БЕКІТЕМІН
Еуразиялық экономикалық
комиссияның Экономика және
қаржылық саясат жөніндегі
Алқа мүшесі (Министр),
Еуразиялық экономикалық
комиссия жанындағы Көші-
қон саясаты жөніндегі
Консультативтік комитет
Төрағасы
/қолы / Т.М. Сүлейменов
2016 ж. «09» наурыз
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы
Көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитет
отырысының № 7-ТС- ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 4 наурыз
Чолпон-Ата қ.
ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және
қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі, Министр Т.М. Сүлейменов.
ҚАТЫСҚАНДАР: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы
Көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитет (бұдан әрі - Консультативтік
комитет) мүшелері, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері,
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - комиссия) қызметкерлері,
шақырылған сарапшылар (тізім қоса беріліп отыр).
Күн тәртібі мәселелері қаралды:
1.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29
мамырдағы шарттың «Еңбек көші-қоны» XXVI тарауы 97-бабы 8-тармағының
ережелерін іске асыру туралы (мүше мемлекеттер аумағына көші-қон картасын
толтырмай келу).
С.Б. Әлиев (Комиссия): тәжірибеде шекаралық қызметтер өкілдерімен
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың «Еңбек
көші-қоны» XXVI тарауы 97-бабы 8-тармағының әрқашан орындала бермейтіні(мүше
мемлекеттерді мүше мемлекеттерге шетел төлқұжаттары бойынша, егер оларлың болу
мерзімі 30 күннен асатын болса) мүше мемлекеттер туралы ақпараттандырды.
Армения Республикасы және Қырғыз Республикасында қолданыстағы заңнамаға
сәйкес шетел азаматтары келген кезде көші-қон карточкаларды толтырмайды.
Аксенов П.И. (Беларусь Республикасы), Минин А.В. (Ресей Федерациясы):
Шарттың осы ережелері Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында
сәйкесінше толық орындалатыны туралы ақпараттандырды.
Байбатшин А.Ж. (Қазақстан Республикасы): Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралық
қызметімен бірлесіп мемлекеттік шекараның өткізу пунктеріне сәйкес хаттар және
жаднамалар жіберілді. Бұзудың бірлі-жарым фактілері бірінші кезекте адамдық фактор
болып табылады.
Асанбаев А.Ж. (Қырғыз Республикасы): Шарттың осы ережелерін атап
айтқанда Қазақстан Республикасы шекаралық қызмет қызметкерлерінің тарапынан,
кейін Қырғыз Республикасы азаматтарына әкімшілік ықпал шараларын қолданып теріс
түсіндіру фактілері бар екенін атап өтті.
Бұдан басқа, Байбатшин А.Ж. (Қазақстан Республикасы) Қазақстан
Республикасында мүше мемлекеттер азаматтары үшін келу мақсатын Қазақстан
Республикасы шегінен шықпай (мысалы, «жеке» келу мақсатынан, «жұмыс» келу
мақсатына), сондай-ақ олар үшін қайта келу-кетуді жүзеге асырмай көші-қон картасын
алып көші-қон аймақтық органдарында тіркеу құқығын қамтамасыз ету жағдайына
(егер елге көші-қон картасын толтырмай 30 тәулікке дейінгі мерзімге келген азаматта
белгілі бір себептермен одан да ұзақ болу қажеттілігі пайда болса) өзгерту мүмкіндігі
заңнамамен қаралғанқаралғаны туралы ақпараттандырды.
Сондай-ақ, келген шетел азаматтарын Қазақстан Республикасы азаматтарының
мемлекеттік қызметтер мен электрондық цифрлық қол порталын қолданып тіркеу
мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Аксенов П.И. (Беларусь Республикасы), Артамонов О.В. (Ресей
Федерациясы: сәйкесінше Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында
көші-қон картасында келу мақсатын ел шегінен шықпай мүмкін емес екендігін атап
өтті.
ШЕШТІ:
1.
Тараптар мемлекеттік шекараның өткізу пунктеріне Еуразиялық
экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың «Еңбек көші-қоны»
XXVI тарауы 97-бабы 8-тармағының ережелерін мүлтіксіз орындау қажеттілігі туралы
түсіндіру хаттарын көшірмелерін Комиссияға беріп жіберсін.
2.
Қазақстан Республикасынан Комиссия атына келу мақсатын өзгерту,
болу мерзімін Қазақстан Республикасы шегінен шықпай ұзарту мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілерді 2016 жылғы 30 наурыздағы мерзімде жіберуді
сұрасын.
3.
Қазақстан Республикасының осы саладағы тәжірибесін Консультативтік
комитеттің кезекті отырысында талқыласын.
2.
Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі шекараларында
шекаралық бақылауды жеңілдету бойынша ұсыныстарды тұжырымдау туралы
(оның ішінде, мүше мемлекеттер азаматтарына «ЕАЭО мүше мемлекеттерінің
азаматтары үшін» арнайы ақпараттық табломен жабдықталған жеке «дәліздерді»
ұсыну).
Сүлейменов Т.М. (Комиссия): шекаралық бақылауды одан әрі жеңілдету
мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттерінің
шекараларынан басымдылықты өтуді қамтамасыз ету мүмкіндігін талқылауды ұсынды.
ЕАЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін осындай мүмкіндікті беру үшін,
оның ішінде жолаушылар ағындарын өткізудің жеке сәйкес пунктерін «ЕАЭО мүше
мемлекеттерінің азаматтары үшін» ақпараттық табломен жабдықтау жолымен ЕАЭО
мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін және үшінші елдерден келген азаматтар үшін
бөлінуін қарау орынды деп атап өтті.
Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):
ЕАЭО мүше мемлекеттер азаматтарының Армения Республикасы мемлекеттік
шекарасынан басымдылықты өтуді қамтамасыз етуді орынды деп санаймыз, бірақ осы
кезеңде, қолданыстағы технологиялық
схемаларға сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттер азаматтарын және үшінші елдерден
келген азаматтарды өткізу үшін жеке ағындарды бөлу «Звартноц» және «Ширак»
әуежайларда ғана ықтимал.
Аксенов П.И. (Беларусь Республикасы): белорусс Жағы мүше мемлекеттер
азаматтарына өткізудің ірі халықаралық пунктерінде «ЕАЭО мүше мемлекеттерінің
азаматтары үшін» арнайы ақпараттық табломен жабдықталған жеке «дәліздерді»
беруге қарсы емес екені туралы ақпараттандырды.
Минин А.В. (Ресей Федерациясы): қазіргі уақытта ресей Жағы осындай жеке
дәліздерді енгізу жалпы жолаушылар ағыны жылдамдығының төмендеуіне жағдай
жасайтындықтан, бұл орынсыз деп санайтыны туралы ақпараттандырды.
Жылтыров Б.Ж. (Қырғыз Республикасы): қырғыз Жағы ЕАЭО мүше
мемлекеттерінің азаматтары үшін жеке дәліздерді жабдықтауға жалпы қарсы емес екені
туралы ақпараттандырды.
ШЕШТІ:
1.
Комиссия мүше мемлекеттер Үкіметтеріне ЕАЭО ішкі шекараларында
мүше мемлекеттер азаматтарының шекаралық бақылаудан өту рәсімін жеңілдету
бойынша толық ұсыныстарды 2016 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде жіберсін.
2.
Осы ұсыныстар Консультативтік комитеттің кезекті отырысында
талқылансын.
3.
Мүше мемлекеттердің Армения Республикасының Кедендік одаққа
және Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей
Федерациясының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013 жылғы 24
желтоқсандағы №56 шешімімен бекітілген Бірыңғай экономикалық кеңістігіне
қосылу бойынша Іс-шаралар жоспарының («жол картасының») тармақтарын
орындау туралы
С.Б. Әлиев (Комиссия): Тараптармен Армения Республикасының Кедендік
одаққа және Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей
Федерациясының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013 жылғы 24
желтоқсандағы №56 шешімімен бекітілген Бірыңғай экономикалық кеңістігіне қосылу
бойынша Іс-шаралар жоспарының («жол картасының»)
тармақтарын орындау бойынша азаматтардың өзара болуы туралы және
реадмиссия туралы екі жақты халықаралық шарттарды жасау бөлігінде жүргізілетін
жұмысы туралы ақпараттандырды.
ШЕШТІ:
1.
Ақпарат ескерілсін.
2.
Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қазақстан
Республикасы Армения Республикасының Кедендік одаққа және Беларусь
Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Жоғары Бірыңғай
экономикалық кеңістігіне қосылу бойынша Іс-шаралар жоспарының («жол
картасының») тармақтарын орындау бойынша жұмысты белсенді етсін.
4.
