11
топтық жұмысты орындау аясында өз міндетін жауапкершілікпен атқару т.б.)
ие болады деп тұжырымдаймыз. Оның оқу іс-әрекеті оқу материалының
авторымен іштей диалог түріне ие болып, оның нәтижесіне талдау жасағанда
сыныпта әрбір қатысушы оқу тапсырмасын түсінгені және оны шешу
тәсілдері жөнінде өз ұсыныстары мен түзетулерін енгізуде пікірталасқа
ұласады. Бұл үшін оқу материалдарын меңгерудiң кезеңдерi мен деңгейлерiн
ескере отырып, оқушылар үшiн әртүрлi қиындық деңгейiндегi тапсырмалар
құрастырылады және әрбiр деңгейдегi оқушылардың оқу жетiстiктерiн
сүзгiден өткiзу үшiн жағдай жасалады. Меңгертудiң әрбiр деңгейiне жету
оқушылардан белгiлi бiр ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру
және т.б.) орындауды көздейдi, сондықтан әрбiр тапсырманың мазмұны
деңгейлiк саралауға тәуелдi болады.
Меңгерудiң үшiншi деңгейiнде әр түрлi формадағы тапсырмалардан
құралған құрастырмалы тапсырмаларды шығармашылық тапсырмалар
ретiнде пайдалануға болады. Мысалы, жағдаяттық тапсырма және оған қоса
тест формасындағы тапсырма. Шығармашылыққа құрылған тапсырмаларды
орындау көптеген жағдайларға байланысты көп уақытты қажет ететіндіктен,
мұндай тапсырмаларды үйде орындауға беру орынды. Бұл әрбiр оқушыға
өзiнiң мүмкiндiктерiне қарай өзiне қолайлы уақытта берiлген тапсырманы
орындауына мүмкiндiк бередi. Шығармашылық тапсырмаларды орындау
мерзiмiн сынып оқушыларының дайындықтарының деңгейiне, олардың
жүктемесiне сәйкес мұғалiм өзi реттейдi. Тапсырмаларды дайындауда
М.Ж.Жадринаның пiкiрiне сүйенуге болады. Оқушылардың оқу жетiстiктерiн
өлшеу үшiн тапсырмалар жүйесiн жобалаудың алдында оқу жоспарында
көрсетiлген оқу курсын меңгертуге (әрбiр тақырыпқа) берiлген пәннiң
ғылыми негiздерiн оқытып-үйретудегi оның күрделiлiгi мен рөлiне қарай
бөлiнген сағат саны анықталады.
Елбасының Жолдауында адамның өмір бойы білім алуына жағдай
туғызуымыз керек деуі, яғни білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай
отырып, жас ұрпақтың бойында өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік
беретін, табысты өмір сүруге жол ашатын құзыреттілікке жеткізетін шешуші
құзыреттіліктерді қалыптастыру қажет екендігін айғақтайды. Өз бетiнше
зерделеудi оқушының басты iс-әрекетi ретiндегi рөлiн өзектiлендiру
жағдайында құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардың маңызы арта
түседi. Тапсырмалардың кейбiр түрлерi оқушылардың оқу жетiстiктерiн
анықтау әдiстерiнiң бiр бөлiгi де болуы мүмкiн. Осындай әдiстердi жобалау
және құру оқу үдерiсiн ұйымдастырудың және басқарудың негiзгi буыны
болып табылады.
Оқу іс-әрекетінің ең басты компоненті – оқу әрекетіндегі оқу
тапсырмаларын шешудің амалы. Коммуникативті әрекеттерге өзінің ойын
айту, қарым-қатынас кезінде серіктесіне вербалды ықпал етуі, көпшілік
алдында сөйлей алуы, жазбаша қарым-қатынас құралын пайдалануы, сұрақ
қою және пікірталасқа түсу тәрізді әрекеттерден тұрады. Т.Леонова
дескриптік (сипаттамалық), директивтік (қозғаушы), когнитивтік (тілдік
ойлау), кооперативтік және экспрессивтік (мадақтау, талдау және т.б.). Оқу іс-
12
әрекетіндегі ең басты компоненттің бірі – бақылау және бағалау. Бақылау –
мақсатты жүзеге асыруды тексеру үдерісі, ал баға түрткіні жүзеге асыруды
тексеру.
Бастауыш сынып оқушысының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен
басқаруды ұйымдастыру, оқыту үдерісін модельдеудің психологиялық-
педагогикалық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар
ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин,
М.И.Махмутов, В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманская,
И.П.Подласый т.б.) жан-жақты талқыланып келеді. Оқушының білім алу
үдерісіндегі өзіндік пікірі мен ой-жүйесінің негізі бастауыш деңгейде
қаланатыны белгілі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескеруге баса назар аударылады
Г.А.Цукерман
бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне
араласуына байланысты төрт топқа бөлінеді: топты жарып шығатын, топты
жарып шығуға қоры бар, еңбексүйгіш және өзін көрсете алмайтындар. Топты
жарып шығатындар – оқу іс-әрекетінің белсенді субъектісі, бұл балаларда
жаңа оқу тапсырмасы қойылатын, шешімін шығаруға көшбасшы болатын
сабақтарда байқалады. Олар өздерінің пікірлерін алмастырады, барлық
мүмкін болжамдарын ұсынады және тексереді. Олар жаңа шешім табуда пікір
таласып, ұсыныстар айтып, оны тексереді. Келесі топ өткірлікке қоры бар
топта қызығушылығы жоғары және оқуға берілгендігі басым болып келуімен
ерекшеленеді. Еңбексүйгіштік тобындағы оқушылар оқу тапсырмаларын қою
және оның амалдарын табу кезінде емес, табылған әдістерге жаттығуда
қалыптасады.
Коммуникативтік құзыреттілік тұлғалық өзара қарым-қатынастың белгілі
бір жағдаяттар ортасында тиімді арақатынас құруға қажетті ішкі ресурстар
жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты А.М.Новиковтың пікірі
көкейкесті болып табылады: «... оқушылардың жеке тұлғасының жан-жақты
дамуын олардың зияткерлік дамуы мен денесінің жетілуі, шығармашылық
қабілеттерінің дамуы ғана деп түсіну жеткіліксіз. Бұл сайып келгенде,
адамның
белсенді
өмір
ұстанымын,
біліктілігін,
«әрекеттілігін»
қалыптастыру болуы тиіс». Бастауыш білім беруде негізге алынатын
құжаттарда
анықталғанындай,
коммуникативтік
құзыреттілік
қалыптастырудың кілті ретінде, тұлғаның белсенді әлеуметтенуіндегі мәселе
шешуші ретінде, жеткілікті дәрежеде дамуын қамтамасыз ететін адамның
коммуникативтік білігі мен дағдылары жатады. Осылайша, бастауыш сынып
оқушыларының оқу іс-әрекетінің бөлшегі ретінде оқу тапсырмаларды
қолдану – коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың құралы ретінде
пайдалану мүмкіндігін анықтайды.