% этил спиртімен мұқият жуылады;

      5) планшеттерді қыздырғыш аспаптардың жанында инкубация жасауға жол берілмейді;

      6) термостаттың жоғарғы және төменгі сөрелеріндегі температура күн сайын бақыланады.

      106. ЖИТС орталықтарының зертханаларында АИТВ-жұқтырғандардың қан сарысулары 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау