"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата25.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#16879
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын 

зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық 

қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 338 

бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11099 

тіркелді


      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 

жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 

 сәйкес 

:

6 тармағына



БҰЙЫРАМЫН

      1. Қоса беріліп отырған «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды 

пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық 

 бекітілсін. 

қағидалары

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен: 

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді

баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауға 

жіберілуін; 

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 

интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық

экономика вице-министріне жүктелсін. 

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрінің міндетін атқарушы                      М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау

      және әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

сәуір


      15 

 2015 ж.

Қазақстан Республикасы     

Ұлттық экономика министрінің 

2015 жылғы 15 сәуірдегі   

№ 338 бұйрығымен бекітілген

Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын

зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға 

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) 

адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурудың пайда болу және таралу қаупін 

тудыратын органолептикалық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, 

бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, молекулярлық-биологиялық (полимеразды 




тізбекті реакция), иммундық-биологиялық (иммундық-ферментті талдау және басқа серологиялық 

зерттеулер) зертханалық зерттеулерді, шуды, дірілді, электромагниттік өрістерді және 

физикалық факторларды өлшеуді, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық 

зерттеулерді орындайтын зертханаларға (бұдан әрі – зертхана) қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

      2. Санитариялық қағидалар:

      1) зертхана ғимаратының(тарының) құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға,

қайта жаңартуға және пайдалануға беруге;

      2) зертханаларды күтіп-ұстауға, пайдалануға және жұмыс жағдайларына;

      3) материалдарды (микроорганизмдерді) сақтауға және тасымалдауға қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық;

      4) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, токсикологиялық, 

паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (оның ішінде аварияларды жою кезінде);

      5) сумен жабдықтауға, су бұруға, жарықтандыруға және желдетуге талаптарды да 

белгілейді.

      3. Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау меншік нысанына қарамастан жеке және 

заңды тұлғаларға міндетті болады.

      4. Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

      1) авариялық жағдай (бұдан әрі – авария) – биологиялық материалмен жұмыс істеу кезінде

, өндірістік аймақтың ауасына, қоршаған ортаға патогенді биологиялық агенттің бөлінуінің 

немесе персоналға жұқтырудың нақты немесе әлеуетті мүмкіндігін тудыратын, зертханада 

туындаған жағдай;

      2) бактериологиялық зертхана – биологиялық материалдан және қоршаған орта 

объектілерінен бактерияларды бөлу, антигендерді және антиденелерді анықтау бойынша 

зерттеулерді орындайтын зертхана;

      3) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) – адамдардың және көлік құралдарының рұқсат

етілген түрінің өтуін қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;

      4) биологиялық агенттер немесе уыттар – адамның немесе жануарлардың организміне түскен

кезде немесе олармен, сондай-ақ өсімдіктермен жанасқан кезде олардың сырқаттануын немесе 

өлім-жітімін тудыруға қабілетті микроорганизмдер және бактериялық, өсімдіктен немесе 

жануардан шығатын белоктық күрделі қосындылар;

      5) биологиялық қауіпсіздік – жұмыс істейтін персоналды, тұрғындарды және қоршаған 

ортаны биологиялық агенттердің (бұдан әрі – БА) әсерінен қорғауға бағытталған 

медициналық-биологиялық, ұйымдастыру және инженерлік-техникалық іс-шаралар жүйесі;

      6) биологиялық қауіпсіздік боксы (бұдан әрі – БҚБ) – персоналдың жұқтыруын және жұмыс 

аймағы мен қоршаған орта ауасының ластану мүмкіндігін болдырмау мақсатында 

микроорганизмдерді физикалық оқшаулау үшін (жұмыс аймағына енгізбеу және оны бақыланатын 

шығару) пайдаланылатын конструкция;

      7) биологиялық қорғаныш (бұдан әрі – биоқорғаныш) – БА және уыттарды жоғалтуды, 

ұрлатуды, дұрыс пайдаланбауды, диверсиясын, рұқсат етілмеген қол жетімділікті немесе алдын 

ала жоспарланған рұқсат етілмеген таралуын болдырмау мақсатында оларды қорғауды, бақылауды 

және есепке алуды қамтамасыз ету;

      8) боксталған үй-жай (бұдан әрі – бокс) – тамбуры (боксқа кіреберісі) бар оқшауланған 

үй-жай;


      9) виварий – тәжірибелер үшін пайдаланылатын зертханалық жануарлардың алуан түрлері 

ұсталатын ұйымның бөлімшесі;

      10) вирусологиялық зертхана – биологиялық материалдан және қоршаған орта 

объектілерінен вирустарды бөлу, антигендерді және антиденелерді анықтау бойынша зерттеулерді

орындайтын зертхана;

      11) дезактивация – қандай да бір беттен немесе қандай да бір ортадан радиоактивті 

ластануды жою немесе азайту;

      12) дезарлар – ультракүлгін бактерицидті сәулелегіш, үй-жайлардағы ауаны 

дезинфекциялау үшін қолданылады;

      13) демеркуризация – сынапты төгіп алған жағдайда оны жинау бойынша іс-шаралар кешені;

      14) ДНҚ – дезоксирибонуклеин қышқылы;

      15) диагностикалық зерттеулер – қоздырғышты, оның антигенін немесе оған антиденені 

анықтау және сәйкестендіру мақсатында өткізілетін шығу тегі биотикалық және абиотикалық 

объектілерді зерттеу;




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау