Даулеткалиева К. Н. оқытушы



жүктеу 213,38 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі213,38 Kb.
#21695


 

Даулеткалиева К.Н. 

оқытушы     

Толкачева Л.А. 

оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ - ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРАМДЫ 



БӨЛІГІ 

 

Ғаламдық    жаһандану    кезеңіндегі  әлеуметтік-экономикалық  

өзгерістер  жағдайында    адами  ресурстарды    дамытуға  үлкен    көңіл 

бөлінуде.  Тәуелсіз  мемлекетіміздің  экономикалық  қуаты  мен  ұлттық 

қауіпсіздігінің  кепілі  ретінде    білім  беру  жүйесінің  маңызы  артып 

отыр.   


Қазақстан  Республикасының  2005-2010  жылдар  аралығындағы 

білімді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасында  бәсекеге  қаблетті 

тұлға  тәрбиелеудің  өзектілігі  атап  көрсетілген.  Оның  ішінде  жалпы 

орта  білім  беру,  білім  беру  сапасын  бағалау,  орта  білім  беруді  

дамыту,  білім  беруді  ақпараттандыру,  білім  берудің  ұлттық  жүйесін 

құру,  педагог  кадрларды  даярлау,  қайта  даярлау  және  олардың 

біліктілігін    арттыру  мәселесінде  мемлекеттік  бағдарлама  құрылған. 

Білім  берудің  мақсаттары  қоғам  өмірінің  мақсаттарымен  тікелей 

байланысты.  Өмір  білім  беруді  нақтыласа,  білім  өмір  сүруге  тікелей 

әсер етеді.  

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғалы  қоғамда,  елдің  сана 

сезімінде  де  түбегейлі    өзгерістер  болып  жатыр.  Білім  беру  ісінде 

жеке  тұлғаны  дамытуға  көп  көңіл  бөлінуде.  Білімі,  кәсіби  біліктілігі 

жоғары  жастарды  тәрбиелеуге  қол  жеткізетін  сапалы,  бәсекеге  

қабілетті  білім  ордаларын    қалыптастыруды  мақсат  тұтқан 

тұжырымдама  білім  берудің  барлық  деңгейінде  әлемдік  талаптарға  

сай өзгерістерді енгізді. 

Экономикалық  білім  -  жалпы  білім  берудің  құрамды  бөлігі. 

Сондықтан  қазіргі  кезде  дүние  жүзінің  көптеген  елдерінің 

мектептерінде  экономикалық  білімді  жүйелі  де  сапалы  беруге  баса 

назар  аударылуда.  Экономикада  болып  жатқан  сапалы  өзгерістер, 

терең  сауаттылықты,  мектепте  терең  экономикалық    білім  енгізуді 

талап  етуде,  яғни  мектеп  оқушыларына  экономикалық  білім  бере 

отырып,  оқушылардың  жан-жақты  ойлау  қаблетін  дамытып,  бүгінгі 

өмір жағдайында  өмір сүріп еңбек етуге бейімдеу.  



Мектеп  оқушыларына  экономиканы    оқыту  -  табиғат  заңдарына 

қарағанда  экономикалық  заңдарға    тәуелді  болып  отырған  өзгермелі 

өмірге  қойылған  талап.  Оқушыларға    нақты    жағдайларда  

экономикалық заңдылықтарды қолдана  білуде  экономикалық теория 

мен практикалық түсініктерді білуі қажет. Мектептегі экономикалық 

білім  алудан  қалыптасқан  іскерлік,  дағды,  біліктілік  оқушыларға 

нарықтық  экономика  сұрақтарын  шешуде  өзін-өзі  сенімді    ұстауға 

және  оның  негіздерін  жан-жақты  оқи  отырып,  өз  мамандығын 

таңдауға  мүмкіндік    береді.  Экономикалық  білім  негіздерін  

меңгермей,  сауатты  экономикалық  ойлаумен  әрекет  етуді 

үйренбейінше,  қазіргі  өмірге  бейімделу  мүмкін  емес.  Олай  болса 

бүгінгі  оқушы  ертеңгі  күнгі  еліміздің  экономикасының  дамуына  өз 

үлесін  қосып,  мектеп  қабырғасынан  алған    терең  білімдерін 

болашақта  пайдалана  білуіне  бағытталған  іс-әрекеттерді,  жүзеге 

асыру қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінуі қажет. 

Қазақстан  Республикасының  экономикалық  әлеуметтік  даму  

ерекшеліктерін,  ұлттық    және    аймақтық    ерекшеліктерін    ескере  

отырып,  оқушыларға  экономикалық  білім  беру  мазмұны  ғылыми  

негізде    анықталуда.  Нарықтық    экономиканың    қалыптасуына  

байланысты    елімізде    білімі    терең,    мәдениеті    жоғары,  өмір  

талабына    сай    бейімделген    жас    ұрпақты    экономикалық    біліммен  

қаруландырып,  тәрбиелеу  -  өте  маңызды  іс.  Қазіргі      кезде    дүние  

жүзінің    көптеген    елдерінде  мектептерде  экономикалық  білімді 

жүйелі    де,  сапалы    түрде    беруге    баса    назар    аударылып    отыр. 

Болашақ    ұрпаққа    қойылатын    талап  –  қазіргі    өмір    талабына    сай  

экономикалық    білімді    игере  отырып,  өз    өмірінде,  өз    қызметінде  

осы  білімді   пайдалана  білу. Экономикалық  білімнің  практикалық  

пайдасы  -  оның    адам  тәжірибесінде  күнделікті  кездесіп  жүрген 

түсініктерді  ұғынуға    көмектесетіндігінде.  Экономикалық    білімді  

қолданумен    тығыз    байланысты    мамандықтар    экономикалық  

білімнің    жоғары    деңгейде    болуын    талап    етеді.  Экономикалық  

білім    берудің    жалпы    адамзаттың  мәдениетін  қалыптастырудағы, 

адамгершілікке,  үнемділікке,  іскерлікке    үйретудегі    үлесі    зор. 

Экономиканы оқыту  барысында  оқушылардың  бойында  халық, ұлт, 

әлем    алдындағы    жауапкершілікті    тәрбиелеу    тиімді.  Осы 

экономикалық  білім  беру  арқылы  егемен  еліміздің  экономикалық  

мәселелерді    шешуде    өзінің    үлесін  көрсете  алатын  азаматтар  білім 

алып,  тәрбиеленеді.      Мектепте  экономикалық    білім    берудің  

мақсаты  –  оқушыларды    экономикалық    мәдениет    пен    қоғамдық 

экономикалық  даму  заңдылықтарымен  таныстыру, еңбек ете  білуге  




және  рухани материалдық  құндылықтармен  қамтамасыз  ететін  өз  

елінің    патриот    азаматы    болуға    тәрбиелеу.  Мектептерде  

экономиканы  оқытудың  мақсаты: 

-  жеке  тұлғаны  қоғамның  даму  барысында  алатын  орнын  

білуге,  оның    сауаттылығын    қалыптастыруға    байланысты  

анықталады; 

-  барлық    оқушыларды  экономика    ғылымының    негізі  

болатын  білімдер  жүйесімен  және  ол  білімдерді  саналы  түрде  

қолдана    алудың    іскерліктері    мен    дағдыларын    берік  

қалыптастыру  болып  табылады; 

-  оқушылардың    экономикалық    мәдениеттілігі    мен  

экономикалық    іс-әрекеттері    арқылы    өмірде    қолдана    алуды  

қалыптастыру; 

-  әрбір    жеке    тұлғаның    ақыл-ойының    дамуына, 

адамгершілікке    ұмтылып,  әдемілікті    сүюге  үйретуге    жағдай  

жасау.  Экономиканы    оқыта    отырып,      оқушыларға  үнемділікті  

дәл  сезінуді, тілдік  ортаны  қалыптастыруға  мүмкіндік  жасау. 

 Экономиканы  оқытудың  міндеттері  де  назардан  тыс  қалмады: 

-  білімдерін  жалғастыруға, басқа  пәндерді  оқып  үйренуге  

күнделікті    тұрмысқа    қолдануға    қажетті    нақты    экономикалық  

білімді  меңгеру; 

-  экономикалық    қызметке    тән    қоғамда    адамның   

толығымен  қызмет  жасауына  қажетті  интеллектуалды  дамыту; 

-  оқушыларға    экономикалық    қатынастар    туралы    ойды  

дамыту; 

-  экономикалық    байланыстар    мен    экономикалық  

шешімдер  қабылдауға  мүмкіндіктер  беру; 

-  экономикалық  сұрақтарды  талдау; 

-  өндірістік      қатынастар    мен    экономикалық    байланыстар  

туралы  көзқарастар  қалыптастыру; 

-  жеке  экономикалық  білімдерді  қабылдау,  бақылау  және  

қазіргі  экономикалық  көзқарастарды  түсіндіру; 

-  қоғамдағы 

  экономикалық    процестер    жөнінде  

қатынастарға  қатысу. 

Оқушыларға    экономикалық    білім    беруде    олардың  

психологиялық-физиологиялық    ерекшеліктерін    ескере    отырып  

олардың  ойлау  қабілетін  дамытып, олардың  білімдерін  жетілдіруге  

өз    бетінше    дамуға,    бәсекеге    қабілеттілікке    дайындауға    болады. 

Бұл    процестің    жүзеге    асырылуы  -  көптеген    факторлар    әсерінің  




нәтижесі.  Әсер    етуші    факторлардың    ішінен    мыналарды    атауға  

болады: 


-  мемлекеттің  жалпы  саясаты; 

-  мемлекеттің  білім  беру  саясаты; 

-  ата-ананың  мақсат- мүддесі; 

-  экономикалық  білім  негіздерінің  мектепке  енуі; 

-  ата-ананың, қоғамның  жалпы  тәрбиесі; 

-  қоғам  талабы; 

-  мұғалім  еңбегінің   нәтижесі; 

-  оқушының  білімдік, іскерлік, дағдылары; 

-  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  өсуі.   

Оқушыларға  экономикалық  білім  берудің  негізгі  мақсат-

міндеттері, факторларының атқаратын қызметтеріне тоқтала отырып, 

біз  олардың  оқушыларға  эономикалық  тәрбие  беру  және 

экономикалық ойлауды қалыптастыратындығын көреміз. 

Ұрпақ  тәрбиесі  қай  қоғамның, қай  кезеңнің  болмасын  өзекті  

мәселелерінің бірі  болып  табылады. Экономикалық  тәрбие  беру – 

нарықтық    экономика      мен  экологиялық    жағдайларды,    білім    мен  

біліктілікті    жеке    тұлғаның    жоғары    адамгершілік  қасиеттерін  

қалыптастыруға,    әлеуметтендіруге    пайдалану.  Жас    ұрпаққа    білім  

беру  жүйесінде  сондай-ақ  экономикалық  білім  мен  тәрбие  беруде  

мектеп    жетекші    рөл    атқарады.  Мектептің    экономикалық  

дайындығы,  ондағы    әлеуметтік-экономикалық    функциялардың  

барлық  жағын қамти отырып, қоғамды,  азаматтарды,  еңбекке  деген  

рухани    және  қабілеттігіне    қажетті    білімдердің    негізін    құрайды. 

Сондықтан,    жеке    тұлғаны    мектеп  қабырғасынан    бастап  

шаруашылық    есеп,    өз      шығынын    есептей    алуды,    өзіндік    құн  

маңызын  жетік  білу  үшін  іс  жүзінде  өндірістерге  қатынастырып  

отырған  дұрыс.  Экономикалық    тәрбие  негіздері  еңбек  тәрбиесінде 

жатыр.  Экономикалық    тәрбие  оқушыларды  экономикалық  білім 

негіздерімен    қаруландыру,  қоғамның    экономикалық    саясатын  

ұғындыру,    өндіріс,  айырбас,  бөлісу    және    тұтыну,  іскерлік    әдет, 

үнемділік  пен  ұқыптылық,  табыс  пен  шығын,    пайда,    кәсіпкерлікке  

бастаудың  жолдарын  ұғындыру  болып  табылады.  Белгіленген 

бағдарлама бойынша әрбір класс көлемінде қаралатын тақрыптардың 

экономикалық  тәрбиелік  мәні  бар.  Мысалы:«Іскерлік  әдеп» 

тақырыбында  бизнеске  қатысушылар,  бизнестегі  өзара  қарым-

қатынастар,  олардың  негізгі  белгілері,  сенімділік,  ұқыптылық, 

жауапкершілік  сұрақтары  қамтылады.  «Нарықтық  экономика  және 

оның  құрылымы»  тақырыбында  оқушы  өзі  өмір  сүріп  отырған 




ортадағы  нарық  заңдылықтарымен,  сұраным,  ұсыным,  баға, 

бәсекемен  таныса  отырып,  оларды  нақты  өмірде  қолданып,  жеке 

атқаратын  қызметтерін  тәжірибемен  байланыстыра  білуге  үйренеді. 

Оқушыларды  экономикалық  тұрғыдан  тәрбиелеуде  қоғамдық 

пайдалы  және  өнімді  еңбек  ерекше  орын  алады.  Өнімді  еңбекте 

оқушының  жоспарлау  ісіне,  есеп  алу,  бақылау,  өнімділік  процесін 

ұйымдастыруға  қатысуының  маңызы  өте  зор.  Бұлардың  бәрі 

материалдық қаржы қорын, жұмыс уақытын тиімді пайдалана білуге, 

еңбек  өнімділігін  арттыруға,  жұмыс  сапасын  көтеру  мүмкіндігін 

табуға,  шаруашылыққа  тәрбиелеуге  мүмкіндік  туғызады.  Бұл 

сұрақтарды  оқып  үйрене  отырып,  оқушы  тақырыптың  тәрбиелік 

мәнін түсіне алады. Экономикалық  тәрбие  адамның  алған  білімін  

терең    игеруіне,  оны    пысықтап  практикалық    өмірде    іске    асыруға  

көмектеседі,  өз  жүйесінде    идеялық    және    практикалық    бағыт  

береді.  Мұнан    біз  білім    мен    тәрбиенің    тығыз    бірлігі    адамның  

рухани  қасиеттерін  құрайтындығын көреміз.  

Экономикалық  білім  беруде  оның  экономикалық  тәрбиелік 

мәнімен қатар экономикалық ойлау мәні де орын алады.     

Оқушылардың  ойлау  жүйесінің    қалыптасуында      экономикалық  

білім  мен  тәрбие  берудің  маңызы  қызмет атқарады. 

Адамға  экономикалық  шындық  – еңбек  үрдісі, өндіріс, бөлісу, 

айырбас,  материалдық  игілікті  тұтыну    әсері  мен    әрекет    ететін  

қалыптасқан  ойлаудың белгілі  бір  түрі  тән. 

Экономикалық    ойлау    материалдық    өндірісте,  еңбек    үрдісінде  

туындайды, дамиды. Сана, таным, ойлау  еңбек  қызметінің  бөлінбес  

құрамдас  бөлігін  құрайды. 

Еңбек    нәтижелігін    арттыру    үшін    олардың    экономикалық  

ойлауын  жетілдіру,  дамыту  керек. Бұл – экономикалық  практиканы  

шаруашылық    тетігін    объективті  экономикалық    заңдарға  

сәйкестендірудің  қажетті  шарты. 

Экономикалық  ойлау    адамның    экономикалық  іс-әрекетімен  

қалыптасады: жеке  тұлға  өндіріске  қатысумен  қатар, сатып  алушы, 

айырбасқа  қатысушы,  тұтынушы,  облигация,  акция    иесі    ретінде  

әрекет    етеді.  Ол    отбасы    бюджетін    есептейді:  «үй    шаруашылығы  

бюджетін»,  өз    кірісі  есебін,    қорын,    ақша    шығынын    жүргізеді,  

өндіріске    қатысушы    және    сатып    алушы    ретінде    әрқашан    өз  

таңдауын  жасайды. 

    Экономикалық    ойлау    процесі,    осылайша,    адамның  

экономикалық қатынастар,  экономикалық  әрекет  жөнінде  ойлануы   

және  оны  ұғынуы  болып  шығады. 




    Бұл    өз    кезегінде    адамның,  әлеуметтік    топтың,  қоғамның  

мемлекет  атынан  экономикалық  процеске,  белгілі  бір    шаруашылық  

шешім  қабылдауға  саналы  қатысуына    негіз    қалайды.  Өндірісті  

түрлендіруші    адам    бөлу,  айырбас,  тұтыну    сияқты    экономикалық  

ойлау  иесі  болып  табылады. Сондықтан  оның  ойлауы  болмысты  

танумен  ғана  шектеле  алмайды.  Ол  білімге    айналып,  қабылданатын  

тиісті    практикалық    шешімге    негіз  болатын    қызметті  атқарады. 

Осыған  байланысты,  экономикалық  ойлау  анықтамасында    адамның 

экономикалық  шешім  қабылдауға  қатысуын,    экономикалық 

қызметтегі  белсенді  рөлін  қосу  өте  маңызды. 

    Экономикалық  ойлау,  жалпы  алғанда,  оқушылардың  дамуына 

көмектеседі.  Экономикалық    ойлау    сезімдік    және    рационалдық, 

нақты  және      теориялық    болуы    мүмкін.Сезімдік  экономикалық 

ойлау,  сезіну,  қабылдау, сезім,  көңіл-күй  мен  елестету  түріндегі  

экономикалық    қатынастарды    тудырады.  Экономикалық  ойлаудың 

қалыптасуында  оқушының  берілген  тапсырманы  өз  бетінше 

орындауға,  шешімін  табуды  өз  алдына  мақсат  етіп  қойып,  іздену 

әркеті  барысында  жауабын  оқушының  өзі  табады.  Оқушы 

экономикалық  ойлауда  басқалай  пәндердегі  амал-әдістерді  де 

пайдалана  отырып  іздену  іс-әрекеті  ойлауымен,  пайымдауымен  өз 

ізденісін жүзеге асыруда дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгеруі қажет. 

Мұнда  экономикалық  теория  мен  қатар  экономикалық  мазмұнды 

есептер,  жаттығулар,  жағдаяттар  негіз  бола  алады.  Өндіріс 

факторларын қолдануда және материалдық қаражат түрлерін үнемдеп 

пайдалану жолында өндіріс орындарында және жеке отбасы өмірінде 

де  түрлі  қиыншылыққа  және  т.б.  құндылығын  түсініп,  үнем 

ережесінің  тиімді  жолдарын  іздестіруге  тәрбиелеп,  сонымен  қатар 

бұлар оқушылардың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оларда тұрақты 

білім-біліктілікті, дағдыны қалыптастырады.                  

   Экономикалық  ойлауды  дамыту  үшін  қолданылатын  негізгі  

құрал  –  қолданбалы    есептер.  Ол    қандай    да    бір    проблемалық  

жағдаяттың    бейнесі,  моделі.  Осындай    есептердің    типтерін    талдау  

және    талқылау    барысында    оқушыларда    іс-әрекеттердің    барлық  

түрінде    қажетті    қасиеттің    маңызды    қыры    болып  табылатын, 

өздігінен атқарылатын оқу әрекеті  қалыптасады. 

   Қазіргі    экономикалық    ойлау    қабілеті,  біріншіден,    алдағы  

әрекеттердің  бәрі    қоғамдық    маңызды    мүдделерге    сай    келуін; 

екіншіден,    қабылданатын    шешім    қазіргі  экономикалық    міндетпен  

астасуын, қазіргі  өндіріс  шарты  болуын; үшіншіден, жұмыс үрдісін  

жеделдетуді,  тиімділік    пен    сапа    категорияларымен  ойлай    білуді; 



төртіншіден,    жаңа    міндетті    ойлану    мен    шаруашылық    есепке, 

жалға  беруге,  нарықтық  қатынастарға  дайындығын,  экономикалық  

мүдде    қалыптастыруды;  бесіншіден,  қазіргі    экономикалық    ойлау  

өндірістік  қоғамдық    құралдарға    иелік    сезімін    қалыптастыруды, 

жеке  және  ұжымдық  мүдделерді астастыра  білуді  білдіреді.    

   Экономикалық  ойлау  оқушының  жан-жақты  дамуына,  оқу  іс-

әрекеті  мәселелік  жағдайларды  шешуге,  оқу  іс-әрекеті  арқылы 

оқушының 

ойлау 

мәдениетінің 



дамуына, 

қызығушылықтың 

жоғарылауына әкеледі.                                                                                                                                                    

   Экономикалық    ойлау  –  түрі    мен    мазмұны    жағынан    уақыт  

ішінде дамитын  қозғалмалы   үрдіс. Ол  бір  қалпында  өзгермей  тұра  

алмайды. Ол – қоғамдық  болмыс  пен  қоғамдық  сана  бөлшегі. 

  Экономикалық    ойлаудың    дамуы    үшін    адамға    мектепте-ақ  

экономикалық  білімді  игерудің  объективтік  қажеттілігі  керек.       

   Бүгінгі  таңдағы  еліміздегі  үлкен  әлеуметтік-экономикалық 

өзгерістер  қоғам  мүшелерінің    экономикалық  түсініктерді  дұрыс 

игеруін  қажет  етеді.  Осы  орайда  қоғам  мүшелеріне  толық  

экономикалық  білім  беруде,  мұны  жүзеге  асыруды  қалыптастыруда, 

мектеп  оқушыларына  жалпы  орта  білімді  қамтамасыз  ететін  пәндік 

білімдермен  қоса,  экономикалық  білім  оқушының  жан-жақты 

жоғарғы  деңгейдегі  экономикалық  сауаттылығының  негізі  бола 

алады. 


 

 

*** 



В статье рассмотривается сущность и цели экономического образования. 

Особое  внимание  уделяется  рассмотрению  влияния  экономического 

образования на интеллектуальное развитие школьников. 

Обязательность 

экономического 

образования 

вырабатывает 

абстрактность мышления и адаптирует учащихся в реальной жизни.  

 

 



 

 

жүктеу 213,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау