ескерілген еді. Заң жобасы мәтінінің негізгі әзірлеушісі қазақстандық құқықтық
практикада анағұрлым маңызды заң жобаларын әзірлеуге жауапты мемлекеттік
орган - Әділет министрлігі болып айқындалды. Заң жобасын әзірлеу Парламент
депутаттарының, мемлекеттік органдар, құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің,
сондай-ақ халықаралық сарапшыларының қатысуымен өткен
конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және басқа іс-шараларды өткізумен
ілесіп отырды. Жұмыс тобының түзеу мекемелерінде көшпелі отырыстары
өткізілді, олардың шеңберінде персонал мен сотталушылармен жеке кездесулер
ұйымдастырылды, заң жобасының тұсаукесер шаралары өткізілді. Аталған
формат әзірлеушілерге іс жүзінде заң жобасының өзекті мәселелерімен
танысуға мүмкіндік берді.
Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына 2012 жылғы наурызда
енгізілді. Бейінді комитет 2012 жылғы 8 мамырда барлық тартылған
мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың,
сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен заң жобасының бұқаралық
тұсаукесерін өткізді. 2012 жылғы 12 шілдеде ҰАТ құру мәселелері Адам
құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары Наванетхем Пиллэйдің
Қазақстанға іссапары барысында көтерілген еді. Қабылданған заңның сапасына
БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің Азаптауды алдын алу жөніндегі шағын
комитеті өкілдерінің тәжірибесі айтарлықтай әсерін тигізді. Атап айтқанда,
Азаптауды алдын алу жөніндегі шағын комитет заң жобасын әзірлеушілеріне
«бас бостандығына айыру орны» терминін талқылау, сондай-ақ Әділет
министрлігінің ҰАТ құру мен жұмысын келтірудегі атқарушы билік органы
ретіндегі ролі мәселелері бойынша жазбаша түсініктемелер берген еді.
2013 жылғы 30-31 қаңтарда Қазақстанға БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің
Азаптауды алдын алу жөніндегі шағын комитетінің Төрағасы Малькольм
Эванс іссапармен келген еді, сапар барысында ҰАТ құру туралы пікірталастық
мәселелері бойынша көзқарастармен алмасулар өткізілді.
Заң жобасын Парламентте қарау кезінде Орталық Азия бойынша Адам
құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының Басқармасы Өкілдігімен,
Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, Орталық
Азиядағы Халықаралық түрме реформасы өкілдігімен өзара қарым-қатынастар
қолдау тапты.
2013 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан
Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаудың және басқа да
қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер
мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн
жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – ҰАТ туралы Заң) қол қойды,
бұл заң негізінде елімізде ҰАТ құрылды және заңды деңгейде әрекетке енді.
4
1. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын
немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы
конвенцияға Факультативтік хаттамаға сәйкес қызмет
1.1.
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке
жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен
жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік
хаттама
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары
туралы негізгі келісімшарттарының қатысушысы болып табылады, оның
нормалары азаптау мен қатыгез іс-әрекеттерге тыйым салады. Сондай-ақ
Қазақстан 1949 жылғы Женева конвенцияларының және 1977 жылғы оларға
Қосымша хаттамалардың қатысушысы болып табылады. 2008 жылы Қазақстан,
бұдан бұрын көрсетілгендей, Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік
хаттаманы ратификациялады, ол азаптауларды және басқа да қатыгез,
адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен
жазалау түрлерiн алдын алудың екі деңгейлі (халықаралық және ұлттық) тетігін
құруды көздейді.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаудың
және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты
қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған
ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі –
ҰАТ туралы Заң) сәйкес елімізде ҰАТ «Омбудсмен плюс» үлгісі негізінде
құрылған еді. Мұндай үлгі елдің азаматтық қоғамдастығы институттарының,
құқық қорғау органдарының және депутаттық корпустың құрылып жатқан
тетікті келістіру мен талқылаудың соншалықты ұзақ үдерісін көрсетті. Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) ҰАТ Үйлестіру кеңесін басқарады
және оның төрағасы болып табылады.
Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамаға сәйкес, Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық
актілерді, шешімдер мен өкімдерді бастама қылды. Олардың арасында: Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау
жөніндегі комиссия туралы ереже; Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы
Үйлестіру кеңесі туралы ереже; ҰАТ қатысушыларын іріктеу қағидалары;
Алдын ала болу үшін ҰАТ қатысушыларынан топтар құру қағидалары; Алдын
ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы
дайындау қағидалары және т.б. Бұл құжаттарды қабылдау қабылданған заңның
нормаларын іске асыруға және ҰАТ қызмет етуі үшін қажетті жағдайларды
жасауға мүмкіндік берді.
1.2. Азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке
жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау
5