Шымкент көпсалалы колледжі
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша
16.03-15.04.2020 ж. аралығындағы КТЖ бойынша № 38 сабақ жоспары
Тобы
|
ФЛК 03-17
|
ФЛК 04-17
|
ФЛК 23-18
|
ФЛК 24-18
|
Өткізу күні
|
27.03
|
27.03
|
06.04
|
06.04
|
Тақырыбы: Жанжалдар
Мақсаты:
Білімділік: Студенттерді жанжалдар туралы түсінігіпен таныстыру.
Дамытушылық: Тұлғаны жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік: Дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Оқу материалына және көрнекілік қосымшаларына сілтемелер:Лекция
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау, онлайн-сабақта қарастырылған оқу әрекеттерімен таныстыру, кері байланыс тәртібін түсіндіру
Бейне-лекция тәртібінде орындалған үй тапсырмаларына талдау жасау:
-қанша жұмыс түскенін хабарлау;
-дұрыс орындалған тапсырмалар санын хабарлау;
-жалпыға тән қателіктерді талдау;
-қайталау сілтемесін беру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
теориялық материалмен танысу сілтемесі:
Жанжал – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей дауласу. Бір адам аз пікірін қалай да мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді.
Жанжал диалектика элементі, дамудың қозғаушы күші, өмірге қажетті жай. Демократияландыру, «адам факторының», жеке адамдар ролінің, инициативасының, құқығының экономикада, саясатта, тұрмыста күшеюі келіспеушілік жағдайын ұлғайта түседі. Қандай да болмасын жұмыс бабында пікір таласына тап болады. Тіпті басшылық дұрыс жолға қойылып, ұйымдағы психологиялық ахуал қолайлы болғанның өзінде де азын – аулақ пікір таласы мен келіспеушіліктер болмай қоймайды. Тіпті пікір – таласының мүлде болмауы қауіпті құбылыс. Ынтымағы жарасып, тату – тәтті жұмыс істеп жүрген кез келген ұжымда аяқ астынан басшының кінәсынан дау – дамай туындауы мүмкін. Өмірде мұндай жайт жиі ұшырасады.
Жанжалды басу үшін, әуелі оның неден, қалай пайда болғанын білген абзал.
Келіспеушіліктің туындауының объективті және субъективті себептері болады. Объективті себептерден болатын жанжал адамдар арасындағы аса күрделі, қарама-қайшылық жағдайында туындады. Еңбек жағдайының нашарлығы, қызмет міндеттері мен жауапкершілігінің айқын белгіленбуі – осы секілді проблемалар келіспеушіліктің, шиеленіскен жағдайға ұшыратудың басты себептері. Егер адамдар осындай жағдайға тап болса, онда олардың көңіл-күйіне ауыз бірлігіне ұйымшылдығына қарамастан дау-дамай тууы мүмкін.
Мұндай жанжалды жоюдың бірден бір жолы – объективті жағдайды өзгерту. Дәл осы жағдайда келіспеушілік дабыл қызметін атқарып, ұжым өміріндегі қолайсыз жағдайды білдіреді. Адамдар арасындағы қарым – қатынаста ынтымақтасу және алауыздық ықпалдары әрекет етеді. Осындай жағдаймен күресу дау – жанжалдың басты себебі. Мұндай жағдайда ұйым екі топқа бөлінеді: ұжым мүшелерінің біраз бөлігі ресми басшыны, ал бір бөлігі кемшілікті айтқанды жақтайды.
Қалай болғанда да, жанжал уақытпен ауысатын жанжалдылықтың деңгейі ретінде түсінілетін әлеуметтік шиеленістен өсіп шығады. Осылайша, әлеуметтік шиеленіс бір-бірімен өзара байланысқан әлеуметтік факторлардың нәтижесі болады. Олар: қанағатсыздық, оның бұқаралығы және пайда болу әдістері.
Ереже бойынша, әлеуметтік жанжалдың күрделілігі, адамдардың жоғары эмоционалды жағдайында; жергілікті жанжалдардың жиілігінен; кінәліні іздеу және адамдар девиациясында орын алуымен көрініс береді. Адамдардың қанағаттанбаушылығының көріну формасы, әсіресе өнеркәсіпті жанжалда мынадай болуы мүмкін:
а) бірнеше адамның сұхбаттары (сыбырлау), “асханалық сұхбат” деп аталады;
b) өндірістік жиналыстар мен мәжілістерде белгілі бір талаптармен сөз сөйлеу;
c) бірнеше адамның жұмыстан тіпті қыр көрсетіп кетуі;
d) саботаж (тапсырманың ұжым бойынша орындалмауы);
e) ұжымдық аштық жариялау;
f) демонстрация және митинг;
g) бүлікшілік (құрал жабдықтарды, ғимараттарды бұзу, өртеу және деликвентті сипаттағы басқа қылықтар);
h) ереуіл.
Әдетте әлеуметтік жанжал төрт сатыға бөлінеді:
1) алдынғы жанжалды;
2) жанжалды;
3) жанжалды шешу сатысы;
4) жанжалдан кейінгі жағдай.
Олардың әрқайсысы кезеңге бөліне алады. Кез келген сатыны немесе кезеңді жанжал динамикасының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн. Мысалы, бірінші алдыңғы жанжал сатысы екі кезеңге бөлінген болуы мүмкін. Бірінші кезең жанжал субъектілерінің күрделі қайшылықтарының пайда болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар жүйесіндегі қайшылықтардың ушығуымен және жинақталуымен сипатталады. Бұл кезеңді латентті (жасырын) деп қабылдау керек.
Екінші кезең, әдетте жанжалдасушы жақтарды қозғалысқа, сонымен қатар, олардың қарама-қарсы құндылықтар мен мүдделерін жете түсінуге әкелетін күтпеген оқиғадан немесе себептен басталады. Нәтижесінде бұл кезеңде жанжал жасырыннан ашық түріне айналады және жанжалдық жүріс-тұрыстың әр түрлі формасында көрінеді.
Жанжалдық жүріс-тұрыс - бұл қарама-қарсы жақтардың олардың мақсаттары мен ниеттерін тура немесе жанама түрде қоршауға бағытталған әрекет.
Дәл осындай жүріс-тұрыс жанжалдың дамуының екінші, негізгі кезеңін сипаттайды. Бұл кезеңде тек жанжалдасушы жақтардың мақсаттарын жете түсіну ғана қажетті емес, сонымен бірге бірінші сатының өзінде-ақ басталатын күреске психологиялық нұсқауды қалыптастыруды жалғастыру қажет.
Медициналық қызметкерлер арасындағы қақтығыстардың төмендегідей түрлері бар
Студенттің өз бетінше жұмысы:
Жанжалдың қандай түрлері бар ?
Жанжалдың туындау себептері?
Медициналық қызметкерлер арасында қандай жанжал түрлері бар?
Сабақтың қорытындысын шығару (атқарылған жұмыс нәтижесін шығару, мақсатқа жету дәрежесін бағалау, студенттердің сабақ тақырыбынан күткені мен мақсаттың орындалуы туралы әңгіме қозғау), студенттердің білімін түсініктеме беріп бағалау.
Үй тапсырмасы: Субординация, жанжалдың себептері оқу
Оқытушы: Есенгелді А.О.
Достарыңызбен бөлісу: |