Оспанбеков ербол анарбекович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/43
Дата09.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
қолданылды: 
Ақпараттық  мәдениет  –  кез-келген  ақпарат  кӛзін  –  анықтамаларды, 
сӛздіктерді,  энциклопедияларды,  теледидар  бағдарламаларын,  хабарларды 
(интернетті),  т.с.с.  талғамды  түрде  қарау,  алынған  мәліметтерді  ой  елегінен 
ӛткізіп,  талдай  білу  және  ӛзгелердің  еркіндігіне  әсер  ететін  жағдайларда  ӛз 
еркіндігін шектей білу. 
Анимациялық-компьютерлік  технология  –  компьютерде  дыбысты, 
ақпаратты,  тұрақты  және  қозғалыстағы  бейнелерді  біріктіріп  кӛрсету  үшін 
жинақталған  компьютерлік  технология.  Ол  ақпараттарды  кешенді  түрде 
бейнелеуді,  мәліметтерді  мәтіндік,  графикалық,  бейне,  аудио  және 
мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. 
Визуалды  техникалық  оқыту  қҧралы  –  білім  беру  саласындағы  слайд, 
видео  және  аудио  үлгідегі  мәліметтерді  білім  алушының  оңай  қабылдап, 
жадында мықтап сақтауына жағдай жасайтын техникалық оқыту құралы. 
Білім  мазмҧны  –  адамзаттың  педагогикалық  тұрғыдан  бейімделген 
әлеуметтік  тәжірибесі.  Оның  негізгі  құрылымдық  элементтері:  танымдық  іс- 
әрекет  тәжірибесі;  іс-әрекеттің  белгілі  тәсілдерін  жүзеге  асыру  тәжірибесі; 
шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесі;  эмоционалдық-құндылық  қатынастарды 
жүзеге асыру тәжірибесі. 
Интеграция 
– 
мазмұнның 
құрылымдық 
бӛліктері 
арасындағы  
байланысты жасайтын процесс. 
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты  – жоғары білім беру 
құрылымын,  мазмұнын  және  жоғары  білімнің  негізгі  бағдарламаларының 
кӛлемін анықтайтын құжат. 
Ҥлгілік оқу жоспары  – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартының  құрамдас  бӛлігі  болып  табылатын,  оқу  пәндерінің  тізбесі  мен 
кӛлемін  регламенттейтін,  оқу  жүктемесінің  инварианттық  және  вариативтік 
компоненттерін  белгілейтін  және  бастауыш,  негізгі  орта  білім  беру 
деңгейлерінде  оқыту  тілін,  жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  оқыту  тілі  мен 
бағытын  сипаттайтын  нормативтік  құқықтық  акт;  білім  беру  ұйымдарының 
қызметін қаржыландыру үшін негізгі құжат. 
Оқу  бағдарламасы  –  үлгілік  оқу  жоспарының  инварианттық 
компонентіне  енетін  әрбір  оқу  пәні  бойынша  білім,  шеберлік  және  дағды 
мазмұны мен кӛлемін анықтайтын құжат. 
Оқыту  әдістері  –  білім  берудің  мақсатына  жетуге  бағытталған  оқытушы 
мен білім алушының белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым- 
қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдері. 
Оқыту  технологиясы  –  қойылған  мақсатқа  тиiмдi  жолмен  қол  жеткiзудi 
қамтамасыз  етушi  жүйе  (оқытудың  формаларын,  әдiстерi  мен  құралдарын 
қамтитын)  ретінде  кӛрiнетiн  оқу  бағдарламаларында  айқындалған  бiлiм 
мазмұнын жүзеге асыру тәсiлi. 



 
Педагогикалық  технология  –  бүгінгі  қоғам  талаптарына  сәйкес  білім 
мазмұнын жүзеге асыру үшін білім беру мақсаттарына жету жолындағы тұтас 
дидактикалық жүйе құрайтын тәсілдер мен іс-әрекеттер тізбегі. 
Тҧлға  –  жеке  адамның  ӛзіндік  адамгершілік,  әлеуметтік,  психологиялық 
қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан- 
жақты  сипаттайтын  ұғым.  Aдамның  әлеуметтік  қасиеттерінің  жиынтығы, 
қоғамның  даму  жемісі  және  белсенді  қызмет  ету  мен  қарым-қатынас  орнату 
арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. 



 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР 
- Қазақстан Республикасы 
ҚР МЖМБС 
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім стандарты 
ЖОО 
- жоғары оқу орны 
ҚазҰПУ 
- Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
ОӘК 
- оқу-әдістемелік кешен 
ӚЖ 
- ӛзіндік жұмыс 
СӚЖ 
- студенттің ӛзіндік жұмысы 
СОӚЖ 
- студенттің оқытушымен ӛзіндік жұмысы 
IT 
- ақпараттық технология 
АЭС 
- атом электр станциясы 
WWW 
- World Wide Web (дүниежүзілік тармақталған 
ӛрнек) 



 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің 
өзектілігі. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біздің  жастарымыз 
оқуға,  жаңа  ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім  мен 
технологияны күнделікті ӛмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін 
барлық  мүмкіндіктерді  жасап,  ең  қолайлы  жағдайлармен  қамтамасыз  етуіміз 
керек», - деп білім саласының алдында тұрған зор міндеттерді айқындап берді 
[1]. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың тұрақты 
дамуы  үшін  білім  сапасын  арттыру  арқылы  адами  капиталды  дамыту  міндеті 
алға қойылып отыр [2]. Бұл аса жауапты міндеттер. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттері  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 
ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, 
дамытуға  және  кәсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  алу  үшін  қажетті 
жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім 
беру  бағдарламаларының  қоғам  мен  еңбек  нарығының  ӛзгеріп  отыратын 
қажеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін  кредиттік,  қашықтықтан  оқыту, 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» 
болып табылатындығы атап кӛрсетілген [3]. 
Қазіргі  кезде  білім  беру  жүйесінде  дәстүрлі  педагогикалық,  әдістемелік 
және  дидактикалық  жүйелерге  қарағанда  оқытудың  жаңа  технологияларын 
пайдалану  барған  сайын  неғұрлым  үлкен  мәнге  ие  болуда.  Жаңа  оқыту 
технологияларын 
білім 
беруге 
пайдаланудың 
тиімділігі 
бірнеше 
компоненттерден  құралады,  олардың  ең  негізгілері  денсаулық  сақтаушы  орта 
және  топ,  ұжымдағы  қарым-қатынастың  нәтижелілігі  және  білімді  бағалауды 
қамтитын, яғни оқыту үдерісінің тиімділігін арттыратын технологиялар болып 
табылады. 
Заманауи  жаңа  педагогикалық  міндеттердің,  дағдылы  кӛзқарастардың 
пайда болуының келесідей елеулі негіздері бар. Біріншіден, білім беру кенеттен 
постиндустриялдық  қоғам  саясатына  сай  кӛпшілік  сипат  алып  және 
пайдаланушы  сұранысының  артуына  орай  берілетін  білім  деңгейі  сапасының 
жақсартылуын  талап  етеді.  Екіншіден,  бұл  жаңа  оқу  саясатының  қалыптасуы 
адамзат  ӛмірінің  барлық  саласында,  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  оқыту 
құралдарында  кӛрініс  табады.  Былайша  айтқанда,  қазіргі  заманғы 
педагогикалық парадигма танымның гуманистік-рефлексивтік әдістері түріндегі 
ғылыми  дүниетанымдық  кӛзқарасқа  негізделеді.  Үшіншіден,  қазіргі  заманғы 
ақпараттық  құралдар  мен  телекоммуникация  құралдары  білім  алушыларға  әр 
пәннің  қиындық  дәрежесі  мен  олардың  ӛмірге  кӛзқарасының  сабақтастығын 
анықтап, болашағын таңдауға мүмкіндік береді. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау