Сарань қ. облыстық мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің,
Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансерінің, Батыс Қазақстан
облыстық наркологиялық мамандандырылған емдеу-профилактикалық
мекемесінің науқастары тап болды.
Қатыгез іс-әрекеттің тағы бір түрі болып келетін қанағаттанарлықсыз
тұрғын үй жағдайлары, төсектердің жетпеуінен (науқастар еденде ұйықтау
мүмкін), үйжайлардың құжынауынан, төсек орын құралдарының жетіспеуінен,
қираған жиһаздың болуынан, желдету жүйесінің бұзылуынан (үйжайларда
жағымсыз иістің болуы), мекеме аумағының абаттандырлымауы мен
тазартылмауынан, табиғи жарықтанудың болмауы мен ауаның әлсіз енуінен,
режимді бұзғандарға арналған арнайы палатада санитарлық торапқа арналған
аралығының болмауынан, адам басына шаққанда санитарлық алаңның
лайықсыздығынан, және де тумбочкалардың жеткіліксіздігінен көрініс табады.
Барған барлық дерлік наркологиялық ұйымдар жұмыстың болмауы мен
бос уақытын өткізетіндей істің, соның ішінде ден шынықтыру мен спортпен
айналысу үшін жағдайлардың болмауымен сипатталады. Жекелеген
мекемелерде мардымсыз спорт құрылғылары бар, алайда олар тек ер адамдарға
ғана жарамды. Мекемелердің серуендейтін аулалары жабдықталмаған. Кейбір
серуендейтін аулаларда 1 турник, 1 орындық кездеседі, алайда ұзын
орындықтар мен спорт құрылғыларының болмауы көзделген.
Басқа аспектілерге әсерін тигізетін айтарлықтай проблема шағым беру
каналдарының болмауы мен тиісінше, олардың тиімді қарау каналдарының
болмауында. Осылайша, көптеген мекемелерде шағымды беруге арналған
жәшіктер, стендтерде құқықтық ақпарат, сондай-ақ шағымдарды тіркеуге
арналған журналдар жоқ.
Батыс Қазақстан облыстық наркологиялық мамандандырылған емдеу-
профилактикалық мекемесінде телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу мен
науқастардан шағымдарды қабылдаудан бас тарту фактілері тіркелді. Күзет
қызметкері ҰАТ қатысушысынан шағымды тартып алуға талпынды, осылайша
ол ҰАТ қызметін реттейтін заңнаманы білмейтінін көрсетті. Сондай-ақ бұл
мекемеде әкімшіліктің науқастарды тегін негізде жұмысқа жіберу фактсі
анықталды.
Павлодар облыстық наркологиялық диспансерде стендте бас дәрігердің
нөмірі деп жазылған нөмірге қоңырау шалған кезде нөмір 2 жыл жеке
тұлғаларға тиесілі екені анықталды, сенім телефоны жұмыс істемейді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеуге арналған психиатриялық
стационарлар
ҰАТ қатысушылары түрлі психиатриялық және психоневрологиялық
мекемелерде болған кезде тиісті шешімді қажет ететін төмендегідей
проблемаларды белгіледі.
Бірінші кезекте, мекемелер орналасқан ғимараттар мен үйжайларға
қатысты проблемаларға назар аудару қажет. Олардың біразына күрделі жөндеу
жұмыстар қажет (Степногорск өңірлік психиатриялық ауруханасы, Қостанай
облыстық психиатриялық ауруханасы, Астана қ. психикалық денсаулық
34
проблемаларының медициналық орталығы, Алматы облысының Ақтас
аулындағы мамандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық
ауруханасы). Одан басқа, Ақмола облыстық психоневрологиялық диспансер
медициналық мекемеге бейімделмеген 3 ескі ғимаратта орналасқан. Сондай-ақ
1958 жылы салынған ғимаратта орналасқан Атырау облыстық
психоневрологиялық ауруханасы.
Бірлі-жарым жағдайда мерзімі өткен дәрі-дәрмектердің болу фактісі
анықталды (Астана қ. психикалық денсаулық орталығында).
Кадр лық тапшылық, қанағаттанарлықсыз санитарлық-гигиеналық
жағдайлар, қанағаттанарлықсыз тамақтану жағдайлары, сыртқы дүниемен
байланыстың жоқтығы, палаталардың құжынауы, жеке шкафтар мен
науқастарға арналған тумбочкалардың жетіспеуі, табиғи және жасанды
жарықтанудың жетіспеуі, шағым беру каналдарының болмауы, төмек орын
құралдарының төмен сапасы проблемалары және тұрғын үй жағдайларымен
байланысты тағы басқа проблемалар наркологиялық ауруханаларға да сияқты
психиатриялық ұйымдарға да тән.
