2014 жылы орындалған алдын ала болу қорытындылары бойынша ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының жинақталған баяндамасы


түрлерiн алдын алу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата20.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#14828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

түрлерiн алдын алу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының

заңнамасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат» деген

екінші   тарауында   өмірге   берілген   құқықты,   кемсітушілікке   жол   бермеу

құқықғын, ар бостандығына және сөз бостандығына берілген құқықты,сондай-

ақ   денсаулық   сақтауға   берілген   құқықты   қосқанда,   адамның   құқықтары   мен

бостандықтары көрсетілген. Азаптауды қолдануға тыйым салу мен адамның ар-

намысына     қолсұқпау   17-бапта   бекітілген.   Одан   басқа,   16-бапта   жеке

бостандыққа берілген құқыққа кепілдік берілген, 72 сағатты құрайтын қамауда

ұстаудың   шекті   ұзақтығы   айқындалған,   заң   көмегіне   және   шағым   беру

мүмкіндігіне қатысты ережелер қамтылған.

Конституциялық   тыйым   салуды   дамыта   отырып,   азаптауларға   ҚР

Қылмыстық   кодексінің   141-1-бабымен   (күшін   жойды,   2015   жылғы   01

қаңтардан   бастап   жаңадан   қабылданған   ҚР   ҚК   күшіне   енді,   ұқсас   бап   146

нөмерін иемденді) тыйым салынған. Бұл бапта азаптау ұғымы Азаптауға қарсы

конвенцияның   1-бабында   қамтылған   ұғымына   қарағанда   өзгеше.   Онда

қылмыстық жауапкершілік тек мемлекеттік лауазымды тұлғаларға таралған, ал

ресми   кез   келген   өзге   тұлға   жасаған   немесе   мемлекеттік   лауазымды

тұлғалардың   айдап салуымен немесе білуімен не үнсіз келісімімен жасалған

азаптаулар   қылмыс   санатына   жатпайды.   Одан   басқа,   Азаптауға   қарсы

конвенцияның «заңды санкциялар» туралы айтылған 1-бабынан өзгеше, 141-1-

бабында «лауазымды тұлғалардың заңды әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген

тән және психикалық зардап шектіру азаптау деп танылмайды» деп көрсетілген

(2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген ҚР ҚК-те – 146-б.). 

2014 жылы әрекет еткен Қылмыстық кодексте басқа да ережелер бар еді,

оларға сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты заңсыз

әрекеттерге байланысты қудалау жүзеге асыруға болар еді. ҚР ҚК 307 және

308-баптарында   «Қызмет   өкiлеттiгiн   теріс   пайдалану»   және   «Билiктi   не

қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану» көрсетілген және тиісінше екі жылдан

бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қосқанда жазалаудың әр түрлі

түрлері   көзделген.   Одан   басқа,   107-бабында   «Ұдайы   ұрып-соғу   немесе   өзге

күш   қолдану   әрекеттерi   жолымен   тән   зардабын   немесе   психикалық   зардап

шегу» қылмыс ретінде қарастырылған, ал азаптауларды қолдану ауырлататын

жағдай деп көрсетілген еді. Осындай қылмыс «бес жылға дейiнгi мерзiмге бас

бостандығын   шектеуге   не   үш   жылдан   жетi   жылға   дейiнгi   мерзiмге   бас

бостандығынан айырумен» жазаланған еді.

Ұқсас   нормалар   2014   жылғы   2   шілдеде   қабылданған   ҚР   ҚК-те   де

2015   жылғы   1   қаңтарда   күшіне   енген   ҚР   ҚК-те   де   қамтылғанын   атап   өту

қажет.


6


Азаптауда алдын алуға Қазақстанда қабылданған бірқатар заңға тәуелді

нормативтік   құқықтық   актілер   де   ықпалдасады,   осылайша,   2009   жылғы

желтоқсанда   Жоғарғы   Сот   «Қылмыстық   және   қылмыстық   іс   жүргізу

заңнамасының адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол

сұқпау,   қинауға,   зорлық-зомбылыққа,   басқа   да   қатыгез   немесе   адамның   ар-

намысын   қорлайтын   әрекеттер   мен   жазалау   түрлеріне   қарсы   мәселелер

жөніндегі нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулыны қабылдады. Бұл

нормативтік қаулыда азаптауды қолдану және қызметтік өкілеттіктерді асыра

пайдалану   үшін   қылмыстық   жауапкершіліктің   құқықтық   негіздемелері   анық

ажыратылған.   Одан   басқа,   бұл   нормативтік   қаулыда   прокурор   мен   соттың

қамауға алынғандардан келіп түскен азаптауды қолдану  туралы шағымдарын

қараудың процессуалды тетіктері белгіленген. Сондай-ақ дәлелдерге баға беру,

қылмыстарды   дұрыс   жіктеу,   орындаушыларды   ғана   емес,   сондай-ақ

азаптауларға айдап салуымен немесе білуімен не үнсіз келісімімен болған басқа

тұлғаларды   да   қылмыстық   жауапкершілікке   тарту,   азаптау   құрбандарына

мүліктік   және   моралды   зиянды   өтеуге   мәселелері   бойынша   түсініктемелер

берілді.

2010 жылғы ақпанда Бас прокуратура   Қылмыстық процеске тартылған

және  арнайы   мекемелерде   ұсталатын   адамдармен   қатыгез   қарым-қатынаспен

және   олардың   алдын   алумен   байланысты   азаптаулар   және   өзге   де   заңсыз

әдістер туралы арыздарды тексеру туралы нұсқаулықты қабылдады. Нұсқаулық

қылмыстық   сот   іс   жүргізуіндегі   адам   мен   азаматтың   конституциялық

құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша прокуратура органдарының

қадағалау өкілеттіктерін іске асыру және   Азаптауларға және басқа да қатыгез,

адамгершілікке   жатпайтын   немесе   ар-намысты   қорлайтын   іс-әрекеттер   мен

жазалау түрлеріне қарсы конвенциясы мен өзге де Қазақстан Республикасының

ратификациялаған   халықаралық   келісімшарттарынан   туындайтын

міндеттемелерді тиісті түрде орындау тәртібін белгілейді.

Әділет   министрлігі,   Денсаулық   сақтау   министрлігі,   Ішкі   істер

министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Уақытша ұстау изоляторларындағы,

тергеу   изоляторларындағы   және   қылмыстық-атқару   жүйесі   мекемелеріндегі

адамдарда   дене   жарақаттарының   бар-жоғына   медициналық   куәландыру

жүргізуге сот медицинасы саласындағы мамандардың міндетті түрде қатысуын

қамтамасыз ету туралы» бірлескен бұйрықты бекітті. Бұйрық уақытша ұстау

изоляторларына   орналастырылған   тұлғаларды,   сондай-ақ   дене   жарақатын

келтіру   туралы   шағымдарымен   жүгінгендерді   уақытылы   және   сапалы   түрде

тәуелсіз медициналық мамандардың куәландыруынан өткізуді көздейді.

7



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау