22
Э. Мамбетакуновтың моделінде қамтылған 4 компонент: әлеуметтік-
экономикалық, мәдени даярлық; ғылыми-теориялық даярлық; психологиялық-
педагогикалық даярлық; кәсіптік-педагогикалық (әдістемелік) даярлық
педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін
даярлауда маңызды болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық, мәдени даярлық компоненті жұмыс оқу
жоспары бойынша негізінен жалпыға міндетті пәндер модуліне кіреді. Ал
ғылыми-теориялық даярлық компоненті әрбір мамандыққа қатысты арнайы
пәндер модуліне жатады. Психологиялық-педагогикалық даярлық кәсіби
пәндер модулінің міндетті компоненті болып табылады. Кәсіптік-
педагогикалық (әдістемелік) даярлық пәнді ӛткізу барысында қолданылатын
әдістемелік жүйе.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда педагогикалық жоғары оқу орындарының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу жұмыс жоспарын
жасағанда осы талаптар ескерілсе, бакалавр академиялық дәрежесін игерудің
минимал мазмұны қамтылған болар еді. Әрине болашақ мұғалімнің жоғарыда
белгіленген құзыреттілігін қалыптастыру ӛте күрделі әрі кӛп уақытты қажет
ететін, сондай-ақ оқытушылардан кешенді жұмыстарды атқаруды кӛздейтін
процесс.
Біз мұғалімнің кӛп қырлы құзыреттілігінің ішінен психодидактикалық
құзыреттілікті бӛліп алып, оның ішінен білім берудің психодидактикалық
модельдеріне жаңа білім беруге жасалған психодидактикалық мәселелерге
тоқталуды жӛн кӛрдік. Ӛйткені қазіргі уақытта заманауи технологиялар
жоғарыда аталған модельдер мен мәселелерді практикалық тұрғыдан іске
асырудың жолдары болып есептеледі.
І. ХХІ ғасырға дейін жасалған, мектеп практикасына енгізілген оқытудың
психодидактикалық модельдері 2-суретте кӛрсетілген [56].
2-суреттегі модельдердің әрбіреуіне қысқаша тоқталайық.
1. Оқытудың мұғалім тарапынан ақпарат беру және білім алушылар
тарапынан қайталап, есте сақтап қалу моделі. Бұл модельді қолданған жағдайда
мұғалім білім мазмұнын білім алушыларға даяр күйінде береді, ал білім
алушылар болса берілген білімді даяр күйінде қабылдап алып, есінде сақтайды
және еш ӛзгертусіз қайталап айтып береді. Оқытудың бұл түрі иллюстрациялап
түсіндіру және репродукциялау әдістерімен байланысты.
2. Оқыту барысында жаңа оқу материалын қалыптастыру, үйрету моделі.
Бұл оқушылардың ойлау қабілеті мен ойлау әрекетін кезең-кезеңмен
ұйымдастырып, іске асырумен байланысты. Бұл модель белгілі психологтар
П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызинаның және психодидакт А.В.Усованың
теориясымен тығыз байланысты.
3. Оқытуды дамыту моделі. Бұл оқушылардың теориялық ойлау қабілетін
қалыптастыруға, басқаша айтқанда абстракциялық ойлаудан нақты білімге ие
болу теориясын кӛздейді. Мұндай теория оқу материалының мазмұнын
теориялық тұрғыдан жалпылау деп аталады. Бұл теория кӛрнекті психологтар
В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконинге тән.
23
Сурет 2- Мектеп практикасына енгізілген оқытудың психодидактикалық
моделі
4. Білім беруді белсендіру моделі. Мұнда басты назар оқушылардың ӛз
беттерінше білім алу іскерлігін белсендіруге, алған білімдерін практикада
қолдана білуге аударылады. Мұнда оқу материалын меңгертуде проблемалық
жағдаятты қолдану, оқушылардың ӛз беттерінше жұмыстарын ұйымдастыру
және т.с.с. жұмыстар ұйымдастырылады.
5. Білім беруді оңтайландыру моделі. Мұндай модельдің басты кӛрсеткіші
қысқа уақыт ішінде оқытуды оптималдандыру жолдарын пайдаланып, білімнің
жоғары сапасын қамтамасыз ету. Бұл Ю.К. Бабанскийдің оптимизация
теориясына тиесілі.
6. Кіріктірілген (интеграцияланған) оқыту моделі. Мұнда оқытудың негізгі
мақсаты
оқушылардың
санасында
әлемнің
ғылыми
сипаттамасын
қалыптастыру болып табылады. Оның алғашқы кезеңі тектес пәндерді
пәнаралық сипатта байланыстырып оқыту болса, соңғы кезеңі оқушылардың
табиғат жайындағы білімдерін кіріктіру болып есептеледі. Бұл білім беру
мазмұнының жаңа технологиясын кіріктіру арқылы іске асады.
7. Бағдарланған оқыту моделі. Бұл модельді оқытудың барлық кезеңінде
тұлғаны дамытуға бағытталған модель деп айтуға болады. Сонымен қатар, бір
жақты емес, екі жақты іс-әрекет орын алады. Мұнда оқушының басқа оқушыға
қатысты қабілеті
ескеріледі. Оқыту
процесі гуманистік
жағдайда
дифференцияланған жағдайда жүргізіледі. Түсіндіру процесі ғана емес, бірлесіп
түсіну процесі де іске асады.
Оқытудың
ақпарат беру
моделі
1
Оқытуды
дамыту
моделі
3
Білім беруді
оңтайландыру
моделі
5
Оқытудың
интеграцияланған
моделі
6
Бағдарланған білім берудің технологияларының интеграцияланған моделі
Білім беруді
белсендіру
моделі
4
Еркін білім алу
моделі
8
Бағдарланған
оқыту моделі
7
Оқытудың
қарастыру
моделі
2
Білім берудің дәстүрлі модельдері
24
8. Еркін білім алу моделі. Бұл адамдардың ӛзі қызығушылық білдірген
білім жүйесіне тиісті дағдыларды игеріп, оларды дамытуға байланысты жеке
талабын қанағаттандыру. Мұндай модельге жеке адамды музыкаға үйрету, тігін
тігуге үйрету, жеке пәндерді жаттықтырушы жалдап үйрену және т.б.
жатқызуға болады.
Білім берудің және білім алудың жоғарыда кӛрсетілген модельдері
бірнеше жыл бұрын практикаға енгізілген әрі олар практикада іс жүзінде
сыналған. Олардың кейбірі ӛз алдына жеке, ал кейбірі бір-бірімен біріге
пайдаланылып келеді.
ІІ. Білім беру модельдерін іске асыруға арналған психодидактикалық
әдістер.
1. Проблемалық оқыту – мәні проблемалық ситуация туғызу мен
оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін
басқару болып табылатын оқыту түрі.
2. Программаланған оқыту – бұл педагог (немесе оны алмастыратын
оқытушы машина) сияқты оқушылардың да әрекеттері қарастырылған, алдын
ала дайындалған программа бойынша оқыту.
3. Проблемалық программалап оқыту – жоғарыдағы екі әдісті біріктіріп
қолдану.
4. Жүйелік-функционалдық әдіс. Білім жүйесінің элементтерін бӛліп алып,
және оның әрбір функциясына байланысты оқыту әдісі.
5. Жүйелік-құрылымдық әдіс. Білімнің жалпы құрылымына талдау жасап,
оны теориялық құрамымен салыстырып оқыту.
6.Жүйелік-логикалық әдіс. Білімдер жүйесі элементтерінің логикалық
байланысына қарай оқыту.
7. Ойын арқылы оқыту әдісі. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі
формасы, әрі әдісі. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің ӛзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады.
8. Коммуникативтік әдіс. Бұл әдістің негізінде оқушылар жұппен, топпен,
ұжыммен жұмыс істеуге дағдыланады. Оның нәтижесінде оқушылардың
шығармашылық қабілеттері дамиды, пәнге қызығушылықтары артады.
9. Пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдісі. Мұндай әдістің мақсаты
басқа оқу пәндерінен алған білімдерін ӛзара байланыстыру, біріктіру және
жүйелеу болып табылады.
10. Демонстрациялық-техникалық әдіс. Бұл әдіс арқылы заттар мен
құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-
фильмдерден, диафильмдерден кӛрсетіледі. Бұл әдістің сапасын кӛтеруге,
объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді
жақтарына оқушылардың кӛңілін аударуға, сонымен қатар әдістерді педагогтың
біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданады.
11. Практикалық әдіс. Бұл әдістің басты мақсаты алған білімдерін әртүрлі
жағдайларға қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Олар графиктік, сандық,
сапалық, эксперименттік есептерді шығару арқылы орындалады. Бұл әдіс
Достарыңызбен бөлісу: |