Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет73/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95

249
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
Ж.Жақыпбаевтың бұл мекенге арнаған «Сарноқайға сәлемдеме» 
атты үш өлеңінен тұратын жыр шоғыры да бар [24. 57-60].
Ауа, суы ... боялған бәрі көкке.
Бәрі шаһқар дегенім дәлірек пе?! 
Менің атам жайлаған суреттердің
Абыройы аспаннан әріректе, – деп дәріптейді ақын туған тауын. 
Автор өзінің бозбала шағындағы қымбат қасиеттерін Сарноқайдан 
ажырағандықтан жоғалтып алғандай, оның бәрі сол жұртта 
қалғандай етіп жырға қосады:
Бағым күнде жаңаша жанды дедім.
Жаным көшіп тағы бір алды демін.
Бір жұртымда жоғалып серілігім,
Бір жұртымда өрлігім қалды менің.
Ақын дәріптеген осынау қасиетті мекен жоғарыда айтыл ған дай, 
бәйге дүбіріне толы кейіпте көрсетіліп, бейне бір думанға, шат-
тыққа толы жастық шақ базарының символындай биікке көтеріле 
жырланады.
Айтып, жырлап, суреттеп әлің жетсе бер ақын,
Айдарбектің ақ жары жырдай қылған болатын
Жәнәбілдің шұбарын, Далабайдың қызылын,
Тас жиренін Қойбектің, Битайдың да кер атын 
Айдарбекте кекілін алғаш рет түйгенмін,
Жалғыз қара келгенде жалын сипап сүйгенмін,
Жәукен тойға жаратқан жаны мөлдір ақындар
Жырға қосқан ай маңдай Жұматайдың жиренін
Әлімсақтан жайлаған сері елдің бір арысы
Қайнай берсін мәңгіге шулы қазан-жар іші.
Биіктетсін бұдан да Айдарбектің ақ жарын
Жігіттердің намысы, жүйріктердің шабысы.
Жұматай қаһарманынша бұл өлкеде өскен әрбір ақын оны 
жырлауы міндетті. Бұрын «Сал Қуандық сан жырлаған Сарноқайды» 
[25.106] бүгін Жұматай да дәріптеуі тиіс. Ақын туған тауының 
тарихи тағдырын да көзге елестетеді. Лирикалық қаһарман тұлғасы 
қазақтың ескі тұрмысындағы сал-серілермен үндесетіндіктен, 
мұндағы теңеу, метафораларға негіз болған заттық әлем ескі тарих 
қойнауынан алынады. Жұматайдың эстетикалық қабылдауында 
қазақтың нағыз болмысы тарихи өткен дәуірлерден таны 
лады. 
Сондықтан оның лирикалық қаһарманы өзінің ұлттық бол-
мысын тарихи жады арқылы танытып отырады. Бұл тұста ақын 
ұстанған осы кредоның әрбір тақырыптан аңғарылатын 
дығын 
айту үшін ғана тоқталып отырмыз. «Талантты суреткердің шығар-
ма шы лығынан, олар қаншалықты әркелкі болмасын, әйтеуір бір 
ортақ, олардың жалпы сипатын танытатын және оларды өзге жазу-
шылардың шығармаларынан ерекшелеп тұратын нәрсені байқауға 


250
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
болады» [26.22], – дейді Н.А.Добролюбов. Жұматай өлеңдеріне 
тән ерекшеліктің бірі әрбір өмір шындығын автордың тарихи 
сана арқылы қабылдауы нан келіп шыққан. Ақынның «Сарноқай 
саздары» атты өлеңіндегі шумақтардан осы ерекшелік анық көзге 
түседі [25.100]. Мысалы:
Ана бір тас шала піскен құймақтан
Айнымаса, мына үйтастың қабағы
Мұқылай го-уан басқа елдерде қиратқан
Қалалардың халін еске салады.
Сан рет мен оны да ойлап қиналдым,
Құла ат түкті Сарноқайдың бауырында.
Не бар еді үйін өртеп Иранның?!
Не бар еді таңғұттардың ауылында?! – дей келіп «Сарноқай 
ғой Шығысым һәм Батысым» деп түйеді ақын. Сарноқайға тіке-
лей арналған жырларында Жұматайдың бозбалалық шағына деген 
сағынышы туған жерге, елге, оның өткеніне деген махаббатпен 
астасып кетеді. 
Қаламгер үшін Сарноқай – эстетикалық идеал ғана емес, 
өмірлік мәні бар, шабытына қуат берер рухани тірегі болған 
сияқты. Талдықорған облыстық газетінде істеп жүргенде редакторға 
жұмыстан босатуын өтінген арызын ұсынып тұрып; «Қария (бұл 
Ж.Жақыпбаевтың әзілмен айтар қаратпа сөзі болған – И.Д.), жаз 
шығып қалды, Сарноқайға барып ат жүгіртіп, өлең жазып қайтсам 
ба деп едім» [27] деуі осының айғағы. «Төбеге шық» деген өлеңінде 
автор:
«Биікке шық! – ақын басқа не десін,
Иемденіп өлкеңнің бір төбесін,
Тым құрыса құбыланың қабағын
Елден бұрын және ертерек көресің!» – деп өмірдегі биіктікті өнер 
иесіне тән уақыттан озатын асқақтықпен астастыра жібереді және 
оны да Сарноқай тауымен байланыстырады. Ж.Жақыпбаевтың 
туған жерге арналған өлеңдерінің тағы бір парасы оның пейзаждық 
лирикасынан орын алған. Олардың көпшілігінде ақынның туған 
өлкесінің аты аталмағанымен, лирикалық кейіпкердің сезімі 
астарынан соны аңғарамыз. «Өнер дегеніміз суреткердің тілі болып 
табылады және сөз арқылы өз ойыңды жеткізу мүмкін емес, тек 
тыңдаушының дәл сондай ойын ғана ояту қалай мүмкін болса, дәл 
солай өнер туындысында да бәрін хабарлауға болмайды; сондықтан 
соңғысының (ол аяқталған жағдайда) мазмұны суреткерде емес 
ұғынушыда дамиды» [28.180], – дейді А.А.Потебня. Жұма 
тай-
дың табиғат лирикасы үлгілерінде туған жер аты аталма 
ғаны-
мен ол шығармалардың осы тақырыпқа арналғандығы оқыр ман-
дық қабылдау арқылы айқындалады. «Көктемгі хаттар» жинағы-


251
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
ның екінші бөлімінде қамтылған пейзаждық өлеңдердің көбі осы 
топтағы туындылар.
Ж.Жақыпбаевтың туған жер тақырыбындағы жырларының 
үлкен бір тобы – арнау сипатындағы өлеңдер. Ақын көп өлеңдерін 
туған ауылына, жеріне, өзен суларына арнаған. Бұл қатарда 
«Шұғынық гүл төркіні» жыр шоғырының төртінші өлеңі, «Туған 
ауылда», «Сарноқайға сәлемдеме», «Сарноқай саздары» өлеңдері, 
«Көктемгі хаттар» жинағындағы «Өзгелер мәнсап-жолмен жөнелсе 
өрге», «Жан-жағы толы тау суға...», «Жүйкеге тиер жоқ жүзім, жоқ 
мұнда, жоқ алша ...», «Туған жерге», «Қаратал» сияқты туындыларды 
атауға болады. Бұларда ақын туған өлкенің табиғаты, өзен, тау, жер 
аттары, ауыл адамдарының есімдері жиі кездесіп отырады. Солар 
арқылы ақын туған аймақтың бүкіл тыныс тіршілігі ғана танылып 
қоймайды, лирикалық қаһарманның өзіне етене таныс суреттерден 
оның соларға деген махаббаты аңғарылып тұрады. Алайда ақынға 
Қазақстанның кез келген өлкесі ыстық, өйткені ол да ұрпаққа 
қалдырған ата-баба мұрасы. Ақын сол мұраның молдығын, кеңдігін 
мақтаныш тұтады. «Алатауға» деген өлеңінде: 
Халық жоқ барлық халықтың халқынан ұлы...
Әйгі етсең де болады жалпыға мұны:
Атырау-Алтай арасы-ай! Аумағы-ай жердің 
Алтыдан бірдің, біздің жер – алтыдан бірі! [25.79], – десе, «Арысқа 
барғанда» өлеңінде:
Атаңнан қалған алты Арыс жері болмаса,
... Көрерсің қайдан көгілдір инеліктерді, [25.79] – деп табиғат 
тамашаларын ұлттық мақтанышпен біріктіріп жібереді.
Ж.Жақыпбаевтың туған жер, атамекен тақырыбындағы өлең-
дерінде ақынның туған өлкесінің, елінің табиғатының, кеңпейіл 
адамдарының, жалпы тіршілігінің көрінісі бай да әсем бояулар-
мен бедерленген және одан лирикалық қаһарманның перзенттік 
сүйіспеншілігі көрініп тұрады.
Автор өзінің бүкіл адами болмысының, ақындығының тамы рын 
туған жерден алған етіп көрсетеді.
Жан досым, қадірін аз ұқтың,
Туған жер-киелі гүлді аймақ.
Сол мені жасымнан нәзік қып,
Өлеңге кетіпті ыңғайлап [25. 223] – дейді қаламгер бір өле ңінде. 
Бұл – Ж.Жақыпбаев лирикасындағы туған жер тақырыбындағы 
өлеңдердің негізгі лейтмотиві.
Табиғат лирикасы ақыннан ерекше байқағыштықты талғам-
паздықты талап етері сөзсіз. И.В.Гетенің «Айтады: суреткер, 
табиғатты зертте. Бірақ қасиетсізден тектіні, сиықсыздан сұлу-
лықты екшелеп алу жай нәрсе емес» [31.585], – деуі көп сырды 
аңғартады. Ж.Жақыпбаевтың шығарма мазмұнын көркем пішінге 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау