7
отырып, жас ұрпақтың бойында өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік
беретін, табысты өмір сүруге жол ашатын құзыреттілікке жеткізетін
түйінді
құзыреттіліктерді қалыптастыру қажет екендігін айғақтайды.
Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты
түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда
білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н.Журавльев, Н.Ф.Талызина, Р.К.Шакурова
және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық,
пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде
түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен
кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-
экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты
болады. Осылайша бастауыш сынып оқушыларының психологиялық
ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мүмкіндігімен
анықталады.
12 жылдық оқыту мерзімінен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті
жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке
ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге
бағдарланып белгіленген. Онда білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың
шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі
құзыреттер түрінде берілген. Бұл нәтижелер жиынтығы оқушының оқу-
танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-
әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік
туғызады. Соның ішінде бүгінгі өскелең қоғамда коммуникативтік
кұзыреттіліктермен терең қаруланған ұрпақ тәрбиелеу алдыңғы қатарлы
мақсаттардың бірі болып отыр.
Коммуникативтік құзыреттілік алғаш рет әлеуметтік психологияда
қолданылып, ішкі қоры (білім, білік) негізінде басқа адамдармен байланысты
құру және қолдау қабілеті.
Психологиялық,
педагогикалық
әдебиеттерде
«коммуникативтік
құзыреттілік» терминінен басқа да «коммуникативтік дайындық», «қарым-
қатынас құзыреті», «коммуникативтік қабілет», «тұлғаның коммуникативтік
әрекеті», «мәдениет» деген сияқты терминдер көптеп қолданылып келді. Бір
қарағанда бұл терминдер белгілі бір жағдайда ғана қолданылатын
синонимдес сөздер сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал ғылыми тұрғыдан
анықтасақ олардың мағыналық ара-жігі ашылады. Сөйлеу әрекетін жүзеге
асыратын – тіл де, оның іске асуына жағдай жасайтын коммуникация.
«Коммуникативтік» терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай-қайсысында
да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге байланысты қасиеті баса
айтылады.
Коммуникативтік құзыреттілік тұлғаның оқу-танымдық, кәсіби және
мәдени-танымдық қызметтің өзекті салаларында сөйлеу әрекетінің барлық
түрлерін меңгеруге байланысты іс-әрекет жасауына мұмкіндік береді. Қазіргі
жылдам дамып отырған дүние жағдайларында оқушыларды сөйлегенде сөзі
терең, қыруар ойды өткір, қиялды тереңнен тартып, ұғымды, әсерлі етіп
8
сөйлей алатын кез-келген ортада қарым- қатынасты орната алатын құзыретті
тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты бойынша коммуникативтік құзыреттілік:
- нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және
басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі
құралдарын қолдануға;
- стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға
және қолдануға;
- әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге ;
- өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды
ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып,
жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта
қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді, -деп коммуникативтік
құзыреттіліктің маңызына ерекше тоқталады.
Бастауыш сынып оқушыларын сөйлеу әрекетіне үйрету және оны дамыту
ең алдымен оқыту үдерісінде тілдің орфоэпиялық, лексикалық,
грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты. Екіншіден, сөйлеу
біліктілігі мен дағдылары сөйлеу әрекетіндегі оқу, тыңдау, айту, жазуға
байланысты. Сондықтан қатысымдылық біліктілік пен дағды сөйлеу қарым-
қатынасының түрткісіне (мотивіне), мақсат-міндеттеріне орай жүргізіліп,
әлеуметтік нормалар, тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастырылады.
Бастауыш мектеп мұғалімдері тілдерді меңгертуде оқушының сөзі
ойының өткір құралы бола алатындай дәрежеде игертуі керек. Оқушы
бойына коммуникативтік білім, біліктілік, дағдыларды қалыптастыру керек.
Сондықтан, оқу - тәрбие үдерісіндегі мақсат мұғалімнің іс-әрекет нәтижесіне
қарай қойылуы тиімсіз, оқытушы үйренушінің өзіне мақсат қоюына
үйреткені дұрыс. Тілдік қатынас ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады.
Өйткені тіл ойдың көрінісі, адам өз ойын тіл арқылы сөйлеу әрекетімен
жеткізеді.
Олай
болса,
бастауыш
сынып
оқушысының
бойына
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін мынадай біліктілікті
меңгерту қажет:
- кез келген ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға
сауатты жауап беруге даяр тұруы;
- қарым-қатынаста сөз байлығын кеңінен қолдана алу, оның ішінде
көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді қолдана алу;
- айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге төселу;
- кез келген тұлғааралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалау;
- тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап,
әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі т.б;
Сонымен қатар тілдің стилистикалық, синтаксистік, морфологиялық,
лексикалық нормаларын жетік меңгеру тұлғаның коммуникативтік
құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады.