Тақырыбы: Мұқағали-ақиық ақын Мақсаты



жүктеу 16,46 Kb.
Дата21.11.2023
өлшемі16,46 Kb.
#44408
Ақиық ақын–Мұқағали


Тақырыбы:  Мұқағали-ақиық ақын
Мақсаты :
1. Мұқағали өлеңдерінің құдіреттілігін таныту.
2.Поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3.Ақиық ақын Мұқағали жырларынан сусындатып ,ақынға деген құрметті қалыптастыру.

Құрметті оқушылар ! Біз бүгін сіздермен Ақиық ақын


Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай «М. Мақатаев – ақиық ақын» атты ашық тәрбие сағатында отырмыз.

Қарасаз , Қара шалғын өлеңде өстім.


Жақсы жыр жазсам , халқым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Қазақ поэзия әлеміне шетсіз — шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусәр сезім мен тояттамас көңіл , шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат , 
буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.
Ұлы ақын М. Мақатаевтың туғанына биыл 86 жыл толып отыр.
Ендеше бүгін тәрбие сағатымыз атынан танылып тұрғандай,
Хан тәңірінің мұзбалағы атанып , өлең өлкесінде шамасына шаң жұқтырмаған 
дарын иесі, ақын М . Мақатаевқа арналмақшы.
Сөз кезегінде ақынның өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік (слайд көрсетіледі)
Оқушы:
М. Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданында Қарасаз деген ауылда 
1931 жылы дүниеге келген. Анасы Нағиман Батанқызы және әкесі Сүлеймен 
Мұқағали , Тоқтарбай , Көрпеш есімді үш ұл тәрбиелеп өсірген шаруа адамдары .
Мұқағалидің 10 жасында әкесі майданға аттанады.
Оқушы:
Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен ,
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен
Мінеки көп ай болды хабары жоқ
Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді ,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді
Мінеки , көп ай болды хабар жоқ
Біз дағы әкемізге зармыз енді.


Оқушы:
Әже баласы болған соң анасы Нақа деп атаған . Анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 жылы орта мектептегі интернатта оқып бітіреді .
Оқушылар кезекпен Ана туралы өлеңдер оқиды.
Оқушы:
1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы .
Еңбек еткен жылдары : 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп
отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, оқуды еріксіз тастап , ауылға оралады . 
М . Мақатаев Киров атындағы колхозда кеңес хатшысы болып жұмыс істейді .
Оқушылар кезекпен омір туралы олең оқиды.
Оқушы:
Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Жастардың елді,табиғатты сүюге үйретеді.
Оның өлең — жырлары : «Отан» «поэзия» «жас қайың» «аққулар ұйықтағанда»
көптеген шығармалары бар.
Мұкағали — халқын , ана тілін ,Отанын қадыр тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» 
атты өлеңінде кеиінгі жас буынды халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады.
Оқушылар кезекпен Отан , табиғат, тіл туралы өлеңдерін оқиды.
Оқушылар хормен Мұқағалидың әнін орындады.
Оқушы:
Мұқағалидің да аяғын көп шалдырғаны рас. « Артына өлмейтұғын сөз қалдырғаны да ақиқат» . Қазір ол ең көп оқылатын ақын . Мұқағали мұрасы мәңгілік . Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар. Абай сөзімен айтқанда:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Оқушы:
«Таудан алыстаған сайын оның биіктігі айқындала түседі» демекші , күн де өткен сайын Мұқағали ағамыздың ұлы тұлғасы шыңдала түспек !
Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай шарықтасын аспанда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспанға!
«Батырды – батыр жеңер белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
Бақытты күндерде кездескенше.
Ұрпағы бар кезде ақын тойы жыл сайын тойланбақ!
жүктеу 16,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау