Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет71/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95

242
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
шебері. Дүниеде өзім екі-ақ адамның алдында дірілдедім, бірі –
Жұматай, екіншісі – Сейдахмет Бердіқұлов. Міне, осы екеуін қатты 
сыйладым. Өз өмірім, өз мейірім бар, өзімнің қыз-жігіттерім бар. 
Бұл Жұматайдан үйренген әдетім. 
ЖҮРЕГІНДЕ – ЛӘЙЛӘ, ҚАСЫНДА – ЗАЙДА
Жұматайдың кеудесі толған шежіре. Тарихқа сауаты мықты еді. 
Тарихшылардың өзін кекетіп отыратын. Шыңғыс хан жайлы әңгіме 
басталса, таңға айтатын. Шыңғысхан пірі еді. Қағанат құрып жүр гені 
де содан болса керек. Зайда – ханумы. Содан кейін Жұмағаңның үйі 
күнде вокзал болып жатады. Зайда жеңгеміздің бір реніш білдір-
генін көрмеппін. Таңға дейін өлең оқимыз, домбыра тартамыз, ән 
са ламыз. Қазір ойлап қарасам, серінің нағыз жары бола білген, 
бойында қасиеті бар әйел екен ғой. Өзің ойлап қарашы, жүре гінде 
– Ләйлә, қасында – Зайда. Сонда Зайданың қызғануы, я бол маса 
үйді басына көтеретін айғайы мүлде жоқ. Қайта Жұмағаңмен бірге 
Ләйләні ол да шын жүрегімен жақсы көрді.
Шыны керек, Ләйләні көргем жоқ. Сол Ләйләнің түрін бір 
көруге керемет құштар болдық. Қайрат Әлімбек екеуміз жа нын 
қоймай сұрайтынбыз. Бар жауабы: «Мен Ләйләні үш-ақ рет көр-
дім... Мүмкін көрмеген де шығармын». Бұдан басқа жауап жоқ. 
Қанша қолқалап та, еркелеп те сұрадық, Ләйлә жайлы айтпайтын. 
Өлеңге ғана жан сыры құпия қалпында қалды.
ҚАРА ЛЕНТАДА «ЖАҚЫПБЕКОВ» БОЛЫП КЕТІПТІ
1990 жылының қыркүйек айының 14-і болса керек. Жұмыста 
отыр едім. Балпаң-балпаң басып Жұмағаң кіріп келді. Өңі бұзы-
лып кеткен. Бұрынғы Жұматай емес. Түтігіп кетіпті. «Не болды, 
аға?» дедім. «Мені бұлар екінші Мұқағали қылды...» деді. Сүт 
пісірім уақыттан соң «сенің жұмысың көп сияқты, жарайды, мен 
жүре берейін, тек сен өзіңді сақта. Мен жоғалмаймын, маған мили-
циясы да бар, жындысы да бар, ешкім тимейді, сен байқа» деді. Кө-
ңілім босап кетті. Өмірі бұлай сөйлемеуші еді. Қазір ойлап қа ра сам, 
өмірінде бір-ақ рет осылай ұнжырғасы түсіпті. Содан мен жұ  мысты 
тастап, Жұмағаңмен бірге кеттім. Серуендедік, сәлден соң: «Есен-
құл, болмай тұрмын, мен қайта берейін», –деп үйге қайтып кетті. 
Мен артында үнсіз қалып кеттім. Екі күннен кейін Қайрат Әлім  бек 
телефон шалып, арда ұстаздың қазасын естіртті. Бүкіл ғұмырын туған 
халқының әдебиетіне арнаған қайталанбас талантты ақынды соңғы 
сапарға шығарып салдық. Әлі күнге дейін таң қаламын, жас қа бір дің 
басына қойылған гүл шоғының қара лентасына «Жақыпбеков» деп 
қате жазылып кетіпті. «Құдай-ау, Жұмағаң мені қасына шақырып 
жатыр ма?» дедім іштей. 


243
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Жұмағаңды жерлеп болғаннан кейін араға екі-үш күн салып 
мүшелік билетімді алу үшін Жазушылар одағына бардым. Менің 
мүшелік билетіме «Жақыпбаев» деп жазылып кетіпті. Құжатты берген 
хатшы қызға «мынауың қате» деп айтқаным жоқ, мүшелік билетімді 
қалтама салдым да, Алматымен қош-қош айтысып, Ұзынағашқа 
тартып кеттім. Содан бері құжат бойынша Жақыпбаевпын.
...Кейде жатып алып, кешегі күнді сағынамын. Биыл Жұмағаң 
тірі болса 60-қа толар еді. Бауыржан Үсенов пен Нұрлан Мәукен ұлы 
да тірі болса арамызда жүрер еді. Мұның бәрі – орны толмас қаза-
лар. Әсіресе құлын-тайдай тебіскен Бауыржан Үсеновті сағы нам. 
Жақында Бауыржан Үсеновке «Жұлдыздар» атты ән жаздым. Алла 
қаласа, тыңдайсыңдар.
P.S. АРТТА ҚАЛҒАН ЖЫЛДАРДА ЖЫЛЫ АҒЫСТАР БАР
...Ағынды Ақсудан Талдықорғанға келіп өлең оқып жүрген Қанипа 
Бұғыбаева Әбу Сәрсенбаевтың әкелік қамқор танытып, аяғы 
на 
операция жасатуы, Әбділдә шалдың Мұқағалиға пәтер алып беріп, 
Төлегенге асқар тау болғаны ел аузында әлі күнге дейін жүр. Жұбан 
Молдағалиевтың Еркін Ібітановтің өлеңдер жинағын шығаруға қол 
ұшын бергенін де естиміз. Сол бір келмеске кеткен күндерге іңкәріміз 
ауады да тұрады. Неге олай екен?..
Қанат Тілеуханұлы
«Жас қазақ» газеті, 2005 жыл 26 тамыз


Үшінші бөлім
АҚЫН ӘЛЕМІ
Досбол ИСЛАМ 
Ақын Жұмағұл-Шора
 Сағадиұлының рухына!
 Автор. 
КІРІСПЕ
Қазақ поэзиясының 1970–80 жылдардағы тұсы өзіндік ерек-
шелігімен дараланған кезеңі болды. Әлеуметтік көңіл-күйдің ең 
алдымен әдебиетте, әсіресе, поэзияда таңбаланаты нын ескерсек, 
бұл кезең поэзиясының өзгеше болу себебін аңғару қиын емес.  
1970–80 жылдар тоталитарлық жүйенің күйреуіне, ССРО құра-
мындағы елдердің тәуелсіздік алуына деген халық санасының 
дайын дық кезеңі болды. Бұл тұста «социалистік қоғамның комму-
низмге ұласатын мәңгілік болашағы» жөніндегі жалған идеяны 
халық санасына барынша сіңіру әрекеті мемлекеттік деңгейде 
жүргізілгендіктен, бір жағынан оның ықпалы да елеулі болып, 
екінші жағынан кеңестік саясаттың құйтырқылығы да айқын аңға-
рылып, қалың ел екіұдай сезім шарпуында жүрді. Дәл осы сана 
қалыбын бейнелеуде қаламгерге елден асқан білімпаздықтың не-


245
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
месе болжампаздықтың қажеті шамалы болатын. Ол үшін, ең бас-
тысы «жүрек сөзін» айта білетін шынайылық қажет еді. Аталмыш 
дәуірде осыған дейінгі кезеңдерде қаптап кеткен кеңестік саясат 
ықпалымен жазылған плакаттық өлеңдердің әуенімен жүрген 
ақындар тобы да аз болған жоқ.
Сыртқы әлемге деген өз көзқарасын бұлтақсыз білдірген «ал-
дыңғы толқын ағалар» Қасым, Мұқағали, Жұмекен, Төлеген 
тәрізді жан дүниесінің ішкі әлемінің қыр-сырын бүкпесіз, мөлдір 
қалпында, сұлулыққа орап жеткізіп берген 1970–80 жылдардағы 
қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің бірі – Жұматай Жақып баев 
еді. Кезең поэзиясының басты ерекшеліктері де осы тектес ақын-
дар шығармашылығын жеке-дара зерттеу арқылы ғана таныл мақ. 
Осы қисын тұрғысынан келіп, біз Ж.Жақыпбаевтың өмірі мен әде-
би шығармашылығын зерттеуімізге арқау еттік. 
Ғылымда қалыптасқан дәстүр бойынша, белгілі бір кезең-
нің әдебиетіне немесе әдебиет саласына өз тұсында емес, бір шама 
уақыт өткен соң ғана, яғни ол «әдебиет тарихына әбден айна-
лып болған соң» ғана баға беріліп жатады. Осылай болуы тиіс 
екен дігін ақтайтын өзіндік заңдылықтар да бар. Мәселен әдеби 
дәуірдің әрбір құбылысы жеке-жеке зерттелініп, олар тұтаса, 
жымдаса келе, сол кезең жөніндегі жалпы бағалауды туғызары 
анық. Оған әрине біршама уақыт қажет екендігі де айқын. Бірақ 
осы тектес заңдылықтар нәтижесінде зерттеушінің өмір сүрген 
кезеңі немесе жақын дәуірлер әдебиетін зерттеуге «әлі ерте» деген 
сияқты пікірлерді қалыптастырғаны да жасырын емес. Біздіңше, 
белгілі бір кезең әдебиетінің жеке құбылыстарын, оның өкілдерінің 
шығармашылығын уақыт оздырмай тұрып зерттей бастаған дұрыс. 
Әрине мұндай зерттеулерде таяныш ететін сараптаулардың азды-
ғына байланысты жаңсақтықтар көп болуы ықтимал. Оның есе сіне, 
кейінгі ғылыми ізденістер үшін тигізер пайдасының молды ғымен 
құндылыққа ие болары сөзсіз. Бұл тектес зерттеулерде зерттеуші 
өз объектісіне сырттан қараушы емес, мәселені өз ішінен бақы-
лаушы сипатында көрінеді. Сондықтан ол зерттеу мүмкіндігінің 
кейбір артықшылықтарын пайдалана алады. Мәселен қазіргі әде-
биеттану мен өнертанудағы аса зәру мәселенің бірі шығар 
ма-
шылықты психоаналитикалық тұрғыдан зерттеп, туынды 
ның 
оқырманға берер әсерінің негізгі факторларын автордың са налы 
немесе еріктен тыс (ырықсыз) түрде жаратқандығын айқындау үшін 
[1] қажет материалдарды жинаудың мүмкіндігі мол болады. Атап 
айтсақ, өз шығармаларында бейнеленген ақынның рухани өмі-
рінің нышандарын белгілеу үшін оның жанында жүрген достары-
ның, жарының, қызметтестерінің, шығармашылық қауымдастығы 
өкілдерінің естелік пікірлерін қажетінше пайдалануға жағдай туады. 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау