2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

шығындарды   қоса   алғанда,   ақша   қаражатының   шығындары   өндірілгенін

растайтын   құжаттар,   сондай-ақ   болу   туралы   есепті   дайындауға   байланысты

шығыстар   алдын   ала   болу   бойынша   шығыстарды   республикалық   бюджет

қаражаты есебінен өтеу үшін негіз болып табылады.

Үйлестіру   кеңесі   хаттамасының   көшірмесі   тиісті   жылғы   10   қаңтардан

кешіктірілмей   бюджеттік   бағдарламаның   әкімшісіне   жіберіледі.   Бюджеттік

бағдарламаның әкімшісі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына мынадай

шығыстарды өтейді:

ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына алдын ала болудың



қорытындылары   бойынша   жыл   сайынғы   шоғырландырылған   баяндама   үшін

жинақталған   материалдарды   өңдеуді,   ұсыныстар   мен   ұсынымдар,   ақпарат

дайындауды   қоса   алғанда,   болудың   қорытындылары   бойынша   есепті

дайындауға байланысты ең төменгі бір жалақы мөлшеріндегі шығыстар;

кеңсе   тауарларын   сатып   алуға   арналған,   телефон   байланысын,



интернет  пен  почта   қызметтерін  пайдаланғаны  үшін  шығыстарды  қамтитын,

алдын   ала   болуды   жүзеге   асыратын   ұлттық   алдын   алу   тетігінің   әрбір

қатысушысына   ең   төменгі   екі   айлық   есептік   көрсеткіштен   аспайтын

мөлшердегі жүкқұжат шығыстары; 

Ұлттық   алдын   алу   тетігі   қатысушысының   басқа   жерге   баруына



байланысты шығыстар;

ұлттық   алдын   алу   тетігі   қатысушысының   басқа   жерге   шығу   күнін



және   негізгі   жұмыс   (қызмет)   орнына   келу   күнін   қамтитын   алдын   ала   болу

уақыты   ішінде   негізгі   жұмыс   (қызмет)   орны   сақталады   және   Қазақстан

Республикасының   Еңбек   кодексі 

149-бабының

  1   және   2-тармақтарына   сәйкес

жалақы төленеді.

Ұлттық   алдын   алу   тетігі   тобының   басшысы   алдын   ала   болу   кезіндегі

ақша қаражатының нақты шығыстары туралы есепті бюджеттік бағдарламаның

әкімшісіне   ай   сайын,   есепті   айдан   кейінгі   айдың   5-күнінен   кешіктірмей

тапсырыс   хатпен   жібереді.   Есепке   алдын   ала   болу   мақсатында   басқа   жерге

баруға, болудың қорытындысы бойынша есеп дайындауға, өткізілген болулар,

осы   Қағидаларға   сәйкес   төленуге   тиіс   үстеме   шығыстар   туралы   ақпаратқа

байланысты шығыстарды растайтын құжаттар қоса беріледі.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық

алдын   алу   тетігі   қатысушыларының   алдын   ала   болуды   жүргізу   кезіндегі

шығыстары туралы растауды бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ай сайын,

есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жібереді.

Бюджеттік   бағдарламаның   әкімшісі   осы   Қағидалардың 

7

  және   



8-тармақтарында

  көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен

кешіктірмей,   ұлттық   алдын   алу   тетігі   қатысушысының   шығыстарын   өтеуді

ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысына тиесілі соманы ұлттық алдын алу

тетігі   тобының   басшысы   ұсынған   және   тиісті   банк   немесе   банк

операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым растаған соманы

оның ағымдағы банк немесе өзге шотына есептеу арқылы жүргізеді.

Осы   баяндамада   өңірлік   топтар   мен   олардың   басшыларының

қызметтеріне баға берілмейді. Сонымен қатар, ҰАТ қатысушылары қызметінің

13



құрамдас бір бөлігіне тоқталу қажет. Осылайша, жылдық қаржылық есеп осы

жұмыста бар болған кемшіліктер мен ақаулар туралы куәландырады. Жылдың

қорытындысы   бойынша   бөлінген   бюджеттік   қаражатты   игеру   пайызы   төмен

болып шықты, бірінші кезекте, бұған бірқатар өңірлік топтардың, соның шінде

Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарының бірнеше ай

бойы қаржылық есептіліктерін ұсынбағаны әсер етті.   

Маңғыстау  мен Батыс  Қазақстан  облыстарының өңірлік топтары кеңсе

шығындарына,   байланыс   құралдарына   бірде-бір   ақша   жұмсамаған   еді,   бұл

көрсеткіш Атырау облысы бойынша төмен.

ҰАТ қызметіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты игермеу

алдағы жылдарда олардың қысқаруына әкелуі мүмкін, осыған байланысты ҰАТ

топ   басшылары,   мүшелері   Шығыстарды   өтеу   туралы   ережесінде   көзделген

барлық   ықтимал   шығындарды   есепке   ала   отырып   есептерді   дайындауға

анағұрлым мұқият және уақытылы қарауы тиіс.

Шығыстар   жөнінде   толық   мәліметтер   «2014   жылға   арналған   ҰАТ

бойынша қаржылық есеп» жиынтық  кестесінде келтірілген (1-қосымша).   



1.5.

Ұлттық алдын алу тетігінің қызметіне қоғамдық бірлестіктердің

қатысуы 

ҰАТ құрылуына, қалыптасуына және қызметіне азаматтық қоғамдастық

институттарының (әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес

ұйымдар,   оның   ішінде     қоғамдық   бірлестіктер)   қатысуы   тікелей   болып

табылады. Процедураға толықтай сәйкес келетіндей, ҰАТ Үйлестіру кеңесінің

қалыптасуымен   арнайы   құрылған   комиссия   айналысты.   Бұл   комиссияның

қатысушылары   Қазақстан   Республикасы   Парламент   депутаттарының,

мемлекеттік   органдар,   қазақстандық   қоғамдық   бірлестіктері,   халықаралық

ұйымдар,  академиялық  орта,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  өкілдерінің  және

адам құқықтары саласында тиісті білімі мен тәжірибесі бар өзге де тұлғалардың

арасынан   сайланды.   Комиссия   мүшелерінің   жалпы   саны  -  17  адам.   Адам

құқықтары   жөніндегі   уәкіл   өз   өкімімен   комиссияның   құрамын   бекітті.

Комиссия өкілеттіктерінің мерзімі – 5 жыл.

Ұлттық   алдын   алу   тетігі   қатысушыларының   Үйлестіру   кеңесінің

мүшелерін сайлау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар кірді:

1.

Шәкіров Асқар Оразалыұлы – Қазақстан Республикасындағы Адам

құқықтары жөніндегі уәкіл, комиссияның төрағасы;

2.

Калюжный   Вячеслав   Афанасьевич  –   Адам   құқықтары   жөніндегі

ұлттық орталықтың басшысы, комиссияның хатшысы;

3.

Асанов Жақып Қажманұлы – ҚР Бас Прокурорының Орынбасары;; 

4.

Бычкова   Светлана   Федоровна  –   ҚР   Парламенті   Мәжілісінің

депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің хатшысы;

5.

Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы  – «Самрұқ-Қазына» Ұлттық игілік

қоры»   АҚ   жанындағы   «Әлеуметтік   әріптестік   орталығы»   корпоративтік

қорының Бас директоры, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар

бірлестігінің президенті, саясаттанушы; 

14



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау