Азаматтардың «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм–не білдірген өтініштеріне талдау жасау



жүктеу 39,72 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі39,72 Kb.
#3213


Азаматтардың «Рудный қалалық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ–не

білдірген өтініштеріне талдау жасау

«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматттығы жоқ тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» N 221 Заңына және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» № 147 бұйрығына, сондай-ақ Бөлім жұмысын реттейтн басқа да нормативтік актілеріне сәйкес өткізіледі.

2017 жылғы ағымдағы кезең бойынша Бөлімге 344 өтініш келіп түсті, соның ішінде жеке тұлғалардан – 341, заңды тұлғалардан – 1. Олардан қанағаттандырылғаны – 334 өтініш, түсініктер берілді – 7 өтініш, бас тартылған – 1; басқа органдарға жіберілгендері – 2, есепті кезеңнің соңына қалдығы – 0.

Қайталанған және иесі бүрмеленген арыздар түскен жоқ.

Өтініш білдіргендердің басым бөлігі – мүгедектер, өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтар және жұмыс істейтіндер.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мына мәселелерді қозғайды:



  • еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша;

  • әлеуметтік және зейнеткерлік мәселелері бойынша;

  • өзгелер.

Өтініштердің тақырыптарына жасалған талдау қала тұрғындарын негізінен әлеуметтік сипаттағы мәселелер, олардың әлеуметтік қолдауы, еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы мәселелер ойландыратыны айқындады.

Басшымен өткізілген оперативтік отырыстарда азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі есептерге, өтініштермен жұмыс істеу барысында заңнама талаптарын сақтау жөніндегі мәселелерге мерзім сайын талдау өткізіледі.

Орындаушылардың жауапкершілігін арттыру және олардың заңнама талаптарын қатан сақтауы мақсатында бөлімдерге, құрылымдық бөлімшелерге қолданыстағы заңнама талаптарының нормалары түсіндіріледі.

Азаматтардың кейбір өтініштері мәселе мәнін түсіну және оны объективті

шешу үшін орындарына барып қаралды.

Өтініш берушілерге қайтарылатын жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш білдіру тілінде берілді.

Бөлім басшысымен жеке мәселелер бойынша www.rudsots.kz сайтында және әкімшілік ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген.

Барлық түскен өтініштерге ауызша түсініктемелер берілді. Ауызша өтініштің дұрыс қарауы оның тез арада шешуін және заңдылығын қамтамасыз етеді. Қиын емес мәселе бойынша азаматқа ауызша өтініш білдіруге тиімді, ал лауазымды тұлғаға кейде дәл сол кезде оған жауап беру дұрыс болады.

Былай айтқанда ауызша өтініштерді қолдану оларды қарау мерзімдерінің қысқаруына мүмкіндік береді, хат алмасуды және қағаздық сөзбұйдаға салуды жояды, туындаған мәселені тез арада шешуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларына сәйкес Бөлімдегі өтініштер ЭҚАБЖ ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

Сонымен бірге номенклатураға сәйкес өтініш бойынша іс-жүргізу, басқа іс-жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі. Тікелей Бөлімге өтініш білдірген өтініш иесіне жазбаша өтініш жасағанға өтінішті қабылдау күні, өтінішті қабылдап алушының аты-жөні белгіленген бірегей талон беріледі.

2017 жылы талондарды әзірлеу үшін 2800 теңге жұмсалды. 2017 жылы «ЭҚАБЖ» АҚ сүйелдемеуге мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа сәйкес 722648 теңге жұмсалды.

Тұлғалардың әрбір өтініші жеке іске қалыптастырылады.

«Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ-не тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша ЭҚАБЖ ақпараттық жүйесі бойынша есептеме беріледі.



Азаматтардың өтініштерін орындау сапасын арттыру және қарау нәтижелерін қол жетімділігін жақсарту мақсатында әкімшілік ғимараты бөлімнің 1 қабатындағы фойеде «Шағым мен ұсыныстар үшін» арнайы жәшік орнатылған, дегенмен бұл біздің азаматтарымыз тарапынан аса танымдылыққа ие емес. Есептік кезеңде ешқандай шағымдар да, ұсыныстар да тіркелген жоқ. Бөлімде сенім телефоны жұмыс істейді: 2-44-96, мұнда әрдайым қала халқы жергілікті баспасөзде ақпаратты орналастыру жолымен интернет-сайт құралдары, ақпараттық стендтер арқылы ақпарат беріледі.

Осы бағыттағы жұмыс жалғаса береді және тұрақты бақылауда болады.
жүктеу 39,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау