16) ЖИТС – жұқтырылған
иммун тапшылығы синдромы;
17) жұқпалы аймақ – патогенді биологиялық агенттермен немесе ықтимал жұқтырған
патогенді биологиялық агентпен материалмен әрекеттер және оларды сақтау жүзеге асырылатын
зертхананың үй-жайы немесе зертхананың үй-жайлар тобы;
18) зертхана – органолептикалық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық,
микробиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық,
молекулярлық-биологиялық, иммундық-биологиялық зертханалық зерттеулерді, шуды, дірілді,
электромагниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді, радиометрия мен дозиметрияны
қамтитын радиациялық зерттеулерді орындайтын ұйым немесе оның құрылымдық бөлімшесі.
19) инфекциялық материал – құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар екені
белгілі немесе негізді болжанатын заттар;
20) иммундық-ферментті талдау (бұдан әрі – ИФТ) – ферментті белгіні қолдана отырып,
антигеннің антиденемен өзара әрекеттесуіне негізделген әртүрлі биологиялық молекулаларды
анықтау әдісі;
21) инсектарий – тәжірибелік мақсатта қолдану үшін жәндіктерді күтіп-ұстауға, шығаруға
немесе көбейтуге арналған ұйымның бөлімшесі;
22) микробиологиялық зертхана – биологиялық материалда және қоршаған орта
объектілерінде микроорганизмдерді анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын зертхана;
23) микробиологиялық зерттеулер бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық,
молекулярлық-биологиялық, иммундық-биологиялық зерттеулерді қамтиды;
24) микроорганизмдер – бұл белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануда
адамның денсаулығына әсер етуі мүмкін шығу тегі белоктық күрделі қосындылар бактериялар,
вирустар, микоплазмалар, риккетсийлер, хламидийлер және грибоктар;
25) отқа қауіпті заттар – тұтанудың сыртқы көзінен жанатын, жеңіл тұтанатын заттар мен
жанғыш сұйықтықтар;
26) объектінің (үй-жайдың) техникалық нығайтылуы – ғимараттың, үй-жайлардың, олардың
периметрлерінің, күзеттің арнайы техникалық құралдарының (күзет, қауіп-қатер дабылы; қол
жетімділікті бақылау жүйесі; теледидарлық бақылаудың бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері;
радиоактивті, химиялық және өзге де уландырғыш заттарды анықтау детекторлары; қаруды,
жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторлары) және өрт дабылы жүйесінің, оның
ішінде өртті автоматты түрде анықтау және өшіру
конструкциялық элементтерін
жүйесінің
инженерлік қорғау жиынтығы;
27) патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА) – адамдар үшін патогенді
микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, риккетсийлер, хламидийлер, қарапайымдылар,
грибоктар, микоплазмалар, эндо- және эктопаразиттер), гендік-инженерлік түрлендірілген
микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, сондай-ақ
құрамында санамаланған агенттердің болуы ықтимал материал (қанды, басқа да биологиялық
сұйықтықтарды және организмнің нәжістерін қоса алғанда);
28) паразитологиялық зертхана – биологиялық материалда және қоршаған орта
объектілерінде гельминттерді және қарапайымдыларды анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын
зертхана;
29) периметр – қоршайтын құрылыс конструкцияларымен (тосқауылдармен) және
бақылау-өткізу пункттерімен жабдықталған күзетілетін аумақтың (аймақтың) шекарасы;
30) полимеразды тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) – зерттелетін микроорганизм
геномының ерекше учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін, ДНҚ-РНҚ (амплификация) фрагменті
көшірмелерінің санын көп еселеп көбейтуге негізделген реакция;
31) радиологиялық зертхана – әр түрлі объектілерде радионуклидтің болуын анықтау
бойынша радиациялық бақылау, радиологиялық зерттеулер жүргізетін, сонымен қатар,
дозиметриялық, радиометриялық, спектрометриялық өлшеулер жүргізетін зертхана.
32) РНҚ – рибонуклеин қышқылы;
33) тәжірибелік зерттеулер – шығу тегі биологиялық микроорганизмдерді, гельминттерді,
уыттар мен уларды пайдаланатын жұмыстардың барлық түрлері;
34) тәуекелді бағалау – БА-ның ену және таралу ықтималдығын және онымен байланысты
әлеуетті әлеуметтік, медициналық-биологиялық, фито-ветеринариялық, экологиялық және
экономикалық салдарларын ғылыми негізделген бағалау;
35) таза аймақ – зертхананың БА-мен әрекеттер жүргізілмейтін үй-жайы немесе үй-жайлар
тобы;
36) улы және қатты әсер ететін заттар – организмге аз мөлшерде және аз шоғырлануда
түскен кезде патологиялық өзгерістер тудыратын химиялық қосындылар;
37) уақытша зертханалар (эпидемиологиялық жасақтар, экспедициялар) – эпидемиялық белең
алулар пайда болғанда ұйымдастырылатын мерзімдік жұмыс істейтін зертханалар;
38) шартты жұқпалы аймақ – жұқпалы аймақ шегіндегі үй-жай немесе үй-жайлар тобы;
39) штамм – микроорганизмнің таза өсіріндісі;
40)
– өндірілетін өнімдері және (немесе) қызметі
эпидемиологиялық маңызды объектілер
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда, тұрғындар арасында тамақтан улануды және
белең алуын тудыруы мүмкін объектілер.
инфекциялық аурулардың
2-тарау. Ғимараттың(тардың) құрылысына жер учаскесін таңдауға,
зертханаларды жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және
пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
5. Мынадай:
1) бұрын мал өлексесін және уытты қалдықтарды көму орындарына пайдаланылған;
2) жер учаскесінде күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз елді мекен орналасқан
жағдайларда жер учаскелерінде құрылысты жобалауға және жүзеге асыруға жол берілмейді.
6. Зертханалардың ғимараттары дербес жер учаскелерінде орналасуы немесе құрамына
кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасуы тиіс.
7. Зертханаларды орналастыруға қойылатын талаптар:
Зертхананы дербес ғимаратта орналастыруға жол беріледі, жеке кіретін есігі бар
кіріктірме-жапсарлас салынған өндірістік үй-жайларда, өндірістік ғимараттардың, жеке кіретін
есігі болғанда бейінді ұйымдардың бөлек қабаттарында, клиникалық-диагностикалық
зертханаларды жеке кіретін есігі бар емдеу-профилактикалық ұйымдарда орналастыруға жол
беріледі.
8. Микробиологиялық патогендігі III-IV топтағы зерттеулерді орындайтын зертханалар
тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан кемінде 30 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта орналасады.
9. Зертхананың аумағы, ғимараттары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы және Санитариялық
қағидаларға
сәйкес үй-жайлар жиыны мен аудандары болады.
1-қосымшаға
10. Микробиологиялық зерттеулерді орындайтын зертханалардың: қызметкерлер үшін
санитариялық өткізгіші бар және материалды зерттеуге жеткізуге арналған кемінде кіретін екі
есігі болуы тиіс. Зерттеуге арналған материалды арнайы беретін терезе арқылы алуға жол
беріледі.
11. Патогендігі I-II топты ПБА-мен немесе патогендігі I-II топқа жататын ПБА жұқтыруы
ықтимал материалмен жұмыстар жүргізілетін стационарлық зертханалардың қоршаулары күрделі
болуы және типтік жобалар бойынша салынады.
12. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктің, қақпаның, қақпалы есіктің, сондай-ақ ойылған
жерлердің және басқа да бұзылулардың болуына жол берілмейді.
13. Қоршауға оның периметрінің бір бөлігі болып табылатын ғимараттан басқа жапсарлас
құрылыстар жанасып салынбауы тиіс, бұл ретте күзетілмейтін аумаққа қараған ғимараттың
бірінші қабатындағы терезелер металл торлармен жабдықталады.
14. Аумақ қоршауының периметрі бойынша жарық орнатылады.
15. Зертхананы бірінші қабатқа орналастырған жағдайда барлық бөлмелердің терезелерінде
темір торлар орнатылады.
16. Уақытша зертханалар қауіпсіздік талаптарын сақтаған кезде жеткілікті сумен, электр
қуатымен, кәрізбен қамтамасыз етілген жағдайда бейімделген ғимараттарда, үй-жайларда
орналасады.
17. Қоршау үшін қарапайым қоршауларды (ағаш, металл, тор, керегекөз) пайдалануға жол
беріледі.
18. Зертханада өндірістік қуаттылығына және орындалатын зерттеулер номенклатурасына
сәйкес жұмыс бөлмелер және басқа үй-жайлар жиыны болуы керек. Зертхананың үй-жайлары өзінің
тікелей мақсатына қарай пайдаланылуы тиіс. Қызметтік міндеттерді орындауға байланысты емес
жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
19. Зертханалар үй-жайларының конструкциялық сәулет-жоспарлау орындалуы және кіруден