Мүше мемлекеттердің Қырғыз Республикасының Кедендік одаққа
және Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей
Федерациясының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10
қазандағы №75 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың
қалыптасуын есепке алып, Бірыңғай экономикалық кеңістігіне қосылу бойынша
Іс-шаралар жоспарының («жол картасының») тармақтарын орындау туралы
С.Б. Әлиев (Комиссия): Тараптармен Қырғыз Республикасының Кедендік
одаққа және Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей
Федерациясының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10
қазандағы №75 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуын
есепке алып, Бірыңғай экономикалық кеңістігіне қосылу бойынша Іс-шаралар
жоспарының («жол картасының») тармақтарын орындау бойынша азаматтардың өзара
болу туралы және реадмиссия туралы екі жақты халықаралық шарттарды жасау
бөлігінде жүргізілетін жұмысы туралы ақпараттандырды.
Байбатшин А.Ж. (Қазақстан Республикасы): қазақстандық Жақтың реадмиссия
туралы Келісіммен бір мезгілде азаматтардың өзара болуы туралы қырғыз Жағымен екі
жақты халықаралық шартқа қол қою бойынша ұстанымы туралы ақпараттандырды.
Асанбаев А.Ж., Асанов К.А., Имангазиев А.К. (Қырғыз Республикасы):
қырғыз Жағымен Жоспар тармақтарын орындау бойынша жүргізіліп жатқан
жұмысы туралы ақпараттандырды.
ШЕШТІ:
1.
Ақпарат ескерілсін.
2.
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз
Республикасы Қырғыз Республикасының Кедендік одаққа және Беларусь
Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Мүше
мемлекеттер Президенттерімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақты
қалыптастыруды есепке алып, Бірыңғай экономикалық кеңістігіне қосылу бойынша Іс-
шаралар жоспарының («жол картасының») тармақтарын орындау бойынша жұмысты
белсенді етсін.
5. Тараптар мемлекеттерінің аумақтарына мүше мемлекеттер
азаматтарының кіру, шығу, транзитпен жүру, орын ауыстыру және болу тәртібін
регламенттейтін халықаралық Келісім туралы.
С.Б. Әлиев (Комиссия): қазіргі уақытта мүше мемлекеттер азаматтары Тараптар
мемлекеттерінің аумақтарында Беларусь Республикасы Үкіметі, Қазақстан
Республикасы Үкіметі, Қырғыз Республикасы Үкіметі, Ресей Федерациясы Үкіметі
және Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы Келісіммен (Армения Республикасы осы
Келісім қатысушысы болып табылмайды), сондай-ақ мүше мемлекеттердің екі жақты
шарттарымен қаралған құжаттар негізінде кіре алатыны, шыға алатыны, транзитпен
жүре алатыны, орын ауыстыра алатыны және бола алатыны туралы ақпараттандырды.
2005 жылғы 24 наурыздағы Хаттамаға сәйкес осы тізбеден Тараптар
мемлекеттерінің «ішкі» құжаттары шығарылады.
Осылайша, мысалы Қазақстан Республикасының азаматтары Беларусь
Республикасына Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі бойынша кіре
алмайды, ал Ресей Федерациясының азаматтары «ішкі төлқұжат» бойынша Армения
Республикасына кіре алмайды.
Армения Республикасының Кедендік одаққа және Беларусь Республикасы,
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық
кеңістігіне (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№56 шешімімен бекітілген) қосылу бойынша Іс-шаралар жоспарымен («жол
картасымен») Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей
Федерациясының сәйкес мемлекеттік органдары арасында азаматтардың
Тараптардың аумақтарында азаматтардың кіруі, шығуы, болуы үшін құжаттар тізбесін
Армения Республикасы азаматының сәйкестендіру карточкасымен, Қазақстан
Республикасы азаматының куәлігімен және Ресей Федерациясы төлқұжатымен
толықтыру мақсатымен консультацияларды жүргізу қаралған.
Тараптар мемлекеттер азаматтарының мүше мемлекеттердің мемлекеттік
шекараларынан, оның ішінде «ішкі құжаттар» бойынша да өту мүмкіндігін қарайтын
халықаралық келісімді әзірлеу жөнінде пікір айтты.
Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):
Жалпы, халықаралық келісімді жасау идеясын қолдай отыра, қазіргі уақытта
елден шығу үшін Армения Республикасы азаматының сәйкестендіру карточкасын
қолдану орынды деп санамайтынымызды хабарлаймыз.
Иванов С.Г. (Беларусь Республикасы), Байбатшин Е.А. (Қазақстан
Республикасы), Иманғазиев А.К. (Қырғыз Республикасы), Артамонов О.В., Минин
А.В. (Ресей Федерациясы): Тараптар мемлекеттер азаматтарының мүше
мемлекеттердің мемлекеттік шекараларынан, оның ішінде «ішкі құжаттар» бойынша да
өту мүмкіндігін қарайтын халықаралық келісімді әзірлеу жөнінде пікір айтты.
ШЕШТІ:
1. Комиссия мүше мемлекеттерге мүше мемлекеттер азаматтарының Тараптар
мемлекеттерінің аумақтарына кіру, шығу, транзитпен жүру, орын ауыстыру және болу
тәртібін регламенттейтін Келісім жобасын әзірлесін және 2016 жылғы 1 мамырға
дейінгі мерзімде мүше мемлекеттерге жіберсін.
3.
Комиссия Консультативтік комитеттің кезекті отырысында Келісімді
әзірлеу бойынша жұмыс барысы туралы баяндасын.
6.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы көші-қон
саясаты жөніндегі Консультативтік комитет пен Заңсыз көші-қонмен күрес
мәселелері бойынша ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше
мемлекеттердің құзырлы органдары басшыларының Үйлестіру Кеңесіні
арасындағы ынтымақтастық меморандумы туралы
С.Б. Әлиев (Комиссия): Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы
жанындағы көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитет пен Заңсыз көші-
қонмен күрес мәселелері бойынша ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше
мемлекеттердің құзырлы органдары басшыларының Үйлестіру Кеңесіні арасындағы
(ҰҚШҰ) ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мақсатымен ынтымақтастық
туралы меморандум жасау ұсынылып отырғанын ақпараттандырды.
Ынтымақтастық турал меморандум ақпараттық-сараптамалық және өзге
материалдармен алмасуды, Тараптар өкілдерінің өткізілетін отырыстарға, тәжірибелік
іс-шараларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және өзара әрекеттесудің басқа
нысандарына жүйелі түрде қатысуды болжамдайды.
ШЕШТІ:
Меморандум жобасының мәтіні оған Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы жанындағы көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитет Төрағасы
Т.М.Сүлейменов қол қоюы үшін мақұлдансын.
7.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы көші-қон
саясаты жөніндегі Консультативтік комитет жанындағы Үлкен Қоғамдық Кеңес
туралы.
Баштовенко С.Н. («Орталық Азия қозғалыста» Азматтық-Серіктестік
Тұғырнамасы) Ішкі және сыртқы көші-қон процестері саласында өзекті мәселелерді
қоятын және оларды шешу бойынша ұсыныстарды тұжырымдайтын кеңейтілген ел
арасындағы коммуникативті алаң ретінде Консультативтік комитет жанында Үлкен
Қоғамдық Кеңесті (ҮҚК) құруды ұсынды.
Осындай алаңның жұмысына көші-қон мәселелерін шешуге тартылған
мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, бейкоммерциялық және
бизнес құрылымдар өкілдерінің қатысуы; іс-шараларды ұйымдастыру және ұлттық
деңгейде өткізудің меңгерілген әдістеменің; қатысушылардың мигранттармен және
олардың отбасы мүшелерімен тікелей байланыстың болуы оның маңызды
артықшылықтары болып табылады.
Қырғыз Республикасында осындай Кеңестің жұмыс істеуі бойынша жергілікті
және ел деңгейінде қажетті тәжірибе жинақталғаны туралы ақпараттандырды.
Көрсетілген кеңес өзінің өмір сүру уақыты ішінде Қырғыз Республикасы Үкіметінің
көші-қон саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша күш салуын қолдаудың
тиімді құралына айналды. Оның күн тәртібіне қосылатын мәселелер жергілікті
қауымдастықтармен, сарапшылармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен
олардың үш бағыт: ішкі мигранттар, сыртқы еңбек мигранттары және жіберуші
қауымдастықтар бойынша өзектілігіне сәйкес қалыптастырылады және қойылады.
ШЕШТІ:
1.
Баштовенко С.Н. ақпараты ескерілсін.
2.
Комиссия Тараптармен және «Орталық Азия қозғалыста» Азаматтық-
Серіктестік Тұғырнамасының Үйлестіру Комитетімен бірлесіп Еуразиялық экономикалық
одақ шеңберінде еңбек көші-қоны саласында проблемалық мәселелерді талқылау және
оларды шешу жолдарын тұжырымдау мақсатымен сараптамалық және ғылыми
қауымдастықтар өкілдерімен өзара әрекеттесуді ретке келтіру бойынша ұсыныстарды
дайындасын.
8.
Консультативтік кеңестің кезекті отырысын жүргізу туралы
ШЕШТІ:
1.
Консультативтік кеңестің кезекті отырысы 2016 жылдың екінші
тоқсанында өткізілсін.
2.
Комиссия Консультативтік комитеттің кезекті отырысын өткізу орнын
Тараптармен қосымша талқылаудан кейін анықтасын.
Консультативтік Комитеттің
жауапты хатшысы
/қолы/
С.Б. Әлиев
Еуразиялық
экономикалық комиссиясы Алқасы жанындағы көші-қон саясаты жөніндегі
Консультативтік
Комитет отырысы қатысушыларының
құрамы
Чолпон-Ата қ.
2016 жылғы 4
наурыз
Беларусь Республикасынан
1.
Аксенов Петр Иванович
Ресей Федерациясында Беларусь Республикасы
Елшілігіндегі Мемлекеттік шекаралық комитеттің
ресми өкілі
2.
Иванов
Сергей Геннадьевич
Қырғыз Республикасында Беларусь Республикасы
Елшілігінің кеңесшісі
Қазақстан Республикасынан
3.
Қаржаубаев Аслан
Жұмағалиұлы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-
қон комитеті төрағасының орынбасары
4.
Байбатшин Еркін
Әубәкірұлы
Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы
департаменті бастығының орынбасары
Қырғыз Республикасынан
5.
Асанбаев Алмазбек
Жолчуевич
Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы
Мемлекеттік көші-қон төрағасының орынбасары
6.
Жылтыров Бакыт
Жаныбаевич
Бас штаб бастығы - Мемлекеттік шекаралық қызмет
төрағасының бірінші орынбасары
7.
Асанов Курсан Асанович Шетел істер министрінің орынбасары
8.
Имангазиев Алмазбек
Кулубекович
Шетел істер министрлігі Консулдық қызмет
департаменті Жалпы консулдық мәселелер
бөлімінің меңгерушісі
9.
Артыкбаева Нази
Адылбековна
Әділет министрлігі Халықаралық ынтымақтастық
басқармасының маманы
Ресей Федерациясынан
10.
Артамонов Олег
Викторович
Ресей ФКҚҚ сыртқы байланыстар басқармасының
бастығы
11.
Федоров
Николай Александрович
Экономикалық даму министрлігі Әлеуметтік даму
және инновациялар департаменті директорының
орынбасары
12.
Минин
Александр Васильевич
Қырғыз Республикасында Ресей ФҚҚ жедел
шекаралық тобының Қырғыз Республикасы
Мемлекеттік шекаралық қызметтің орталық
аппараты кеңесшілер тобын шекаралық бақылау
бас басқармасы бастығының кеңесшісі
Тәуелсіз сарапшылар
13. Халевинский Игорь
Васильевич
«Еңбек көші-қоны» халықаралық альянсы
коммерциялық емес серіктестіктің сараптамалық
кеңесінің төрағасы
Шақырылғандар
14. Шалусь
Павел
Мәскеудегі Бюросы бағдарламалар бөлімінің
басшысы ХКҚҰ
15. Молдобаева
Бермет
Қырғызстандағы Халықаралық көші-қон бойынша
ұйым кеңсесінің басысы
16. Баштовенко Светлана
Николаевна
«Орталық Азия қозғалыста» Азаматтық-Серіктестік
Тұғырнамасының Үйлестіру Комитетінің кеңесшісі
Еуразиялық экономикалық комиссиядан
17. Сүлейменов Тимур
Мұратұлы
Консультативтік комитет Төрағасы, экономика
және қаржылық саясат Алқа мүшесі (Министр)
18. Ибраев Ильяс Елубайұлы
Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа
мүшесінің (Министрдің) көмекшісі
19. Алиев Самат Бикитаевич
Консультативтік Комитеттің жауапты хатшысы,
Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті
директорының орынбасары
20.
Фураев Дмитрий
Викторович
Еңбек көші-қоны департаменті жұмыс күшінің
қозғалу еркінділігі бөлімінің кеңесшісі
21. Александрова Ирина
Юрьевна
Еңбек көші-қоны департаменті жұмыс күшінің
қозғалу еркінділігі бөлімінің консультанты
22. Гульмадова Елена
Давламадовна
Еңбек көші-қоны департаменті жұмыс күшінің
қозғалу еркінділігі бөлімінің консультанты
Document Outline - ШЕШТІ:
- ШЕШТІ:
- ШЕШТІ:
- ШЕШТІ:
- ШЕШТІ:
- ШЕШТІ:
- 7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитет жанындағы Үлкен Қоғамдық Кеңес туралы.
- ШЕШТІ:
- 8. Консультативтік кеңестің кезекті отырысын жүргізу туралы
- ШЕШТІ:
- Еуразиялық
- Чолпон-Ата қ. 2016 жылғы 4 наурыз
Достарыңызбен бөлісу: |