Оспанбеков ербол анарбекович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/43
Дата09.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43

17 
 
–  жоғары  кәсіптік  білімнің  келесі  сатысында  білімін  жалғастыруға 
қабілетті болуы керек [45]. 
Қазіргі  әлем  түбегейлі  ӛзгерген  жүйе  іспеттес,  оның  ішінде  адамзат 
ӛмірінің  барлық  саласы  түгелдей  дерлік  сапалық  жағынан  қайта  түрленуде. 
Зерттеушілердің  бағамдауы  бойынша,  XXI  ғасырдың  басындағы    ӛркениетке 
тән ерекшелік постиндустриалды - «білім қоғамына» ӛту болып саналады, онда 
елдің  дамуындағы  жетекші  бағыт  ретінде  ақпараттық  және  білімдік  ресурстар 
алға шығады. 
Демек,  бүгінгі  таңдағы  заманауи  құндылықтар  жүйесінде  адами  фактор 
басымдыққа  ие  болып  отыр.  Осыған  байланысты  білім  беру  жүйесі  тұтастай 
жаңа  сапалық  деңгейге  ӛту  кезеңін  бастан  кешіруде.  Бұған  ӛз  шешімін  талап 
ететін 
қарама-қайшылықтар 
себеп 
болып 
отыр. 
Оқыту 
үдерісіне 
жаңашылдықтарды енгізуге оқытушылардың әдістемелік тұрғыдан талапқа сай 
қамтамасыз  етілмеуі  кедергі  келтіреді.  Осыдан  барып  білім  беру  жүйесіне 
қарағанда қоғамның дамуы тезірек болып, соның салдарынан білім беру жүйесі 
заманауи талаптарға жауап бере алмайтындай жағдай туындайды [46]. 
Жоғары білім берудің  мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандарты  – жоғары 
білім берудің және оқытудың мазмұнын айқындайды, білім алушылардың оқу 
жүктемесінің  ең  жоғары  кӛлеміне  және  даярлау  деңгейіне  қойылатын 
талаптарды  белгілейді.  Жоғары  оқу  орындары  жоғары  кәсіби  білім  беру 
мамандықтары  бойынша  мемлекет  бекіткен  стандарт,  оқыту  бағдарламалары 
мен  нормативтік  құжаттарға  сәйкес  әлемдік  бәсекеге  қабілетті  мамандар 
даярлауды іске асырады. 
Барлық  білім  беру  мекемелері,  студенттер,  ұйымдар  мен  кәсіпорын 
басшылары,  яғни  кадрларды  тұтынушылар  мемлекет  бекіткен  мамандық 
бойынша  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  стандартын  қолданады.  Жоғары 
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын оқу орындарында оқу 
жұмыс  жоспарлары  мен  білім  беру  бағдарламаларын  жасауға,  оқу  процесін 
ұйымдастыруға,  оларды  кафедралар  мен  институттарда  іске  асыруды 
қадағалауға,  сондай-ақ  студенттердің  сабақ  үлгерімін  бақылауға  пайдаланады. 
Оқу орындарында маман даярлауды жүзеге асыру немесе оны тоқтату бойынша 
ұсыныстар  жасау,  білім  сапасын  сараптап  бағалауды  жүргізуде  басты  назарда 
ұсталатын  және  негіз  болатын  басты  құжат  білім  беру  стандарты  болып 
табылады.  Білім  стандарты  талаптарын  сақтауға  Қазақстан  Республикасының 
барлық  ЖОО-ы  міндетті,  яғни  осы  білім  стандарты  негізінде  белгілі  сала 
бойынша болашақ мұғалім мамандарын даярлау жүзеге асырады. 
Жалпы білім беретін пәндер циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады 
және  таңдау  компоненттерін  де  қоса  алады.  Базалық  пәндер  және  бейіндеуші 
пәндер  циклдері  міндетті  компонентті  және  таңдау  компонентін  қамтиды. 
Міндетті  компонент  -  жалпы  мәдениеттік,  жалпы  мемлекеттік  мәні  бар  білім 
беру  бағдарламасының  және  жалпы  мамандықтың  елдің  бірыңғай  білім  беру 
кеңістігін қамтамасыз ететін іргелі ӛзегі болып саналады. Міндетті компонент 
пәндерінің  тізбесі  үлгілік  оқу  жоспарымен  айқындалады.  Міндетті  компонент 
пәндерінің кӛлемін қысқартуға жол берілмейді. Таңдау компоненті нақты 


18 
 
ӛңірдің  әлеуметтік-экономикалық  даму  ерекшелігі  мен  еңбек  нарығының 
сұранысын,  нақты  жоғары  оқу  орнындағы  ғылыми  мектептің  қалыптасуын, 
сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді. Таңдау компоненті 
пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны ӛзі анықтайды. 
Базалық  пәндер  цикліндегі  пәндер  кӛлемі  үлгілік  оқу  жоспарындағы 
пәндердің жалпы кӛлемінің 50%-ін немесе 64 кредитті құрайды, оның ішінде 20 
кредит  міндетті  компонент  пәндеріне  және  44  кредит  таңдау  компоненті 
пәндеріне бӛлінеді [47, б. 29]. 
Болашақ  мұғалімнің  кәсіби  бейімделу  аясына  негізінен  мыналар  кіреді: 
кәсіби  бағдар,  кәсіпке  дайындық,  кәсіби  орнығу,  мамандық  бойынша  білім 
алушылардың  білім  алу  ерекшеліктері,  еңбек  жағдайлары.  Бірақ,  әр  түрлі 
бейімделу  түрлері  маманның  қалыптасуына  әр  түрлі  әсер  етеді.  Оның  ең 
негізгісі кәсіпке бейімделу болып табылады. 
Болашақ  мұғалімнің  даярлығын  қалыптастыру  кӛптеген  ғалымдардың 
зерттеулерінде қарастырылып, ӛзекті мәселеге айналып отыр. 
Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  мәселелері  Э.  Мамбетакуновтың  [56], 
Б.Д.  Сыдықовтың  [12],  С.С.  Маусымбаевтың  [33],  А.  Опабекованың  [35],  Г.Б. 
Алимбекованың  [37],  О.С.  Сатыбалдиевтың  [48],  С.Н.  Нуркасымованың  [49], 
А.А. Шаповаловтың [50], А.Н. Величконың [51], А.А. Вербицкийдің [52], В.С. 
Елагинаның  [53],  Н.Н.  Трофимованың  [54],  А.В.  Усованың  [6],  және  т.б. 
зерттеулерінде  кӛрініс  тапқан.  Олардың  еңбектерінде  физика  пәні 
мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру [37], жоғары оқу орнында болашақ 
жаратылыстану  пәндері  мұғалімін  кәсіби  даярлау  теориясы  мен  практикасы 
[33],  білімдерді  интеграциялау  жүйесінде  физика  және  IT  пәндерін  оқытуға 
мұғалімдерді  даярлаудың  әдістемелік  жүйесі  [49],  болашақ  мұғалімдерді 
даярлайтын жоғары оқу орындарында ғылым негіздерін оқытудың әдістемелік 
жүйесі  [48],  сандық  модельдеу  технологиясы  негізінде  болашақ  физика 
мұғалімдерін  даярлау  ерекшеліктері  [35],  болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық- 
компьютерлік  және  математикалық  модельдеу  негізінде  кәсіби  дайындау 
жүйесі [12], физика мұғалімінің кәсіби зерттеу іскерлігі [51], жоғары мектепте 
оқытудың белсенді әдістерін қолданудың контекстік тәсілі [52], жаратылыстану 
ғылыми  пәндер  мұғалімдерін  мектепте  пән  аралық  байланысты  жүзеге  асыра 
білуге  даярлаудың  теориялық-әдістемелік  негіздері 
[53],  мәселелік- 
эвристикалық  есептер  жүйесі  арқылы  білім  алушылардың  талдау  және 
синтездеу сияқты ойлау амалдарын дамыту [54], білім беруді модернизациялау 
жағдайында  білім  алушыларды  –  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби-педагогикалық 
даярлау  [6],  физика  мұғалімін  кәсіби  даярлау  жүйесіндегі  конструктивті- 
жобалық дағдылық және т.б. мәселелер зерттелген. 
Жоғарыда  аталған  зерттеулер  жаратылыстану  пәндерін  оқытудың 
теориясы  мен  әдістемесі  бойынша,  сондай-ақ  болашақ  мұғалімдерді 
даярлаудың  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  ғылыми  ізденістер  негізін 
қалауға  мүмкіндік  береді.  Алайда,  бұл  ғылыми  еңбектерде  «Атомдық  және 
ядролық  физика»  курсын  орта  мектепте  оқытуға  мұғалімдерді  даярлаудың 
әдістемелік негіздері жеткілікті зерделенбеген. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау