«Ауыз қуысының биологиясы» Пән – Ауыз қуысының биологиясы - мамандық - 051302 «стоматология»
- Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулі
- Курс - екінші.
- Семестр – төртінші.
Пән – Ауыз қуысының биологиясы - Оқу сағатының көлемі– 36.
- Дәрістер -қарастырылмаған.
- Тәжірибелік сабақтар – 24 сағат
- Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) –
- 12 сағат
- Бақылау түрі: емтихан
Ауыз қуысының биологиясы - Ауыз қуысының органдары мен тіндерінің өте жиі зақымдануы- олардың құрылысының ерекшеліктеріне, сыртқы ортамен тұрақты байланысына, ауыз қуысының микрофлорасына, қызметтерінің әртүрлі болуына, күштің көп түсуімен байланысты. Ауыз қуысының тіндерінің физиологиясын, ортасын және құрылысының спецификасын білу, онда болып жатқан физиологиялық және патологиялық үрдістерді дұрыс түсінудің негізі болып табылады. Ауыз қуысының биологиясының негізін білу терапиялық стоматологияны тереңдетіп оқудың керекті жағдайы болып табылады.
Пәннің мақсаты: - Студенттерде клиникалық анатомия,физиология, ауыз қуысының органдары мен сұйық ортасының иммунологиясы, ауыз қуысында болып жатқан физиологиялық және патологиялық үрдістердің механизімі туралы заманауи көзқарасты қалыптастыру
Оқудың міндеттері: - Дәрігер-стоматологты даярлауда ауыз қуысының биологиясының маңызы туралы түсінікті қалыптастыру.
Оқудың міндеттері (2): - Тіндердің құрылысы, химиялық құрамы және ауыз қуысының сұйық ортасы туралы қазіргі кездегі көзқарасты қалыптастыру;
Оқудың міндеттері (3): - Пародонт тіндері мен тістің қатты тіндерінің қалыпты қызметіне жағдай жасайтын үрдістер туралы түсініктерді қалыптастыру.
Оқудың міндеттері (4): - Ауыз қуысындағы физиологиялық және патологиялық үрдістерге ауыз қуысының микрофлорасының қатысуы туралы түсінікті қалыптастыру.
Оқудың міндеттері (5): - Ауыз сұйықтығы мен тіс тіндерінің организдегі өзгерістермен өзара байланысы туралы түсініктерді қалыптастыру.
Пәннің қысқаша мазмұны: - Дәрігер-стоматологты даярлауда, ауыз қуысының биологиясы курсының -терапиялық, хирургиялық , ортопедиялық стоматологияны, балалар жасындағы стоматологияны оқудағы алатын орны
- Тіс кіреукесінің, дентиннің, цементтің химиялық құрамы, гистологиялық құрылысы және қызметі
- Ауыз қуысының кілегейлі қабығының гистологиялық құрылысы және қызметі
Пәннің қысқаша мазмұны (2): - Сілекейдің,ауыз сұйықтығының, қызыл иек сұйықтығының химиялық құрамы, қасиеті және қызметі.
- Ауыз қуысының қалыпты және патологиялық жағдайындағы микрофлорының құрамы.
- Ауыз қуысындағы физиологиялық және патологиялық үрдістерге микрофлораның қатысуы.
- Тіс қақтары –құрамы, қасиеті, физиологиялық және патологиялық үрдістердегі орны.
Пәннің қысқаша мазмұны (3): - Ауыз қуысының иммунологиясы.
- Тісжегітұрақтылық (резистенттілік) және тісжегіқабылдағыштық туралы түсінік.
- Тісжегі кезіндегі тістің қатты тіндерінің өзгерістері
- Тісжегінің қайта минералдану терапиясының және алдын алудың теориялық негіздері
Пререквизиттері - химия,
- молекулалық биология мен медициналық генетика,
- медициналық биофизика,
- анатомия,
- гистология,
- қалыпты физиология.
Постреквизиттері: - "Ауыз қуысының биологиясы" элективті курсын оқу терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық стоматологияны,балалар жасындағы стоматологияны оқудың негізі болып табылады.
-
Оқыту және сабақ беру әдістері: - Дәріс оқу -қарастырылмаған.
- Тәжірибелік сабақтың өткізілуі:
- Сұрау, аз топтармен жұмыс істеу, тест түріндегі тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шығару, фантомды блоктарда жұмыс істеу, өзіндік жұмыс нәтижелерін талқылау, қортынды шығару
СӨЖ ұйымдастыру түрлері: - СӨЖ-дегі сұрақтарды білу үшін әдебиеттермен жұмыс істеу керек;
- рефераттарды, презентацияларды, кестелерді, микрокестелерді, схемаларды, көрнекті жабдықтарды дайындау
Оқытушылар туралы мәлімет: -
- 1. Баяхметова Алия Алдашевна - Профессор, м.ғ.д., модульдің жетекшісі
- 2. Баскакова Ирина Валентиновна – Доцент, м.ғ.к.
- 3. Кунанбаева Тамара Сулейменовна – Доцент, м.ғ.к.
- 4. Сагатбаева Анар Джамбуловна – Доцент, м.ғ.к.
- 5. Смагулова Ельмира Ниязовна - Доцент, м.ғ.к.
- 6. Мангытаева Батима Бекдаировна – Ассистент
- 7. Уразбаева Бахыт Мырзашевна – Ассистент
- 8. Долгих Валерия Робертовна – стажер-преподаватель
Байланыс ақпарат: - Кафедраның орналасқан жері: Алматы қ., Толе би көш, 92; оқу корпусі №3 ҚазҰМУ, 3 этаж.
- Телефон: 292-50-25 (ішкі. 208)
- Кафедраның электронды адресі: ter.stomkaznmu@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |