27
ұғымдар бір жағынан қатаң логикалық формальды анықтамалар арқылы
берілсе, екінші жағынан меңгерілген ұғыммен ары қарай жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін мысалдардың кӛмегімен тұжырымдалады. Сондықтан
болашақ мұғалімдер даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарының
білім алушылары мектепте оқытылатын «физика» пәнінің мазмұнындағы
физикалық ұғымдардың анықтамалары мен ұғымдар арасындағы логикалық
байланыстарды меңгерулері керек. Ол үшін білім алушылар мектептің физика
оқулығының мазмұнымен толық таныс болуы керек. Ал бұл мәселеге болашақ
физика мұғалімдерін даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарында
жалпы физика курсын, физиканы оқыту әдістемесін оқытуда мектеп
оқулықтарын пайдаланбай жету мүмкін емес. Сондай-ақ, мектеп оқулықтарын
пайдалану білім алушыларды болашақта ӛздері меңгеруге тиіс біліктіліктер мен
дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік береді, келешекте оқытатын оқу
материалдарын үйренуге қызығушылық тудырады.
Болашақ физика мұғалімдерін заман талабына сай қалыптастыруда тағы
бір мәселе маңызды рӛл атқарады. Ол физиканың тарихи аспектілерінің
ӛркендеу сатылары. Бұл мәселелер жаңа физикалық теориялар мен
түсініктердің шығу тегіне дұрыс кӛзқарас қалыптастырады, себебі жаңа
түсініктерді енгізу мен жаңа теорияларды үйренудің даму тарихымен танысу
білім алушыларға олардың пайда болуы мен эволюция мотивтерін кӛрсетуге
мүмкіндік береді. Сонымен бірге, білім алушылардың пәнге деген танымдық
қызығушылықтарын туғызады. Болашақ
мұғалімдер, физиканың тарихымен
таныстырудың оқушылардың жеке
тұлғасына, олардың адамгершілік және
әсемдік тану сапаларына белгілі бір мӛлшерде әсер ететіндіктерін білулері тиіс.
Білім алушылар болашақ мұғалімдер даярлайтын педагогикалық жоғары
оқу орындарында оқудың алғашқы күнінен бастап студент болашақ мұғалімдік
позициясына кӛшулері қажет, ӛздерін мұғалім-тәрбиеші іс-әрекетіне
дайындауға бейімдеулері керек, немен шұғылдануды, қандай пәндерді оқып-
үйренуі және мектеп мұғалімі мамандығын алудағы мәнін білулері тиіс.
Сонымен оқытудың мақсатына жету білім алушының ӛзін тек объект
ретінде кӛрсету емес оқытудың субъектісі болуына тәуелді, яғни бұл процесте
оның ізденімпаздығы мен белсенділігі маңызды. Білім алушыларды
ізденімпаздық пен белсенділікке тәрбиелеудің олардың мұғалімдік
іс-әрекеттері
үшін мәні зор, себебі мұғалім оқу материалын еске түсіріп қана қоймай,
білімдерді ӛздігінен сабақта, сабақтан тыс іс-әрекеттерінде
әдістемелік жағынан
қайта ӛңдей алулары керек.
Қорыта келгенде, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ
физика мұғалімдерін ӛз ісінің білікті маманы етіп тәрбиелеу үшін барлық оқыту
процесін, жалпы физика курсы бойынша, әсіресе атомдық және ядролық
физика курсын кәсіби бағдарда оқытуды жүзеге асыру керек. Ол үшін барлық
оқытылатын оқу материалдары әдістемелік кӛзқарас тұрғысынан болашақ
физика
мұғалімдерінің
кәсібіне
деген
дайындықтарының
негізгі
сипаттамаларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс
қазіргі заманның талабына