Мекемелердің осы түрінің ерекшелігі науқастардың ештеңемен
айналыспауы, оның ішінде еңбекпен қамтамасыз етілмеуі, білім алу мен
спортпен айналысу мүмкіндігінің мүлдем болмауында.
Алматы облысының Ақтас аулындағы республикалық психиатриялық
ауруханадағы жағдай ерекше алаңдатушылықты тудыруда. Мекемеде кезеңдік
басылымдарды науқастардың өздері жазғызып алады, алайда корреспонденция
мекеменің әкімшілігі тарапынан цензураға тап болады. Кездесулерге айына 2
рет 10-15 минуттан рұқсат етіледі, ал телефон арқылы сөйлесу тек әкімшіліктің
қатысуымен 5 минутқа рұқсат етіледі. Мекемеде 845 адамға 1 таксофон
орнатылған.
Алматы облысының Ақтас аулының Интенсивті қадағалаумен мамандандырылған үлгідегі Республикалық психиатриялық
ауруханасы
Одан басқа, ҰАТ қатысушылары бұл мекеменің науқастарының жеке
заттарына қатысы жоқ бөтен заттарды алу үшін науқастардың жеке қаражатын
пайдалану фактілері анықтады. Аталған факт бойынша қадағалау органының
құқықтық бағасы қажет, осығна орай Алматы қ. мен Алматы облысының ҰАТ
35
өңірлік тобы Алматы облысының прокуратурасына тиісті сұрату хатын
жолдаған еді.
Туберкулезге қарсы ұйымдар
ҰАТ қатысушылары туберкулезге қарсы ұйымдарда болған кезде тиісті
шешімді қажет ететін төмендегідей проблемаларды белгіледі.
Ғимараттар мен үйжайларға қатысты проблемалар елдің 3 өңірінде
анықталды: Алматы облысының Іле туберкулездік ауруханасы (ыдыстарды
жууға арналған үйжайда жөндей жұмыстарын жүргізу қажет), Павлодар
облыстық туберкулезге қарсы диспансер (палаталардың ауданын халықаралық
стандарттарға сәйкес ұлғайту қажет) және Қызылорда облысының Жаңақорған
туберкулезге қарсы диспансері (ғимарат 1974 жылы салынған, диспансердің
талаптарына сәйкес келмейді).
Осындай мекемелерде көрсетілетін медициналық қызметтерге қатысты
ҰАТ қатысушылары айрықшы проблемаларды айқындаған жоқ еді, керісінше,
қолданып жатқан шараларға оң баға берілді. Тек Жамбыл облыстық
туберкулезге қарсы диспансерде төмен сапалы медициналық препараттардың
болғаны анықталды.
Қарастырылып жатқан мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайлары
мониторингтік топтар қатысушыларының белгілі бір сынына ұшырады.
Осылайша, Алматы облысының Іле туберкулездік ауруханасында науқастарға
ғимараттағы туалеттерді тек кіші дәретке отыру үшін ғана пайдалануға рұқсат
беріледі. Басқа жағдайда олар жылдың кез келген мезгілінде кез келген ауа
райы кезінде ауладағы туалетке баруға мәжбүр.
Сондай-ақ арбамен жүретін мүгедектерге арналған санитарлық тораптар
көзделмеген.
Тамақтану жағдайларына, сыртқы дүниемен байланысқа, тұрғын үй
жағдайлары мен шағым беру каналдарына қатысты да ҰАТ қатысушылары
жақсарту бойынша көптеген ұсынымдар берген еді.
Арнаулы болу
2014 жылғы 24-25 қыркүйекте Жамбыл облысы бойынша ҰАТ
қатысушылары Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерде арнаулы
болды.
Арнаулы болу науқастардың мекемедегі материалдық-тұрмыстық
жағдайларға, тамақтану және медициналық қызмет көрсету сапасына жасаған
бірқатар шағымдарының негізінде ұйымдастырылды.
Болу кезінде науқастардың орналасуы жағдайларына қатысты бірқатар
бұзушылықтары анықталды, атап айтқанда, сапасыз дәрілік құралдар мен
шприцтер қолдану; тағамдарды дайындау сапасын бақыламау, бұл көп дәрі-
дәрмек қабылдайтын туберкулезбен ауыратын науқастар үшін зиянды болуы
мүмкін; бөлетін аралық жоқ көршілес ер және әйелдерге арналған
палаталардың болуы, сондай-ақ басқа ескертулердің болуы.
Болудың нәтижесінде мекемеге тиісті ұсынымдар жіберілген еді.
36
Достарыңызбен бөлісу: |