•
Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қатысушылардың қажетті әлеуетін
және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету үшін шара қолданады;
•
Үйлестіру кеңесінің отырыстарына төрағалық етеді;
•
Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
•
азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын
немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану
туралы ақпаратты, хабарламаларды және шағымдарды қарауға қабылдайды;
•
Үйлестіру кеңесі мүшесінің орнынан кетуі туралы хабарламасын
қабылдайды;
•
Үйлестіру кеңесінің мүшесін ауыстыру туралы Үйлестіру кеңесінің
хабарламасын қабылдайды.
Үйлестіру кеңесінің мүшесі – Үйлестіру кеңесінің хатшысы, ол:
•
отырыстың қарауына шығарылатын материалдарды дайындауды
ұйымдастырады және
бақылайды;
•
отырыстың хаттамасын ресімдейді;
•
Төрағаның тапсырмаларын орындайды және Үйлестіру кеңесі
жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Басқа жағдайларда Үйлестіру кеңесінің барлық мүшелері Үйлестіру
кеңесінің отырысында қарастырылып отырған мәселелерді талқылау кезінде
тең құқықтарға ие. Одан басқа, Үйлестіру кеңесі Төрағасының тапсырысы
бойынша, ол болмаған жағдайда, оның отырыстарында төрағалық етеді (келісім
бойынша), Үйлестіру кеңесінің отырысында талқылау үшін мәселелер енгізеді,
Үйлестіру кеңесінің дауыс беруіне өз жеке ұсыныстары мен ұсынымдарын
енгізеді. Сондай-ақ ерекше пікірге ие болуы мүмкін, оны білдірген жағдайда ол
жазбаша түрде баяндалады.
ҰАТ Үйлестіру кеңесінің сабақтастығы мен ауысып отыруы үшін оның
бірінші отырысында қарапайым жеребе тастау арқылы кеңес мүшелерінің
жартыларына екі жылға созылатын өкілеттік мерзімі белгіленеді. Қалғандарына
– өкілеттік мерзімі төрт жылға созылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Үйлестіру кеңесі ҰАТ тиімді іске
асырылуында үйлестіруші рольді атқарады. Үйлестіру кеңесі құрылған сәттен
бастап 5 отырыс өткізілді.
Өткен жылы Үйлестіру кеңесі мен оның отырыстарында қабылданған
шешімдердің әрекеттілігін атап өту қажет: атап айтқанда, алдын ала болу
бойынша ұсынымдар әзірленді, оларды ҰАТ қатысушылары өз қызметінде
белсенді түрде қолдануда, Үйлестіру кеңесінің ҰАТ БАҚ-пен жұмыс жөніндегі
ұсынымдары әзірленді және қатысушыларға мәлімденді, ҰАТ қызметін жалпы
ұйымдастыруына қатысты бірқатар мәселелер шешілді.
Мемлекеттік органдардың өкілдері тұрақты негізде Үйлестіру кеңесінің
отырыстарына елімізде ҰАТ іске асырылуын талқылау үшін шақырылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратурамен, Penal Reform
International бірлесіп Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің,
орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, Парламент депутаттарының, Бас
прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, Омбудсмен жанындағы
11
Үйлестіру кеңесі мүшелерінің, облыстар прокурорларының, жергілікті
мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, ҰАТ
қатысушыларының қатысуымен ҰАТ туралы Заңды тиімді іске асыру бойынша
бейнеконференцияны өткізді.
Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті өз қызметкерлері үшін тұрақты
негізде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдерінің және ҰАТ
қатысушыларының қатысуымен тренингтер өткізеді, Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінде ҰАТ қатысушыларының өзара қарым-
қатынасы мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелермен бейнекеңес өткізілді.
ҰАТ мүшелері үшін 4 өңірде өңірлік тренингтер өткізілді: Астана
(Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары қатысты),
Алматы (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары),
Өскемен (Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары қатысты), Ақтөбе
(Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары қатысты). Тренингтерді
АҚҰО, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы мен PRI бірлесіп өткізді. Тренер ретінде
халықаралық сарапшы Красимир Канев шақырылды.
2014 жылғы 9 сәуірде Азаматтардың шағымдарымен жұмыс жөніндегі
басқарманың бастығы Р.А. Рахымов «Полиция және азаптауды алдын алу»
ұлттық алдын алу тетіктерінің алдын ала кездесуіне және азаптауды алдын алу
бойынша адами өлшем жөніндегі қосымша кездесуге қатысты (Вена қ., Австрия
Республикасы).
2014 жылғы 10-13 ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасындағы Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) (бұдан әрі – ҚР-дағы АҚУ) А. Шәкіров
басшылық еткен делегация Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен Орталық
Азиядағы Халықаралық түрме реформасының қолдауымен Словения
Республикасына жұмыс іссапарымен барды.
Қазақстандағы ҰАТ жұмысына Әмбебап кезеңдік шолу (Женева, қазан-
қараша), Азаптауға қарсы комитеттегі есеп (Женева, қараша), Адам құқықтары
жөніндегі құрылымдық диалог (Брюссель, қараша) барысында оң баға берілді.
1.4. Ұлттық алдын алу тетігін қаржыландыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301
қаулысымен Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу
бойынша шығыстарын өтеу қағидалары бекітілді. Ережеде нормативтік
құқықтық актілер көрсетілген, олардың негізінде мемлекеттік уәкілетті орган
ҰАТ қатысушылары шеккен шығыстарды өтеуге міндетті, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы шегінде алдын ала болу бойынша осындай шығыстарды өтеу
тәртібі мен шарттары белгіленген.
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша
шығыстарын өтеу тиісті қаржы жылына көзделген республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүргізіледі.
Алдын ала болуға жататын ұйымдар мен
мекемелердің тізбесі мен мерзімдерін, сондай-ақ алдын ала болуды өткізу үшін
ұлттық алдын алу тетігі тобының қатысушыларының құрамын айқындайтын
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы
Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) хаттамасы, үстеме
12