Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы



жүктеу 445,77 Kb.
Pdf просмотр
бет4/14
Дата20.05.2018
өлшемі445,77 Kb.
#14808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 



ІІ Оқу тапсырмалары – оқушылардың  коммуникативтік құзыреттілігін 



дамыту құралы ретінде 

 

Жаңа  12  жылдық  білім  беру  жүйесіндегі  білім  нәтижесі  ретіндегі 

коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  мәселесі  оқушының  оқу  іс-

әрекетін  ұйымдастырудың  ұтымды  жолдарын  іздестіруді  көздейді.  Ол 

оқушылардың 

психологиялық 

және 

жеке 


ерекшеліктеріне 

қарай 


педагогикалық  тұрғыда  негіздеуді  қажет  етеді.  Оқу  іс-әрекетінің  басқа 

әрекеттерден  ерекшелігі:  оқу  материалдары  мен  оқу  тапсырмаларын 

меңгеруге  бағытталуы;    әрекет  және  ғылыми  ұғымның  жалпы  амалдарын 

меңгеруі;  тапсырмаларды  шешудің  алдын  алатын  жалпы  әрекеттері;  адам  – 

оқушының  өзгерісіне  әкелетін  оқу  іс-әрекеті;  өзінің  әрекетінің  нәтижесіне 

сыни  көзқараспен  қарауға  дағдыландыруды  көздеуінде.  Д.Б.Элконин,           

В.В.Давыдов  және  т.б.  оқу  іс-әрекеті  тұжырымдамаларында  оқу  әрекетінің 

құрылымын  қажеттілік,  түрткі,  оқу  тапсырмалары,  оқу  әрекеттері,  бақылау 

және  бағалау  құрайды.  Г.П.Щедровицкий  сегіз  компоненттен  тұратын 

құрылымды ұсынады: мақсат, міндет, бастапқы материал, құрал, әдіс, үдеріс, 

процедура,  өнім.  Сонымен,  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  іс-

әрекетінің  белгілі құрылымы мыналар: 

 1. Қажеттілік, мотив. 

 2. Оқу  тапсырмалары. 

 3. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой 

тәсіл - амалдары). 

  

4. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы). 



5. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).  

Қажеттілік  –  белгілі  күштің  ықпалымен,  субъектінің  ортаға  және 

ортаның  субъектіге  қоятын  талабына  байланысты  жүзеге  асатын  кез  келген 

әрекеттің бастапқы бөлігі болып табылады. Қажеттіліктің объектілік мазмұны 

түрткіде  көрініс  табады.  В.Апельттің  көзқарасынша,  оқу  түрткісін  тілге 

байланысты 

мынадай 

түрлерге 

жіктеген: 

арнаулы, 

танымдық, 

коммуникативтік, өзін-өзі жүзеге асыратын, ата-ана мен мұғалімнің оқушыға 

қатынасы арқылы көрінеді.  

      Оқу  тапсырмалары  оқу  мақсатымен  тығыз  байланысып,  мақсатты 

болжаудың  негізінде  оқыту  мақсатына  жетудің  құралы  ретінде  көрінеді. 

В.С.Аванесовтің  пікірінше,  оқу  тапсырмалары  –  жоспарланған  нәтижелердi 

оқушыларға  меңгертуге  бағытталған  педагогикалық  форма.  Әрбiр  тапсырма 

белгiлi  бiр  мақсат  үшiн  құрылған,  сондықтан  оның  өзiндiк  миссиясы  мен 

өзiнiң  сипаттамасы  бар  деп  дұрыс  атап  өтiлген.  Тапсырманың  басты 

миссиясы  –  оқушыларды  белсендi  түрде  өздiгімен  бiлiм  алу  iс-әрекетiне 

баулу, оларды дамыту, құзыреттіліктің талап етiлген деңгейiне қажеттi бiлiм, 

бiлiк және дағдыларды игерту. Тапсырмалардың негiзгi түрлерi  – есеп, сұрақ, 

жаттығу,  шығармашылық  тапсырма,  тест  формасындағы  тапсырма,  тест 

тапсырмасы,  оқу  проблемасы  және  т.б.  Тапсырмалар  сұрақтарға,  тест 

формасындағы  тапсырмаларға,  жаттығуларға  және  т.б.    қарағанда    жалпы 



 

10 


ұғым  ретiнде  қарастырылады.  Олардың  бастауыш  сынып  оқушыларының 

коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  әртүрлi  мүмкiндiктерi  бар 

және әртүрлi дидактикалық  нәтижелерге  алып  келіп,    бiрiгiп жүйе құрайды. 

Оқу іс-әрекетінің келесі құрамы оқу тапсырмаларын шешудегі оқу әрекеттері  

болып  табылады.  Оқу  іс-әрекеті  адамның  қоғамдық-тарихи  тәжірибені 

мақсатты түрде иемденуіне мүмкіндік беретін және соның негізінде сыртқы 

және  ішкі  гностикалық  әрекеттердің  жеке  тәжірибесін  қалыптастыратын 

ерекше  әрекеттер  жиынтығынан  тұратындығын  түсінеміз.  Оқытудағы 

мәтіндік  тапсырмаларды  шешу  жағдайында  мәтіндік  тапсырмалар  бойынша 

арнайы білімдері негізінде тапсырманы шешу біліктілігінің қажетті деңгейін 

меңгеруін  қамтамасыз  ететін  әрекеттерді  орындайды.  Оқушыларды  оқытып 

қана қоймай, олардың әрекетіне сай тапсырмаларды таңдай білу мұғалімнің 

басты міндеттерінің бірі болып табылады. Іс-әрекеттің келесі құрамы болып 

тұжырымдамада қарастырылған оқу тапсырмаларын шешудегі оқу әрекеттері  

болып табылады.  

      Психологтардың пікірінше, оқушының оқу іс-әрекетінің субъектісі болып 

қалыптасуы  олардың  өзіндік  бақылау  мен  өзіндік  бағалауды  меңгеру 

дәрежесімен анықталады.  Бақылау мен бағалау әрекеттің барлық түрінде сол 

әрекетті  бақылау  мен  бағалаудың  нәтижесін  білдіреді.  Оқу  іс-әрекетінің 

ерекшелігіне талдау жасау, бақылау пәні оқушының өзінде болатын өзгерісті 

және оларды жинақтау жолын нақтылауға мүмкіндік береді.   Оқу іс-әрекетін 

бақылау  оқу  тапсырмаларындағы  мәтіндік  тапсырмаларды  шешудегі 

оқушының  оқу  тапсырмаларын  шешу  біліктілігін  меңгеру  сапасы  болып 

табылады.  Оқу 

іс-әрекетін 

қалыптастыру 

дегеніміз 

оқушылардың 

мұғалімнің  басқаруынсыз  мақсатқа  бағытталған  оқу  мазмұнын  және  өзіндік 

оқу  іс-әрекет  тәсілдерін  меңгеруге  толығымен  көшуін  білдіреді.  Оқу  іс-

әрекетін  қалыптастыру  оқушылардың оқу  әрекетінің  біртұтас  актілері  –  оқу 

мақсатын түсіну мен қабылдаудан бастап тапсырмалар негізінде бақылау мен 

бағалау дәрежесіне жетуді орындау арқылы жүзеге асады. Бастапқыда мұның 

үлкен бөлігі мұғалімнің басшылығымен, содан кейін көбінесе оқушылардың 

өз 

бетінше 


орындалады. 

Сондықтан 

оқушының 

коммуникативтік 

құзыреттілігінің  алғашқы  қадамы  өз  іс-әрекетін  және  қарым-қатынасын 

реттеуге  басшылық  жасай  білуінен  байқалады.  Олай  болса  баланың  өзі 

атқарып отырған әрекеті, ендеше ақпарат алу, яғни әңгімеге тарту оның ақыл-

ойының одан әрі дамуына кепіл бола алады. 

       Оқу 

іс-әрекетінде  қолданылған  тапсырмалар  жазбаша  қатынас 

(қарапайым  және  күрделі  құрылымдағы  жазбаша  байланыс  формаларын 

меңгеру, ақпаратты жазбаша өңдеу, мәтінді жазбаша баяндау, жазбаша құжат 

жанрларын  игеру  т.б.);  көпшілік  алдында  сөз  сөйлеу  (баяндама,  хабарлама 

дайындау,  оны  жеткізуде  шешендік,  қисындық  тәсілдерді,  көрнекі 

материалдарды  пайдалануы  т.б.);  диалогқа  түсу  (әңгімені  нормалық 

ережелерге  сәйкес  бастап,  аяқтау,  ақпараттың  негізгі  мазмұнын  қабылдау, 

диалогты  мақсатқа  сай  жалғастыру  үшін  сұрақтар  қою,  сұрақтарға  жауап 

беру т.б.); өнімді топтық қатынас орнату (топтық талқы, пікірталасқа қатысу, 

шиеленісті  болғызбау,  шешу  немесе  шиеленістен  шығу  ережелерін  меңгеру, 



жүктеу 445,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау