27
ұғымдар бір жағынан қатаң логикалық формальды анықтамалар арқылы
берілсе, екінші жағынан меңгерілген ұғыммен ары қарай жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін мысалдардың кӛмегімен тұжырымдалады. Сондықтан
болашақ мұғалімдер даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарының
білім алушылары мектепте оқытылатын «физика» пәнінің мазмұнындағы
физикалық ұғымдардың анықтамалары мен ұғымдар арасындағы логикалық
байланыстарды меңгерулері керек. Ол үшін білім алушылар мектептің физика
оқулығының мазмұнымен толық таныс болуы керек. Ал бұл мәселеге болашақ
физика мұғалімдерін даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарында
жалпы физика курсын, физиканы оқыту әдістемесін оқытуда мектеп
оқулықтарын пайдаланбай жету мүмкін емес. Сондай-ақ, мектеп оқулықтарын
пайдалану білім алушыларды болашақта ӛздері меңгеруге тиіс біліктіліктер мен
дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік береді, келешекте оқытатын оқу
материалдарын үйренуге қызығушылық тудырады.
Болашақ физика мұғалімдерін заман талабына сай қалыптастыруда тағы
бір мәселе маңызды рӛл атқарады. Ол физиканың тарихи аспектілерінің
ӛркендеу сатылары. Бұл мәселелер жаңа физикалық теориялар мен
түсініктердің шығу тегіне дұрыс кӛзқарас қалыптастырады, себебі жаңа
түсініктерді енгізу мен жаңа теорияларды үйренудің даму тарихымен танысу
білім алушыларға олардың пайда болуы мен эволюция мотивтерін кӛрсетуге
мүмкіндік береді. Сонымен бірге, білім алушылардың пәнге деген танымдық
қызығушылықтарын туғызады. Болашақ мұғалімдер, физиканың тарихымен
таныстырудың оқушылардың жеке тұлғасына, олардың адамгершілік және
әсемдік тану сапаларына белгілі бір мӛлшерде әсер ететіндіктерін білулері тиіс.
Білім алушылар болашақ мұғалімдер даярлайтын педагогикалық жоғары
оқу орындарында оқудың алғашқы күнінен бастап студент болашақ мұғалімдік
позициясына кӛшулері қажет, ӛздерін мұғалім-тәрбиеші іс-әрекетіне
дайындауға бейімдеулері керек, немен шұғылдануды, қандай пәндерді оқып-
үйренуі және мектеп мұғалімі мамандығын алудағы мәнін білулері тиіс.
Сонымен оқытудың мақсатына жету білім алушының ӛзін тек объект
ретінде кӛрсету емес оқытудың субъектісі болуына тәуелді, яғни бұл процесте
оның ізденімпаздығы мен белсенділігі маңызды. Білім алушыларды
ізденімпаздық пен белсенділікке тәрбиелеудің олардың мұғалімдік іс-әрекеттері
үшін мәні зор, себебі мұғалім оқу материалын еске түсіріп қана қоймай,
білімдерді ӛздігінен сабақта, сабақтан тыс іс-әрекеттерінде әдістемелік жағынан
қайта ӛңдей алулары керек.
Қорыта келгенде, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ
физика мұғалімдерін ӛз ісінің білікті маманы етіп тәрбиелеу үшін барлық оқыту
процесін, жалпы физика курсы бойынша, әсіресе атомдық және ядролық
физика курсын кәсіби бағдарда оқытуды жүзеге асыру керек. Ол үшін барлық
оқытылатын оқу материалдары әдістемелік кӛзқарас тұрғысынан болашақ
физика
мұғалімдерінің
кәсібіне
деген
дайындықтарының
негізгі
сипаттамаларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс қазіргі заманның талабына
28
сай мұғалім физика пәнін оқытуда визуалды техникалық оқыту құралдарын
тиімді пайдалана алу қажет [59].
Сондықтан «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте
оқытуға мұғалімдерді даярлауда физикалық құбылыстар мен процестердің
анимациялық технологиясын қолдану арқылы олардың кәсіби қызметінде
құбылыстарды модельдей білу біліктіліктерінің жүйесін қалыптастыру
мәселесін шешуді қарастырамыз.
1.2 Орта мектепте «Атомдық және ядролық физиканы» оқытудың
жағдайы
Қазіргі ӛркениеттің ақпараттар ағыны тасқындап ӛсіп отырған жағдайында
мектепте білім берудің мақсаты мен қызметі елеулі ӛзгеріске ұшырады. Осыған
байланысты, бүгінгі қоғам алдындағы мектептің мақсаты – ӛмірдің барлық
саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу,
яғни ӛзінің білімін ӛздігінен үнемі жоғарылатып, жеке басына және қоғамға
пайда келтіретін, сыни ойлайтын тұлғаны қалыптастыру. Енді білім алушыдан
аса кӛлемді ақпаратты меңгеріп қана қоймай, оны нақты ӛмірде қолдана білуі
талап етіледі.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
оқыту -білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және үлгілік оқу
жоспарына сәйкес жүзеге асады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жӛнінде нақты
міндет қойды. Жолдауда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
және білім мазмұнының тәрбиелік әлеуетін арттыру тапсырмалары берілді.
Осыған сәйкес қабылданған оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту жӛніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының
6 - тармағына сәйкес Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы
2012 жылы 11 жылдық білім берудің жалпыға міндетті стандартын әзірледі.
Қазіргі мектептерде білім беру процесі «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 56-бабына сәйкес
әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде
жүзеге асырылады.
Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: орта білімнің
базалық (міндетті) мазмұнының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын
анықтайды; білім алушылардың оқу жүктемесінің кӛлемін, білім беру процесін
ұйымдастыру жағдайларын, білімді бақылау мен бағалау жүйесін
регламенттейді; жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді [47, б. 9].
Достарыңызбен бөлісу: |